Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал.


Тексеру жұмысы

4A бөлімі – Рим империясының гүлденуі

1 сабақ «Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды»

1 тапсырма. Римдік қоғам мен мемлекет туралы мәтінді оқып, Римдегі мемлекетті басқару сызбасын толтырыңыз.

Дескриптор: Римдік қоғам қандай қоғамдық топтарға бөлінгенін, Римді кім басқарғанын, ешбір құқығы жоқ қоғамдық топты анықтайды.

«Республика» сөзі латын тілінен аударғанда сайлау құқығы бар халық сайлаған билік органдары бар мемлекеттік басқару түрі деген мағынаны білдіреді. Дәуірімізге дейін (VI ғ. ) Рим ұйымдастырылған мемлекет ретінде республика болып танылған. Ертедегі Рим республикасы бірден ақ біріңғай биліктен бас тарқан еді. Халық бір жылдық мерзімге екі консулды сайлаған. Олар алдымен маңызды істермен айналысып ал әскери жағдай болған кезде бірі Римде қалса екіншісі әскерді бастап жорықтарға аттануға мәжбүр еді.

Рим республикасында негізгі қоғамдық топтар құлиеленушілер мен құлдар болған. Құлиеленушілер тобына патрицийлер мен плебейлер кірген.

Қоғамдағы ірі әлеуметтік топты құлдар құрған еді . Олар негізгі жұмыс күші еді. Басым көпшілігі бай римдіктердің үйлерінде түрған. Құлдар он шақты құлдардан тұратын топтарға бөлініп , әрбәр топқа бір қараушы құл сайланған. Құлдар моншаларда , ас уйлерінде , ат қораларда, наубайханаларда болған. Сонымен қатар кейде құлдар бишілер , музыканттар, акробаттар ретінде тойларда өнер көрсеткен. Тіпті кейбір бай римдіктердің қазынашылары да кұлдар болған . Құлдың иесі құлдың өмірі мен өліміне де ие болған.

Ұрып соғу құл мен иеленушісі арасында күнделікті ісі еді. Мәселен, үйді күзететін қарауылды шынжырмен ұстаған. Құлдарды « дауысы бар қару » деп санаған , олардың отбасы немесе жеке мүлкі болмаған . Римде құл базарлары болған, ең ірі қала орталықтарында қызу құлдар саудасы жүрген. Тауар ретінде мыңдаған құлдар келіп жатты. Олардың енбек күндері таң атқан сәттен кеш батқанға дейін созылған . Ауылды жерлер мен мен кең орындарына түскен құлдардың жағдайлары тым ауыр еді. Құлиеленушілердің қатыгездігінен көтерілістер туындап жатты.

Мемлекетті басқарған

Қоғамдық топтар

2. Грекиядағы (Афины немесе Спартадағы) мемлекеттік басқару мен Римдегі басқару түрін салыстырыңыз.

Дескриптор: кем дегенде 3 ортақ белгілері мен 3 айырмашылығын тауып көрсетеді.

3. Картада белгілеңіз:

Дескриптор: Римнің бастапқы кезеңі мен империя кезеңін картаға түсіреді

1. Бастапқы кезеңдегі Рим шекаралары

2. Империя кезеңіндегі шекарасы

2 сабақ «Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан»

1 тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Ресурс 3

Римдік қоғамда екі үлкен топ болған –патрицийлер мен плебейлер. Бірінші топтағылардың ішінен жоғары мемлекеттік қызметке (консулдар, преторлар, квесторлар) тағайындалған . Тек патрийийлер ғана сот пен заң аумағында жүріп халықтық жиындардың өткізілу күндерін белгілеп отырған. Патрициийлер мемлекеттің бүкіл жерлерін басқан еді.

Республика болып орнаған соң плебейлер өз құқықтары үшін патрицийлермен күреске шықты. Олар жердің жетіспеушілігінен жапа шегіп негізгі ісі тек өнер мен сауда саттық еді. Бай патрицийлер оларды қарызға батырып кейде құлдыққа сатып жіберетін болған. Жылдан жылға плебейлердің жағдайлары қиындай түсті. Ызаланған плебейлер дәуірімізге дейінгі 494 ж. қаланы қорғаусыз қалдырып Әулие тауын асып кетеді. Әскери қауіпті сезінген патрицийлер плебейлер алдында шегінуге мәжбүр болды .

Плебейлер өз араларынан патрицийлердің үстемдігінен қорғайтын халықтық трибундарды сайлау құқығына ие бола бастады. Бұл плебейлер үшін үлкен жеңіс еді ( осы кезден бастап өздерінің құқықтары үшін Әулие тауын асып кетуді жөн санаған). Олардың екінші рет Әулие тауын асып кетулеріне патрицийлердің заңды өз бетінше бұрмалауына плебейлердің қарсылығы себеп болған еді. Көтеріліске шыққан плебейлер енді заңдардың бүкіл халық көретін Форумдағы XII мыс тақтайшаларына жазылуын талап етті. Енді сот нақты белгіленген нормалар мен ережелерге сәйкес өткізілетін болса артынша құлдық қарыз атты ұғыммен римдік плебейлердің және олардың отбасы мүшелерінің қарыздары жойылды. Осы кезден бастап қарыз болған жағдайда өз мүлкін беріп құтылып өзңің бас бостандығына ие бола бастаған. Ендігі кезде Римде тек өзге елден жиналғандар ғана құлдар болып танылған.

Дәуірімізге дейін III ғ. плебейлер патрицийлермен тең құқыққа қол жеткізген еді. Осымен плебейлер мен патрицийлер арасындағы күрес аяқталды. Нәтижесінде Римде тең азаматтық кұқыққа негізделген мемлекет орнады.

Дескриптор: Римдегі екі негізгі топ патриций мен плебейлер арасындағы құқықтары үшін күрестің екі кезеңін атап көрсетеді; плебейлер наразылығының екі себебін атайды; күрес нәтижесі мен Римнің бүкіл Италияға үстемдік етудегі себебінің гипотезасын құрайды.

  • Римдегі екі негізгі топ патриций мен плебейлер арасындағы құқықтары үшін күрестің екі кезеңін атап көрсет;
  • плебейлер наразылығының екі себебін ата, екі топ өз араларында келісімге қалай жетті?
  • плебейлер мен патрицийлер арасындағы күрес нәтижесі Римнің қалайша бүкіл Италияға үстемдік етуіне алып келді?

2 тапсырма. Мәтінді оқып, қажетті сөздермен толтырыңыз.

Дескриптор: 4 сөзді анықтайды (патрицийлер, плебейлер, плебей, азаматтық құқықтар).

Римдік қоғам екі топқа бөлінген. 1 –топтың өкілдері- толық құқылы азаматтар еді олар барлық саяси құқықтары бар әлеуметтік топқа жатқан .

2- бұл римдік қоғамның басым көпшілігінен құралған төмен әлеуметтік топқа жататын басып алынған көрші халықтардан жиналған топ . 3 белгілі уақытқа дейін ерікті болған , олардың 4. болмаған

1.________ 2._________ 3. _________ 4. __________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу