Рим ежелдің ең қуатты империясы қалай болды? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Пән: Дүниежүзі тарихы Мектеп: Мерзімі: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 5 Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны: | |
Бөлім 4A: Рим империясының гүлденуі Тақырып: Рим ежелдің ең қуатты империясы қалай болды? | |
Оқу мақсаттары | 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси жүйесінің ерекшеліктерін сипаттау. 5.3.2.2 жаулаушылар мен империяны құрушылардың ұлттық шекараларды қалай өзгерткенін түсіндіру |
Сабақ мақсаттары | Рим империясының гүлденуін нақты дәлелдер мен аргументтер негізінде түсіндіру |
Бағалау критерийлері | Мәліметті талдай отырып, Рим империясының гүлденуінің 1-3 себебін атап шығады (3 ұпай) және бірнеше маңызды (2 аргумент) анықтайды (2 ұпай) |
Сабақ түрі | Жаңа тақырыпты зерттеу формасында үйрену |
Тарихи тұжырымдамасы (фокус): Дәлел кетіру | |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: тарихи факторларды талқылау барысында академиялық тілді қолданады. |
Диалог/жазылым барысында қолданылатын пайдалы сөз тіркестерінің сериясы | |
Алдыңғы білім | Оқушыларда Грекия империяларының гүлдену себептері, ежелгі әлемнің өркениеттер мен олардың мәдениеті туралы кең түсінік бар. |
Сабақ барысы
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздер |
Сабақтың басы 15 мин. | Әр сабақта, тапсырма орындау барысында оқушыларға кері байланыс беруді естен шығармаңыз, БҰЛ МАҢЫЗДЫ!!! Сыныппен амандасу! Слайд №1,2. Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, сабақ мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру. Слайд№4. Оқушыларға римдіктердің жетістіктері туралы бейнежазбаны тамашатыңыз. Содан соң оқушылар осы бейнежазбаға бағыттап сұрақтар құрастырады. Слайд№3 Сұрақтар мына тәртіппен құрылуы тиіс:
Құрастырған сұрақтарын стикерге жазып, тақтаға жабыстырады. Әр оқушы өзі дайындаған сұрақтарын барлық сыныпқа қояды. (Дифференциация) жауап берген оқушыларды мадақтаңыз. | Римдіктердің жетістіктері туралы бейнежазба https://www.youtube.com/watch?v=PXl7oakV9dE Қысқаша анықтамаларды, карталар мен уақытша шкаларды қамтитын ежелгі тарих энциклопедиясы – мұғалімдер үшін пайдалы дереккөз |
Сабақтың ортасы 25 мин. | Слайд№5 Барлық сыныпқа арналған тапсырма. Оқушыларға қосымша сұрақтар қойылып, жауап алынғаннан кейін, Рим империясының шекарасының үлкеюі туралы бейнеролик көрсетіңіз, электрондық картасымен таныстырып шығыңыз. Содан соң сыныптан Рим империясы туралы қандай сезімде болғанын сұраңыз. Слайд№6 Рим империясына қандай сын есімдер мінездеме беріп тұр? Тақтаға жазу тапсырылады (Жазылым тапсырмасын орындауға көмек) 10 мин Слайд№7 Топтық жұмыс. Барлық сынып оқушыларынан сұраңыз: Табысты әскерді не сипаттайды? Оқушыларға табысты әскердің ерекшеліктерін жазу және топта талқылау тапсырылады. Содан соң сынып деңгейінде ой қорыту. Оқушылар Рим әскері туралы бейнесюжетті тамашалайды. Бейнесюжетті тамашалау барысында оқушылар өздерінің жазған жауаптарын толықтырып отырады, сыныппен талқылайды. Топтық зерттеуге арналған болжамды сұрақтар: Сіз бұл мәлімдемемен келісесіз бе?
(Г) Рим әскерін сипаттайтын материалдарды және табысты әскердің басты сипаттамаларын түсіндіретін деректер келтіріңіз. Рим әскерін табысқа жетелеген факторларды графикалық бейнелетіңіз. Ықтимал факторлардың санын топта талқылауды тапсырыңыз. Олар ең үздік көшбасшылар, үздік жабдықтар, керек-жарақтар, медицина, әскери істер, білім, білім беру, оқыту және одан да көп терең мағыналы және үздік стратегия ретінде қызықты факторларды көп қосу керек. Бұл жұмыстың негізінде, оқушылар қорытынды жасауға қабілетті болады. (И) Оқушыларға «Неге Рим әскері сондай күшті болды және бұл империя үшін қаншалықты маңызды болды?» деген тақырыпта қысқаша түсінік жазу тапсырылады. 15 мин (ИС) Оқушылар зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Рим империясының гүлденуінің басты факторы күшті әскердің болуы екенін дәлелдейді. | Рим империясының электрондық картасы: https://www.youtube.com/watch?v=08vvrodSyww Бейне сюжет: https://www.youtube.com/watch?v=sLkvKf3jBUU Рим әскері туралы мәлімет: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BC%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%B0%D1%80%D0%BC%D0%B8%D1%8F И. Голыженков Императорлық Рим әскері. I–II б.э. http://www.e-reading.club/bookreader.php/1002764/Parhaev_O._-_Armiya_imperatorskogo_Rima._I-II_vv._n.e..html |
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Мен білемін…. Мен үйрендім…. Білгім келеді…. |
Қосымша ақпараттар
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? | |
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?