Ежелгі Грекия өнерінде мифтер қандай көрініс тапқан. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Көне грек әдебиетінің архаикалық дәуірі

 

 Антикалык әдебиет курсының пәні – көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», «антикалық» деген термин «antiquus» деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы «ежелгі, ертедегі, көне» болады.

Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Оны біз не үшін оқып білуіміз қажет? Біріншіден, антикалық әдебиет – Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі. Мәдениет тарихында антикалық әдебиет ерекше орын алады. Ол бүкіл дүниежүзілік мәдениеттің дамуына зор ықпал жасады. Сонымен қатар, антикалық әдебиеттің бірнеше негізгі қасиеті бар:

  • антикалық әдебиеттің маңыздылығы, ақиқатты кең қапсыруы, адам, қоғам, табиғаттың қарым-қатынастарын көрсетуі (мысалы, қазіргі кездегі маңызды мәселелер – адам және саясат, әйел адамның қоғамдағы ролі, экология т.б. проблемалар сол кездің өзінде-ақ көтерілген);
  • антикалық әдебиеттің өмірге орайлығы;
  • антикалық әдебиеттің саяси мазмұнды болуы (сол кездегі болған саяси оқиғалардың барлығы антикалық әдебиетте бейнелеуін тапты);
  • антикалық әдебиеттің өзінің заманының тілектеріне сай келген және көп ғасырлардан өтіп, балаусалығын жоймаған көркем шығармаларды жаратуы (қанша ғасыр өтсе де, антикалық әдеби шығармалар әлі күнге дейін өз қызығын жоймаған);
  • антикалық әдебиеттің көркем түрлерінің әр алуандығы (грек және рим әдебиетінде сол кездің өзінде-ақ жаңа заман әдебиетінің барлық жанрлары болған; олардың көбі әлі күнге дейін антик атауларын сақтаған, мысалы: лирика, эпос, поэма, драма, трагедия, комедия, роман);
  • антикалық әдебиетте мифологияның зор роль атқаруы (басқа әдебиеттермен

салыстырғанда, антикалық әдебиетте мифологиялық бейнелер орасан зор роль атқарады).

Антикалық әдебиеттің негізін грек және римдік ақын-жазушыларының әдеби мұралары құрайды. Бірақ антик дәуірінің ескерткіштерінің көбі сақталмаған, ал сақталғандардың ішінде бізге толығымен жеткендері аз. Біздің заманымызға дейін жеткен дүниелердің ішінде – Эсхил, Софокл, Еврипидтің шығармалары. Мысалы, Эсхилдің 90 пьесасынан толығымен 7 жеткен, Софоклдың 123 драмасынан 7 қалған, Еврипидтің 92 шығармасынан 19 жеткен.

Антикалық әдебиетке әр түрлі уақытта көптеген ақын-жазушылар назар аударған. Антикалық әдебиеттің сюжеттері мен сарындары орта ғасырлардағы Вергилий («Энеида» поэмасы), ХVІІІ ғасырдағы И.В. Гете, И.Ф.Шиллер (Прометей туралы поэмалары), ХІХ ғасырдағы Д.Г.Н.Байрон, П.Б.Шелли шығармаларында кездеседі.

Грек әдебиеті.

 Еуропаның оңтүстігінде шағын ғана таулы ел – Греция орналасқан. Б.э.б. ІІ мың жылдықтарда Грецияның неғұрлым құнарлы аймақтарында құлиеленушілік құрылыс қалыптаса бастап, мемлекет пайда болған. Ежелгі гректер жат елдердің ұлан байтақ жерлеріне тарап, қоныстанса да, өздерін біртұтас халықпыз деп есептеді. Олар отанын Эллада деп, ал өздерін эллиндерміз деп атаған.

Грек әдебиеті грек халқының құл иелену заманында туған, Еуропадағы ең көне әдебиет.

Грек әдебиетінің кезеңдері:

І. Архаикалық кезең – б.д.б. V ғ. басы;

ІІ. Аттикалық кезең – б.д.б. V-VІ ғ.;

ІІІ. Эллинистикалық кезең – б.д.б. ІV-І ғ.;

IV. Римдік кезең – б.д.б. І ғ. аяғы;

Антикалық әдебиеті дамуының бірінші кезеңі – архаикалық кезең. Бұл кезеңге халықтың ауыз әдебиеті жатады. Біздің заманымызға дейін антикалық ауыз әдебиетінің үлгілері жеткен жоқ. Бұл кезеңнен тек қана б.з.д. VI ғ. жазылған грек әдебиетінің екі ұлы ескерткіші – «Илиада» және «Одиссея» поэмалары сақталды.

Екінші кезең – грек классикалық әдебиетінің құрылуы мен гүлденуі. Бұл кезең классикалық кезең деп те аталады. Осы кезеңде лирика, драма, прозаның көп түрі дүниеге келген. Екінші кезеңге грек философтарының, тарихшы, шешендердің еңбектері жатады.

Үшінші кезең – антикалық әдебиеттің эллинистикалық кезеңі.

Төртінші кезеңге рим әдебиеті де кіреді, сол себепті бұл кезеңді римдік кезең деп атайды.

Гректердің мифиологиялық образдар мен сюжеттерді мол пайдалануы грек әдебиетінде алуан жанрлардың тууына негіз болды. Көне дәуірде яғни б.ғ.д. 97 ж. құл иеленушілік пайда болған кезден бастап грек халқының өмірі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Оның әдебиеті туып, өркен жая бастады. Алайда, грек мифологиясы әдебиетінің негізгі арқауы болып қала берді. Бұл кезеннің ұлы ескерткіштері - «Илиада» мен «Одиссея». Ру - тайпалық қарым-қатынастардың күйреу кезінде Гесиодтың (8-7ғ.) дидактикалық поэмасы «Теогония» (құдайлардың тегі) туды. Бұл дәуірде лирика жетекшілік роль атқарды. Б.з.д. 6 ғасырда Анаксимандр, Анаксимин, Гераклит сияқты философтар сөздерінің ой-пікірлерін прозалық трактат түрінде жазды. Өмірде болғанды хроника жолымен хабарлау –тарихнаманы, ал өмір көрінісін фольклорлық сыңайда баяндау - новелланы туғызды. Құл Эзопқа байланысты аңыз-әңгімелер – осының бір көрінісі. Эзоп тек прозалық фольклордың негізгі кейіпкері ғана емес сонымен қатар талай мәнді де құмарлы мысалдардың авторы болды деген жорамал бар.

Ежелгі грек әдебиетінің ең бір гүлденген шағы Аттика дәуірі, бұл кезде яғни 5-4 ғ. Афина мәдени биігіне көтерілді. Осы кезеңде Эсхил өзінің «Парсылар», «Орестея», «Данаиды», «Прометей» сияқты шығармаларымен трагедия жанрының шоқтығын көтерсе, Софокл «Антигона», «Филоктет», «Эдип патша» арқылы драма жанрын қалыптастырды. Сол дәуірдің үлкен тұлғасы Еврипидтің «Медея», «Ипполит», «Геракл» т.б. шығармаларында адамның іс-әрекетін, күйініш-сүйінішін көрсетті.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу