Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 2.


Теоретический материал № 2

Философия қалай пайда болды?

Гректердің өмір туралы барлық түсініктері аңызбен байланысты болған. Құдайлар Олимп тауында тұрады деп сенген және олардың өмірінде маңызды роль атқарған. Құдайлары өте көп және әрқайсысының өзінің маңызды орны болған. Олар ежелгі адамдар үшін қорғаушы, құтқарушы болған. Гректер оларды адам баласына тән барлық сезімдермен (қуаныш, қайғы, ашу-ыза, қызғаныш, өшпенділік т.б.) керемет кіршіксіз адамдар түрінде елестеткен. Аңыздарда олар тек қана данышпен, әділ және кеңпейіл емес, кегін алушы, қызғаншақ, айлакер ретінде де бейнеленген. Дін ежелгі грек мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады. Әр полистің өзінің жебеуші құдайы болған. Олардың құрметіне спорт жарыстары, театр қойылымдары, мерекелік іс- шаралар ұйымдастырылған. Қоғамның дамуына байланысты қоршаған ортадағы өзгерістер туралы саналы түсінік бере алатын адамдар пайда бола бастады. Мұндай адамдарды «философтар» деп атады. Алғашқы кезде философия діни көзқараспен тығыз байланысты болды. Б.э.д. VII-VI ғғ. грек философиясы барлық ғылымдардың (жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарды тұтас алғанда) біртұтас жиынтығы болды.Кейінірек философия жеке ғылым болып шықты. Философтар қоғамның даму заңдылықтарын талқылып және пайда болған мәселелерді шешудің өзіндік жолдарын ұсынуға тырысты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу