Ежелгі Грекия гимназия, лицей, академияларында нені үйретті. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 1.
Геродот (гр. Ἡρόδοτος)– ежелгі дәуірдегі грек тарихшысы, «тарих атасы» деп танылған, әйгілі "Тарих" кітабының авторы, жиһанкез. Ол шамамен б.з.б. 484 – 425 жылдары өмір сүрген. Геродот көрген, естіген, оқыған материалдарын жинақтап, артына «Тарих» атты үлкен еңбек қалдырды. Кейіннен александриялық ғалымдар оның еңбегін тоғыз музаға сәйкестендіріп, тоғыз кітапқа бөлген. Геродот алғашқы төрт кітабында Лидия, Мидия мемлекеттері, Ахемен әулеті жөнінде жазып, олардың Мысырға, Вавилонға, сақтарға қарсы жорықтарына тоқталады. Қалған бес кітабы грек-парсы соғысына (біздің заманымыздан бұрынғы 500 – 449) арналған. Онда халықтардың тарихымен қатар этнографиясы, діні, әдебиеті, мемлекеттердің ішкі-сыртқы саясаты, экономикасы берілген. Шығарманың төртінші кітабында парсы патшасы Дарий Гистасптың сақтарға қарсы жорығы баяндалған. Онда сақтар елі жөнінде аса құнды мәліметтер ұшырасады. Қолжазбаларының ішінде бізге жеткен Флоренция нұсқасы ағылшын, орыс, т.б. тілдерге аударылған. Геродот сақтарды азиялық скифтер деп атаған.
Геродот б.з.б. 40-жылдардан бастап Грекияның көптеген облыстарында, парсы патшалығында болып, ионий логографтары сияқты жатжерліктердің тарихы мен этнографиясын зерттеді. Кейінірек ол солтүстік Қара теңіз жағалауында, Мысырда, Финикияда, Вавилонда және еуропалық Грекияның көптеген қауымдастықтарында болды. Ал оның екінші рухани отаны – Афина болды. Афинада сол дәуірдің танымал қайраткерлері Периклмен және Софоклмен танысты. Дүниетанымы, өмірлік көзқарастары сәйкес келгендіктен, әсіресе Софоклмен жақсы қарым-қатынаста болды.
Грек әлемінде қабылданған қағида бойынша әрбір адам туған жерінде ғана, яғни сол елдің азаматы болғанда ғана саясатпен айналысуға құқылы болатын. Геродот болса Самоста да, Афинада да жатжерлік болып есептелді. Осы жағдайлар оның өмірлік ұстанымы саясат емес, тарих болуына әсер еткен болуы мүмкін. Б.з.б. 444 жылы оңтүстік Италияда барлық гректерге ортақ Фурия колониясы құрылғанда Геродот сол жақтан жер алып, азамат болу құқығына ие болды. Протогор Абдерский жаңа колония үшін бірқатар заңдар жазса, архитектор Гипподам Мипетский қаланың жоспарын сызды. Геродоттың осыдан кейінгі өмірі туралы мәлімет жоқтың қасы. Фурияда ол өзінің тарихи еңбегін аяқтаған болуы керек.
Бір қызығы оның «Тарих» еңбегі кейде «...Геродот Галикарнастан жинап, жазды...», ал кейде «Геродот Фуриядан жинап, жазды...» сөздерімен басталатын. Тарихшы өзін Фурия азаматы деп атау-атамауын көп ойланды. Тіпті оның өмірінің соңын Фурияда өткізді деп айту қиын. Белгілі бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, ол кейін Афинаға оралды деген болжам бар, бірақ ол да анық емес. Бүкіл грек елінің қатысуымен болған, көп жылдарды қамтыған Афина мен Спартаның арасындағы Пелопоннес соғысы кезінде б.з.б. 425 жылы Геродот дүниеден өтті.
Мәтінге сұрақтар:
- Ғалым қандай ғылыми үлес қосты?
- Геродоттың ғылыми идеяларының өзектілігі неде.
- Әлемдік мәдениет үшін ежелгі гректік мектептік білім беру мен ғылыми білімнің маңыздылығына баға беріңіз (қорытынды)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?