Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 3.


Сократ (б.з.д. 470 - б.з.д. 399 ж.) — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы.

Сократтың саяси мұраты – әділетті заңдары үстем болған мемлекет. Сократ заңдарды сақтау қажеттілігін табандылықпен уағыздағанда, өкімдердің кез келген негізсіз қаулы, бұйрықтарына бағынуға шақырмайды. Осылайша, Афинде «отыз тиран» билігі орнаған кезде, олардың екеуі, атап айтқанда, Критий мен Харикл заң шығарушы міндетін иеленіп, «сөйлеу өнерін үйретуге» тыйым салған. Осы заңға сүйеніп, заң шығарушылар Сократқа жастармен жүргізген сұхбаттары үшін жазалаймыз деп қорқытты. Бірақ Сократ олардың аталмыш заңын сандырақ деп келемеждеді, әрине ондай заңды қолдаған да жоқ.

Сократ үшін оның моральдік философиясының басты құндылығы – білім, себебі саясат пен құқықтың басты қағидасы «Білімділер билеу тиіс» деп тұжырымдайды. Бұл талап Сократтың мемлекет пен құқықтың парасатты да әділетті бастамалары туралы философиялық ұғымдарына сәйкес келеді. Сократтың көздеген мұраты – «тақта отырған философ», ол үшін демократия да, олигархия да, тирания да, рулық аристократия немесе патша билігі идеал емес. Сократ билік түрлерінің бәрін сынға алды. Ол байлардың, рулық аристократия билігінің орнына білімділер билігін жақтады. Тиранияға заңсыздық, озбырлық, зорлық-зомбылықтың тәртібі деп қатты наразылықпен қарады. Демократияны Сократ жайлап сынады, оның басты кемшілігін жеребе арқылы сайланған кәсіпқойлығы жоқ лауазымды тұлғалардан көрді. Афиндық демократияда негізгі мемлекеттік мәселелерді шешуде жетекші ролді атқаратын халықтық жиналыстың саяси даналығын өте төмен қойды. Демократияны жетілдіру аса қажет деп нұсқады. Философ өз шығармасында сол кездегі Грекияда оның мұратына сай мемлекет құрылымының жоқ екенін белгіледі. Сократ Отан мен заңдар ата-анадан биік және қымбат деп есептеді, оның ойынша, Отан мен заң азаматар үшін биік ата-ана, тәрбиеші, әрі әмірші. Азаматтардың мемлекет алдында борыштары болуы тиіс деп көндірді. Бірақ бұл еркін де тең құқықты азаматтардың заңды борыштары туралы айтылған еді. Сократтың ойынша, бостандыққа – «адам үшін де, мемлекет үшін тамаша айбынды игілікке» тек қана осындай жағдайда қол жеткізуге болады.

Сократ Калликлға: «Сен құдайлар үшін де, адамдар үшін де теңдіктің мәні зор екенін байқамайсың, – мен геометриялық теңдікті ойда тұтамын, – басқалардан артықшылығың басым болуына талпыну керек деп ойлайсың» - деген. «Геометриялық теңдік» дегенде Сократ саяси әділдікті тұспалдады.

Сократтың пікірінше, билік жүргізу ғанибет емес, – аырой; биліктің мақсаты әміршінің назын орындау емес, халық игілігіне қол жеткізу. Өзінің пайдакүнемдік мүддесіне билікті қолданған әміршіге қатал жазасын беру керек. Осылайша, сократтық мұрат мемлекеттің мінсіз парасатты болмысын тұжырымдаудың әрекеті деп саналады.

http://jurnal.org/articles/2008/filos6.html

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу