Ежелгі Грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Сократ өз шәкірттерін әлемді біртұтас әділетті Құдай билейді деп үйреткен. Ол әрбір адамды өз әрекеттерін өзі дұрыс бағалай білуге, ақ пен қараны ажыратуға, байлыққа, сый-құрметке, билікке әуес болмауға, жамандық жасамауға үйретуді мақсат етті. Қандай биік мақсат болғанымен, ол арам, жаман әрекеттерді ақтай алмайды деп санады. Сократтың жаулары құдайды құрметтемейді деп афин сотынан философтың өлім жазасына берілуіне қол жеткізді.

Платон, Сократтың шәкірті, жердегі жетілмеген дүниедаен басқа Құдайдың жақсы жетілген дүниесі бар деп ойлаған. Тек қана даналар бұл дүниені ашып біледі.

Өз кітаптарында Платон үлгілі мемлекеттің қандай болу керек екенін суреттеді. Мұндай мемлекетті даналар басқаруы тиіс, оны қорғау – жауынгерлерде, баршаның мүддесі үшін еңбек ету – жеке мешігі жоқ диқан мен кәсіпшіге тиесілі. Платонның пікірінше, жер, өсірген дән, жасалған бұйымдар көпшіліктің меншігінде болуы керек; оларға дана бишілер өкім жүргізеді.

Аристотель, Платонның шәкірті, ұстазымен баршаға жалпы мүлік үстінде еңбегінің мөлшерін есептеп адамдар тартысқа түсетінін дәлелдеп айтысқан. Жеке меншік болса, әркім өзіне тиісті затқа ынта-ықыластылықпен қарайды. Аристотель ежелгі дәуірдің атақты ғалымы болған, ғылымдармен айналысып, түрлі елдердегі мемлекеттік құрылымды зерттеген. Аристотель танымалдығы соншалық, Македонияның күшті патшасы Филипп өзінің ұлы, келешектегі данышпан қолбасшы Александрге ұстаз болуға шақырған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу