Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Мәтінді оқыныз 1. Ежелгі Римдегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтаныз.

Құлдардың пайда болуының басты көзі тұтқынға алу еді . Ежелгі Римдегі құлдардың басым көпшілігі тұтқынға түскен шетелдіктер болған, бұл туралы сан түрлі жазба деректерде айтылған.

Құлдардың пайда болуының басқа да себебі бұл бірінші триумвират дәуірінде шегіне жеткен теңіздегі қарақшылық (біздің дәуірімізге дейінгі I ғасыр), Рим тарихында құлдар санының өсуіне ықпалын тигізді.

Құлдардың пайда болуының үшінші себебі кредитордың өзіне қарыздар болған адамды иелену құқығы еді.

Мемлекет адамды жасаған қылмысы үшін құлға айналдырған. Өлім жазасына кесілген қылмыскерлер құлдар қатарына қосылған өйткені Римде тек құлдарды ғана палачтардың қолына тапсыруға рұқсат етілген. Кейінгі кездерде кейбір қылмыс түрлеріне жұмсартылған жаза түрлерін қолданыла бастады, құлдар кеніштерге жіберілетін болған.

Римдіктердің қол астында мырзасының кез келген бұйрығын мінсіз орындауға мәжбүр етілген мыңдаған құлдары болған. Дегенмен құлиесінің де құл алдындағы « міндеттері» болған: құлдарды тамақтандыру, киіндіру, өмір сүруіне жағдай жасау. Санасы , дауысы бар қару ретінде құл иеленішілердің құлдарды түрлі салаларда қолдануларына жағдайлар жасалған: тек егістікпен қара жұмыста ғана емес сондай ақ иеліктерді , кемелерді, кітпханаларды басқаруда .

Құлдардың қызметі

Еріксіздерді касталарға бөлетін болған: Familiarustica (үй ішіндегі құлдар); Familiaurbana (қала жұмыстарына арналған құлдар); Басқарма жұмыстарына арналған (артықшылығы бар құлдар); Serviprivati (жеке тұлғалардың иелігіндегі құлдар); Servipublici ( қоғамдық қала жұмыстарына арналған құлдар).

Еріксіздердің өмірі ауыр әрі қызметінің түрі мен артылатын жауапкершілік шамасына тікелей байланысты болған. Дарындылары қолөнермен айналысқан болса физикалық тұрғыдын мықтылары ең ауыр жұмыстарды атқарған – гладиаторлар немесе жауынгерлердің қаруын тасушылар. Гладиатор ойындарының пайда болуының негізгі себебі –жерлеу дәстүрлері болған. Тек құлдар ,ғана емес еріктілер де қолына қылыштарын ұстап бейіт басында күресулері қажет еді, мұндай күрестерде әлсіздері қайтыс болып мықтылары жеңіп шығып айналасындағыларды тамсандырған. Кейбір құлдар өз еріктерімен гладиатор мектебіне түсуге тырысқан өткені аренада көпшіліктін құрметіне ие болғандар өздеріне ерік алуларына мүмкіндіктері бар еді. Центуриондар алдында өз күштерін көрсетпек болған құлдар өз араларында төбелестер ұйымдастыратын кездері де болған . Гладиаторлар мектебіне жаңа түскендерді қатал жаттығулар күткен еді.

Орташа шаруаның егістігінде 1-2 құлдары болған. Құлдарды өлтіруге тыйым салынған алайда сатуға, басқаларға сатып жіберуге рұқсат етілген, таяқ астына алғаны үшін кең көлемде айыппұл салынған.

Мүгедектер мен жазылмас аурумен ауырғандарды шалғай Эскулап аралына еркіндікте дүниеден озуы үшін апарып тастау қажет етілген .Білімді құлдарды даярлау үшін ірі қаражаттар бөлінген . Қейбір құл иеленушілер құлдарын арнайы түрде белгілі бір салаға үйретіп тәрбиелеген.

Жеке тұлғаларға тәуелді құлдардан бөлек қоғамдық жұмыстарға арналған мемлекеттік немесе жеке бір қалаға тәуелді құлдар болған. Олар көшеге, су құбырларын жүргізуге, кеніштерге басқа да қоғамдығ жұмыстарға тартылған.; магистраттар маңында төмен лауазымдарды иеленген хабар тасушылар, түрме тазартушылары,кассирлер т.б. Олардың қатарынан провинциялық шенеуніктерді қызмет орнына апарып салатын күтушілер де даярланған.

Құлдардың жағдайы.

Ежелгі тарихшылар Римдік құлдарының қаншалықты ауыр күй кешкендері туралы көптеген жазбалар қалдырған. Тағамдары жеткіліксіз , сапасы сын көтермейтін тек өлместін күйін кешуге арналған еді. Ал жұмыстары таң атардан басталып кеш батқан уакытқа дейін созылған. Әсіреесе диірмен мен нан пісіру орындарда қызмет ететін құлдардың жағдайы ауыр еді мұндай қызметшілердің мойнына нан мен ұн жеуге мүмкіндік болмауы үшін ортасында тесігі бар тақтай бекітілсе ал кеніштерде әлсіз , ауру құлдар қамшы астында өлгенше еңбек еткен. Шынжыр мен таяқ жиі қолданыста еді. Тек мырзалардың үйлерінде , дүкен мен шеберханаларда ғана қызмет еткен құлдардың жағдайы біршама жеңіл болған. Өмірлері неғұрлым ауыр, жазалары неғурлым қатал болса құлдар өздерінің иелерін соғұрлым жек көретін болған. Өздеріне деген құлдардың өшпенділігін сезінген мырзалар да мемлекеттік билік те өздеріне төнетін қауіпті алдын алуға тырысқан. Олар құлдар арасындағы келіспеушіліктерді қолдап отырған.

Ең қызығы ,құлдардың басқа ерікті азаматтардан сырт көзге байқалатын ешбір айырмашылықтары болған жоқ . Киімі үлгісі де бос уақытта баратын жерлері де бір еді. Бастапқы кезде құлдардың мойындарына иесінің аты жазылса кейінгі кезде оларға тыйым салынған. Сенат бұл жөнінде арнайы үкім де шығарған ,бұл үкімнің мағынасы құлдарды басқа азаматтардан ажыратпау және, құлдар өздерінің қаншалықты көп екенін сезінбеуі қажет еді.

Заңды тұрғыдан құл азаматқа емес тек затқа ғана теңелген. Сот кезінде құлдарға тек бір жақтын талабы бойынша ғана сөз берілген. Өз бетінше сотта сөйлеуге рұқсат етілмеген, тіпті айтқан сөздері де есепке алынбайтын Құл ешкімге қарыз немесе құлға ешкім қарыздар бола алмаған. Тигізген шығыны мен зияндары үшін жауапкершілікке құл иесі тартылатын.Айыпталған құл трибуналар көмегіне жүгіне алмаған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу