Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4B бөлімі –

Рим дәуірлер тоғысында

Мектеп: НЗМ, ФМБ, Орал қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иргалиев С.С.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

Сабақтақырыбы

Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау

5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктерін анықтау

 Бағалау критерийлері

Кемінде 3 аргумент келтіріп, экономика мен саясаттың ежелгі ғылым, жазу, өнерге әсерін анықтау.

Кемінде 3 аргумент келтіріп, ғылым, жазу, өнердің ежелгі қоғамның дамуындағы рөлін анықтау.

Ежелгі әлемнің мәдениеттер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар табу (Мысыр, Грекия,Рим, Үнді)

 Концепт

маңыздылық

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Дерек көздерді талдап, бағалау үшін, тарихи пайымдауды, себеп пен салдарды, өзгеріс пен сабақтастықты зерттеуде тарихи терминдерді дұрыс пайдаланаалады

 Құндылықтарды

 дамыту

 

Дүние жүзі тарихын ардақтау, патриотизм, рухани тәрбиелеу, отансүйгіш, намысшыл сезімін тәрбиелеу, шыңдыққа ұмтылу талапты қалыптастыру. Спартак көтерілісінің себептері мен зардаптарын аша отырып, оқушылапды жалпы адамзаттық құндылықтардың \бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара келісім, т.б.\ мәні мен мазмұнын түсінуге бағыттау.

 Пәнаралық байбайланыстар

География пәні: 7 сынып, Еуразия материгі

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта зерттеулер барысында материалды визуализация үшін пайдалану.

Бастапқы білім

Ежелгі Римдік қоғамның дамуы мәдениет арқылы қалай айқындалады?

Римдегі білім, ғылым және мәдениеттің дамуы

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

15 мин

15 мин

5 мин

Миға шабуыл.

Оқушылармен бірге келешек ұрпаққа хат жазыңыз, оны құтыға салып, осы хаттың болашақ үшін қандай маңызы болатыны туралы сұраңыз.

Қоғам өмірінде хат-хабарды (ақпаратты сақтау және алмасу, коммуникация, әдебиет, заңдар) қолданудың үлгісін жасау бойынша топтар арасында сайыс ұйымдастырыңыз

Бұл тапсырма оқушыларға түрлі өркениеттердің бір-бірінің идеяларына қаншалықты негізделе алғанын зерделеуге мүмкіндік береді. Олар сауданың арқасында бір-бірімен идея алмасып отырған. Адамзат бір-бірінен шалғай орналасқан өркениеттерде ұқсас тұжырымдамаларды (жазу секілді) дамытты. Пиктограммалар сөзді құрайтын дыбыс немесе фонемалар тобы емес, тұтас сөздерді білдіретін символдар болып табылады.

Ежелгі Шумердегі жазу үлгісін, қытай иероглифін, финикий жазуын көрсетіңіз,.

Қай жазу үлгісі түсініктілеу, неге?

Иероглифтік және алфавиттік жазудың ерекшеліктері жайлы әңгімелеңіз және мына сұраққа жауап беріңіз: шумерліктер не туралы жазды, неліктен ежелгі жазуларды түсіну, оқу қиын?

Әр оқушыға тік төртбұрыш түріндегі қыш кесегін немесе ермексаз бен үшкір таяқшалар беріңіз. Олар форма, стиль, логограмма, алфавит әріптерімен бірнеше минут сынақ жүргізіп, хаттың ежелгі жазбаға ұқсас формасы мен стиліне қарай бір нәрсе жазуы керек.

Топтарға «Ежелгі дүние ғажайыптарының арасындағы Еленаны ұрлау панорамасы» суретін көрсетіңіз, мұның «Әлемнің жеті кереметі туралы топтамадан» екенін айтпаңыз.

Жұптардан суретте не болып жатқаны туралы болжамдарын талқылауын сұраңыз. Қысқаша талқылаудан соң бірнеше жұптан сыныпқа идеяларын айтуын сұраңыз.

Оқушыларды топқа бөліп, оларға әлемнің жеті кереметін бір немесе екеуден зерттеуге бөліп беріңіз. Оларға өз зерттеу нысандарының ұлылығы мен маңыздылығы жайлы мәліметтер жинау қажеттілігін түсіндіріңіз.

Оқушылардан әлемнің жеті кереметінің біріне саяхат үшін жарнама жазуын сұраңыз.

Суреттерге қайта оралып, оқушылардан әлемнің жеті кереметінің қайсысын атай алатынын, бұл ұғымды алғаш кім енгізіп, сипаттағанын сұраңыз.

Топтардың өз тұжырымдарын сыныпқа айтуын, содан кейін берілген нысан бойынша дәлелдері нақты болған үш зерттеу жұмысына дауыс беруді сұраңыз.

Қазіргі әлемді жасаған ежелгі адамдар ма

Қазақстан ежелгі өркениеттердің өнертабыстары мен технологияларына арналған арнайы ескерткіш маркаларын шығарғалы жатқанын айтыңыз. Топтар ежелгі технологиялар, өнертабыстар туралы зерттеу портфолиосын (папкасын) құрастырып, қандай да бір өнертабыстың маңыздылығын дәлелдеуі қажет.

«Тарихи маңыздылық» терминін талқылау; портфолио құрастыру бойынша іс-әрекеттің табыстылық критерилері: үздік портфолионың бөліктері қандай болады? дереккөздерді іріктеуге қатысты ережелер қандай? жұмыстың форматы қандай болуы керек?

Зерттеуге және есеп жазуға уақыт беріңіз. Белгіленген уақыттан соң оқушыларға өз портфолиосын сыныпқа таныстыруын сұраңыз.

Оқушылармен ежелгі дүниенің қандай өнертабыстары барынша маңыздырақ екенін шешу үшін жұмыстың қай элементі барынша қажетірек екенін талқылаңыздар.

Оқушылар ежелгі дүниенің өнертабыстары, ғылыми жаңалықтары және технологияларының маңыздылығын дәлелдейтін фактілерді анықтайды

Жеті керемет: Ұлы Гиза пирамидасы; Вавилонның аспалы бақтары; Эфестегі Артемида ғибадатханасы; Олимпиядағы Зевс мүсіні; Мавсол мазары (Галикарнастағы кесене); Родосс алыбы және Александрия шамшырағы. Олар саяхатшыларға арналған ежелгі мәтіндерге инженерлік іске, өнер мен сәулет өнерін үйрену үшін баруға кеңес берілетін орындар ретінде қосылған.

Жеті кереметтің алғашқы тізімін жасаған Сидоннан шыққан Антипатра деген пікір бар, алайда Византиялық Филон, Страбон, Геродот және сицилиялық Диодорос та өздерін ғажайыптар тізімін жасаған адамбыз деп мәлімдеген болатын.

Тарихи маңыздылығын бағалау үшін Партингтон үлгісінің критерийлерін негіз ретінде пайдалана аласыздар:

  • Маңыздылық – өткен кезеңдердегі адамдар үшін
  • Көлемі – адамдардың өміріне қаншалықты мол ықпал жасалды
  • Сапасы – адамдардың өмірі қалай өзгерді
  • Ұзақтығы – уақыттың қай аралығында ықпал жасалды
  • Өзектілігі – қазіргі кезеңдегі маңыздылығы

Қосымша тапсырма ретінде маңыздылығын түсіндіру қиын жәдігерлердің асыра көрсетілін қарастыру үшін Mythbusters (мифтерді жоюшылар) сайтына кіріңіздер

Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі:

- оқушылардың портфолиосын бағалау (мазмұнын, дәйектілігін, дереккөздердің іріктелуін)

Маған ұнады

Мен үшін жаңалық

Маған қиын болды

ғажайыптарының арасындағы Еленаны ұрлау панорамасыhttp://www.google.com/culturalinstitute/asset-viewer/panorama-with-the-abduction-of-helen-amidst-the-wonders-of-the-ancient-world/GAH7fweqSmKL4w?hl=en#!asset-viewer:l.id=GAH7fweqSmKL4w&hl=en&urlStub=Panorama%20with%20the%20Abduction%20of%20Helen%20Amidst%20the%20Wonders%20of%20the%20Ancient%20World

Балунн пікірталастар ережелеріhttp://en.wikipedia.org/wiki/Balloon_debate

Википедия сайты өте пайдалы, ол оқиғалардың хронологиясын, әр нысанның қашан салынғанын, картасын қамтиды. http://en.wikipedia.org/wiki/Seven_Wonders_of_the_Ancient_World

Тарих арнасының вебсайтыhttp://www.history.com/topics/ancient-history/sevens-wonders-of-the-ancient-world

Howstuffworks сайтында гректердің «темата» (өз көзіңмен көруің қажет заттар) деп атаған заттарының барлығы қамтылған парақша барhttp://adventure.howstuffworks.com/seven-wonder-ancient-world.htm

«Әлемнің жеті кереметі» әлемдік турhttp://www.unmuseum.org/wonders.htm

NationalGeographic суреттер коллекциясы: жаңа ғажайыптар және ежелгі дүние ғажайыптарыhttp://news.nationalgeographic.com/news/2007/07/photogalleries/seven-wonders/

Ежелгі дүниенің отыз бір сәулет өнері ғажайыбы http://www.amazeingart.com/seven-wonders/maze-book-summary.html

«Өркениеттің көріністері» сайтында шумерлердің жетістіктері http://www.mitchellteachers.net/WorldHistory/MrMEarlyHumansProject/MrMSumerianCivilizationAchievements.html

Тарихи маңыздылығыТарих қауымдастығының тарихи маңыздылық туралы ресурстар жиынтығы http://www.history.org.uk/resources/secondary_resource_2474_61.html

Мифтерді жоюшыларhttp://io9.com/5554053/five-ancient-technologies-that-were-ahead-of-their-times

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудең кейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

ДенсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуыСабақ бойы интербелсенді тақта 10 минут көлемінде пайдаланылды. АКТ тек бейнебаян, презентация

Саралап оқытуды әр түрлі тапсырмалар арқылы еңгізу. Қабілеті жоғары оқушыларға бағалау критерийлерді құрастыру тапсырмасын беру.

Формативті бағалау тапсырмалар арқылы беріледі.

Сабақбойыншарефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты дұрыс қойылды. Оқушылар барлық мақсатқа жетті. Картамен жұмыс жақсы өтті. Берілген кезеңге шолу жақсы жасалды. Оқушылар тақырыпты түсініп қортында жасады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:CLIL бойынша тапсырмалар: скафолдинг, бейнебаян көру.

2: Зерттеу жұмысы топта жақсы жүргізілді.

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: CLIL әдістерін көбірек қолдану.

2: Ресурстардың әр-түрлілігі.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір орыс тілдес сыныбының оқушыларына тапсырмаларды дайындау уақытында қосымша уақыт керек. Соны келесі сабақ жоспарлағанда ескертемін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу