Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Бекітілді __________________

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

5.4.В Рим ғасырлар тоғысында

Мектеп:

Мұғалім

5A

5B

5C

5D

5E

Күні

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 2. Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.2.4.1 Ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау

5.2.2.3 Ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру

5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

Тарихи концепт

Маңыздылық

Бағалау критерийлері

Кемінде 3 аргумент келтіріп, экономика мен саясаттың ежелгі ғылым, жазу, өнерге әсерін анықтау.

Кемінде 3 аргумент келтіріп, ғылым, жазу, өнердің ежелгі қоғамның дамуындағы рөлін анықтау.

 Сабақтың мақсаттары

Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктерін анықтау

Оқу мақсаттарын жетуді бағалау критерийлері

Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктеріне кемінде 3 аргумент келтіру

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: жазу, ғалам ғажаптары, ғылым

Диалог/жазылым үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестері:

Жазудың пайда болуы … байланысты.

Ғылымның дамуы … байланысты.

Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қазігі қоғамға әсер етті, себебі ...

Әлемнің жеті кереметі ежелгі дүниенің мәдени мұрасына дәлел болады: ...

 Құндылықтар

Еркіндік, өмір, толеранттылық, сенімге деген төзімділік

 Пәнаралық байланыс

Әдебиет пен Қазақстан тарихымен пәнаралық байланыс орнайды.

Алдыңғы білім

Оқушылар ағымдағы жылы алған білімдеріне сүйенеді, соның ішінде Рим империясының құрылуы мен өркендеуі туралі білімдері монотеистік діннің қуғын-сүргін кезеңіне қарамастан өзін нығайта алғанын және оның империяға елеулі әсер еткенін түсінуге ықпал етеді.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеттері

Оқушылардың іс-әрекеттері

Бағалау

Мұғалім ескертпелері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

Ой шақыру:

Оқушыларға бірқатар суреттер (ежелгі дәуір жетістіктері) ұсынылады.

Мұғалімнің сұрағы: Бұл суреттер нені бейнелеп тұр?

Мұғалім оқушыларға сабақ мақсаты мен мақсатқа жету жолдарын анықтауды ұсынады.

(ПСМ) Мүғалім оқушылармен бірге болашақ ұрпаққа жолдау хатын жазады. Оны бөтелкеге салып, сұрақ қояды: бұл хат болашақта қандай маңызға ие болады?

Қоғам өмірінде хат-хабарды (ақпаратты сақтау және алмасу, коммуникация, әдебиет, заңдар) қолданудың үлгісін жасау бойынша топтар арасында сайыс ұйымдастыру

Оқушылар жауаптарын ұсынады: бұл суреттер ежелгі адамдардың тұрмысымен және мәдени жетістіктерімен байланысты.

Оқушылар болашақ ұрпаққа жолдау хатын жазып, келесі сұраққа жауап береді: бұл хаттың болашақта қандай маңызы болады? Оқушылар топта іс-әрекеттер тізімін құрады (сипаттама, баяндау хат, досына арналған хат т.б.)

Оқушылар сабақтың тақырыбын анықтап, сабақ мақсатына жету жолдарын белгілейді: Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктеріне кемінде 3 аргумент келтіру.

ҚБ - Ой шақыру мен сабақ тақырыбына шығудағы байланысты түсіну,

сабақ тақырыбын болжауды құрастыру, оқу мақсаттарын түсіну.

мәселені талқылау алдыңғы білімге сүйене отырып өзіндік пайымдау жасауға мүмкіндік береді.

Слайд 1

Слайд 2-3

Сабақтың ортасы

5 мин

12 мин

8 мин

5 мин

Мағынаны тану

Мұғалім ежелгі Шумердің алғашқы жазу үгілерін көрсетеді және оқушылардың келесі сұрақтарға жауап берулерін сұрайды: шумерлер не туралы жазды және неліктен алғашқы жазу дереккөздерін ашып оқу қиын?

(Д) Әр оқушыға тік төртбұрыш түріндегі қыш кесегін немесе ермексаз бен үшкір таяқшалар беріңіз. Олар форма, стиль, логограмма, алфавит әріптерімен бірнеше минут сынақ жүргізіп, хаттың ежелгі жазбаға ұқсас формасы мен стиліне қарай бір нәрсе жазуы керек.

Мұғалім топтарға «Ежелгі дүние ғажайыптарының арасындағы Еленаны ұрлау панорамасы» суретін көрсетіп, мұның «Әлемнің жеті кереметі туралы топтамадан» екенін айтпауы тиіс.

(Ж) Жұптардан суретте не болып жатқаны туралы болжамдарын талқылауын сұрау.

Қысқаша талқылаудан соң бірнеше жұптан сыныпқа идеяларын айтуын сұрау.

(С) Суретке қайта оралып, оқушылардың қандай ғалам ғажаптарын тапқандарын сұрау. Әлемнің жеті кереметін таба алды ма? Бұл ғажаптар ежелгі қауымның қандай жетістіктерін көрсетеді?

(Т) Мұғалім сұрағы: Сендер меңгерген мемлекеттердің қайсысының мәдениетін естеріңізге түсіре аласыздар? Олардың қандай жетістіктері бар еді?

Ғылым, жазу, өнердегі жетістіктерінің негізінде олардың ежелгі дүние мәдениетінің дамуындағы маңыздылығы мен рөлін дәлелдеңіз.

Ресурспн танысып, ежелгі дүниенің кемінде 3 жетістігін белгілеңіз.

Мұғалім оқушыларға қорытынды жасауды ұсынады: Ежелгі дүние мәдениетінің дамуына адамның шаруашылық іс-әрекеті әсер етті. Бұған ... дәлел бола алады.

Ежелгі дүние мәдениетінің жетістіктері үлкен маңыздылыққа ие, себебі … .

КН) Осы тақырыпты зерттеу барысында оқушылар түрлі халықтардың көне жазуларының түрлерімен танысады, ежелгі өркениеттердің өнертабыстарының мәні мен олардың ғылымның дамуына ықпалын білетін болады.

Бұл тапсырма оқушыларға түрлі өркениеттердің бір-бірінің идеяларына қаншалықты негізделе алғанын зерделеуге мүмкіндік береді. Олар сауданың арқасында бір-бірімен идея алмасып отырған.

Жеті керемет: Ұлы Гиза пирамидасы; Вавилонның аспалы бақтары; Эфестегі Артемида ғибадатханасы; Олимпиядағы Зевс мүсіні; Мавсол мазары (Галикарнастағы кесене); Родосс алыбы және Александрия шамшырағы. Олар саяхатшыларға арналған ежелгі мәтіндерге инженерлік іске, өнер мен сәулет өнерін үйрену үшін баруға кеңес берілетін орындар ретінде қосылған.

ҚБ – тапсырманы орындау нұсқаулығын және оның оқу мақсатына сәйкестігін түсіну;

маңызды ақпаратты белгілеп, ұсына алу.

Берілген тапсырмалар осы сабаққа есептелген барлық оқу мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Топтық іс-әрекет ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастырады, әр адамның пікірін тыңдай отырып, топтың барлық мүшелері үшін ең тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалауға ықпал ететін әрекет:

- топтық талқылауда оқушылардың ойлау тереңдігін бағалау;

- өз жұмыстарын қорғауда келтірген аргументтерін бағалау

Слайд 4

Ресурс 1_ Ежелгі дәуір мәдениеті

Ежелгі дүние ғажайыптарының арасындағы Еленаны ұрлау панорамасы http://www.google.com/culturalinstitute/asset-viewer/panorama-with-the-abduction-of-helen-amidst-the-wonders-of-the-ancient-world/GAH7fweqSmKL4w?hl=en#!asset-viewer:l.id=GAH7fweqSmKL4w&hl=en&urlStub=Panorama%

Слайд 5

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы

(С) (ф) Рефлексия.

(С) Мұғалім топтарға өз аргументтерін сыныпқа мазмұндауды сұрайды. Ежелгі дүние жетістіктерінің суреттерін мемлекеттермен сәйкестендіргізеді.

Мұғалім келесі сұрақтарға жауап сұрайды:

Сабақтың мақсаты қандай?

Біз сабақ мақсатына қалай жеттік?

Оқу мақсаты қандай?

Оқу мақсатына жетуге қандай іс-әрекет жасадық?

(Д) Оқушылардан әлемнің жеті кереметінің біріне саяхат үшін жарнама жазу

Оқушылар сабақтың мақсатына оралып, 3 аргумент арқылы ежелгі дәуір адамдарының жетістіктерін анықтау қажет болғанын айтады.

(Біз ежелгі дәуір мәдениетінің ықпалын дәлелдейтін 3 аргумент келтіріп, пікірімізді қорғадық.

Мұғалім сұрақтарына жауап беру арқылы оқу мақсаттарына жеттік.

Сұрақтардың жауаптарын дереккөздерден таптық және дәптерге түсірдік.)

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау; алған ақпаратты постер түрінде көрсету

Слайд 6

Слайд 7

Видеоресурстар https://ru.wikipedia.org/wiki

https://www.youtube.com/watch?v=m_VcLWXKRwM

[attachment=47024:5_dzh-tarihy_4_v_ezhelgi-dnieni-mdeni-mrasy-andaj_ysa-merzimdi-saba-zhospary.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?