Спартактың көтерілісі Ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды. Дүние жүзі тарихы. 5 сынып, дидактикалық материал.


Спартак көтерілісі – Ежелгі Римде б.з.б. 73/74 – 71 жылы болған құлдар көтерілісі. Көтерілісті құлдыққа сатылып, Капуядағы гладиаторлар мектебіне түскен Спартак басқарған. Ол ежелгі авторлардың айтуынша римдіктерге тұтқынға түскен дакиялық тайпа көсемінің баласы болған. Көтеріліс барысында Спартак өзін шебер ұйымдастырушы әрі талантты қолбасшы ретінде көрсетті. Оның жасағының саны аз уақыт ішінде 10 мыңнан 70 мыңға дейін жетіп, көтеріліс Кампаниядан Италияның оңтүстік аймақтарына жедел тарады. Б.з.б. 72 жыды Рим сенаты көтерілісшілерге қарсы екі консул (Г.Лентул, А.Гелий) әскерін жіберді. Бірақ бұлар Спартактан күйрей жеңілді. Спартак армиясының жеңісі Римнің іргесін шайқалтып кетті. Жер-жерде құлдар өз иелеріне қарсы көтеріліп, имениелерді өртеді, көтерілісшілерге қосылу үшін қашып жүрді. Көтерілісшілер Адрия теңізінің жағалауымен бүкіл ИталияЦизалпия Галлиясына дейін жетіп, Мутина маңындағы шайқаста Рим проконсулы Кассий әскерін күл-талқан етті. Рим сенатынан маза кетті. Олар көтерілісті басу үшін елдегі бүкіл әскерді жұмылдыруға кірісті. Құл иеленушілерден арнайы әскер жасақтала бастады. Оңтүстікке қарай бұрылған көтерілісшілерге қарсы жаңадан Красс армиясы, кейін Испаниядағы Гней Помпей басқарған армия, Фракиядан Марк Лукулл жасағы жіберілді. Апуллия мен Лукания шекарасындағы шайқаста (71 жыл, көктемде) Спартак армиясы күйрей жеңілді, өзі қаза тапты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу