Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 1.
Аристотель
Аристотель «Саясат» еңбегінде Платонның "Мінсіз мемлекет" ілімін сынға алады. Платоннан өзгеше ол алдыңғы орынға мемлекеттің "шексіз жақсы" үлгісін ұсынады. Аристотель қоғам орнатудың алты негізгі түрін алға тартты: монархия, аристократия, тирания, олигархия, демократия және полития.
Аристотель мемлекет билеушілерінің алға қоятын мақсаттарына байланысты мемлекеттік құрылымның дұрыс және бұрыс түрлерін ажыратады. Дұрыс түрлеріне ол басқарушының санына қарамай ортақ игілікке ұмтылатын мемлекеттік құрылымды жатқызды. Дұрыс түрлері: монархия (бір адамның билігі); аристократия (рулық билігі); полития (көпшіліктің билігі). Ал, бұрыс түрлеріне - билеушілердің өздерінің жеке мүдделерін көздейтін мемлекеттік құрылым жатады. Бұрыс түрлері: тирания; олигархия; демократия. Аристотелдің пікірінше, монархия мен аристократия дұрыс түрлеріне жатады, бірақ өте сирек кездеседі.
Тирания патшаның көпшілік игілігіне емес, өз жеке мүддесін есепке алғанында пайда болатын қоғамдық құрылымның жаман түрі. Олигархтардың аса байлыққа, өздерінің артықшылығына сеніуі оларды ақыры қателікке және күйреуіне әкеліп соғады. Демократия тұсында барлық азаматтар теңдікке, бостандыққа ие. Мұндай бұрыс мемлекеттерде бір уақытта жақсы адам және жақсы азамат болу мүмкін емес дейді.
Дұрыс мемлекетте, монархия болсын, аристократия немесе демократия болсын, жақсы да пайдалы азамат болу мүмкін. Бірақ мінсіз мемлекетте азаматтар қоғамдастығы өзін-өзі билейді, бұл үшін барлық азаматтар ерекше рақымшылдық емес жалпы азаматтық адамгершілігіне ие болуы тиіс. Ол үшін барлық азаматтарды ақыл мен адамгершілік ізгілігін тәрбиелейтін жетілген білім жүйесін құру керек. Саясаттың түпкі мақсаты –азаматтардың заң мен ақылға бағынатын мінсіз қоғамдық құрылысқа қол жеткізу. Бірақ адам тарихында кездесетін бұрмалау аясында саясаткер билікті бұрыс пайдалануға жоламай, олигархияны демократиямен араластырып, бейбітшілік пен тәртіп орнатса, азаматтарды әрі қарай тәрбиелеуге мүмкіндік туады. Аристотель мемлекет мақсаты – адам бақыты, ал саясат – қоғамда бақытқа қалай жетуге болатынын зерттейтін ғылым деп санады. Аристотель биліктің мінсіз түрі жоқ деп есептеді. Ол мемлекеттің формалары өзгеріп, ауысып тұратынын пайыдады. Ең жақсы үрлері – заңдылық сақаталып, өкім әділеттілікке талпынуы. Аритотелдің тұжырымдамасына лайық егер шешім түрлі ой-пікірлерге тәуелді болса, онда орта шешімге келу керек: өте жаман тұрмыс болмас, ерекше қуануға тура келмейді.
Аристотель үш қоғамдық тапты бөліп көрсетті: байлар, кедейлер және орта тап. Қоғамдамғы тұрақтылығы орта таптың жағдайына тәуелді. Шынында Аристотелдің ілімінде қазіргі саясаттанудағы үлгілі қоғам құру нұсқасының бейнесі берілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?