Ежелгі Спарта Афинадан несімен ерекшеленді? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Рөлдік ойын үшін мұғалім олардың өмір салтының айырмашылықтары жайлы қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Карточкалардың үлгісі:

Афина демократиясы

  Афины мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы экклесия болды. Халық жиналысы ең ұзақ дегенде он күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ төбе Пникстің басына жиналатын. Мәжілістер кейінірек афины театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған барлық дфины азаматтары қатысатын. Өзге қалалардан Афиныға қоныс аударған гректер метектер және сондай -ақ құлдар экклесияға жіберілмейтін. Афины халық жиналысы Афины саясатының барлық негізі мәселелерін талқылайтын және шешетін финанс мәселелерін қарайтын соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін өзге елдерден келген дипломаттардың баяндамаларын тыңдайтын және сондай ақ күнделікті көптеген мәселелерді карап отыратын. Халық жиналысында әрбір афины азаматы кез келген сұрақты қоюға құқылы еді. Шешім ашық дауыспен қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бұршақтар қара не ақ тастар не жазуы бар ыдыстың сынықтары салынған. Халық жиналысынан тысқары өзге де демократиялық мекемелер өмір сүрді, дегенмен өздерінің маңызы жөнінен халықы жиналысымен теңесе алмайтын еді. Демократиялық мекемелердің бірі Клисфен кезінде негізі қаланған буле немесе бес жүздіктер кеңесі еді. Бес жүздіктер кеңесі халық жиналысында талқылануға тиісті мәселелер мен олардың күн тәртібін әзірлейтін. Бұдан тысқары бес жүздікте кеңесі Афинының қызмет адамдарының істерін қарайтын Ант берушілер соты- гелиэй ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афины азаматтары сайлайтын. Барлығы 6 мың судья сайланатын, олардың 5 мыңы ант берген ал 1 мыңы қосалқы судьялар еді. Афины соты 10 пала таға бөлінді, олар дикастериялар деп аталды және бірқатар комиссиялардан тұрды. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша көп болуы олардың тек афины азаматтарына ғана емес, өзгелерге де қызмет етуіне байланысты еді .Мұнда Афинының барлық одақтастары да басқаша айтқаңда іс жүзінде Кіші Азия жағалауының Оңтүстік Фракияның және Эгей теңізі аралдарының барлық тұрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді. Афины сотында ісі қаралатын бір де бір азамат өзінің ісі қай декастерияда қаралатынын алдын ала білмейтін еді. Ол мұны сот болатын күні немесе мәжіліс басқалардың алдында ғана білетін. Стратегтер немесе әскери қолбасшылар коллегиясы Афиныдағы маңызды мекеме еді. Коллегия 10 адамнан тұратын. Ол Афиныны қорғау ісіне әскерлерге әскери кемелерге қамалдар мен әскери қамалдарға басшылық жасады. 10 стратегтің әрқайсысының өз міндеттері болды, сондай ақ бірінші стратег те бол ды. Б. э. дейінгі 444 жылдан 429 жйлға дейін бұл қызметті Перикл атқарды. Таза әскери міндеттерден басқа стратегтер коллегиясы халықаралық мәселелермен өзге мемлекеттермен қарым қатынас жасау ісімен де айналысты. Кей стратегтерге дипломатиялық миссиялар жүктелді. Грек парсы соғыстары барысында Клисфен әскери мекеме ретінде құрған стратегтер коллегиясының мемлекеттік қосымша функциялары бірте-бірте көбейе берді де, б. э. дейінгі V ғасырда ол іс жүзінде Афины мемлекетінің ең басты басқарушы коллегиясына айналды. Перикл тұсында кедей адамдарға өздерінің барлық уақыттарын мемлекеттік істер атқаруға жұмсай алуы үшін тұңғыш рет мемлекеттік қызметке ақы төлеу тәртібі енгізіле бастады.

Спарта аристократиясы

 Спартада қос патшалық болды (Архагет). Дорийлық және ахет қауымының Спартаға қосылғанын дәлелдейтін фактордың бірі осы. Бұл Спартаның екі әулетінен: Агиадтар және Эврипонтидтерден шыққан билеушілер.

 Патша билігі мұрагерлікпен жалғасатын. Патшалар әскерді басқарды және абыздың функциясын жүзеге асырды. Патшаны 9 жылда бір рет дін басылары сайлайтын.

Патша қызметінің ең мықты саласы — әскери басқару. Соғыс уақытында патша қандай болса да шешім шығаруға құқылы еді. Соғыс біткеннен кейін патшаның барлық үкімі күшінде болатын. Патшаның кейбір сот істеріне оралуға да құқығы болды: ол үл бала асырап алу, мұра алу, мұра қалдыру істерін түгелімен қарайтын.

 Патшаның өлімі Спарта үшін үлкен оқиға қатарынан саналды. Онда базар 10 күнге жабылатын, сауда тоқтайтын. Патшаиың денесін балға салып сақтайтын, халықтың бәрі онымен қоштасуы тиіс. Илоттар патша өліміне бетін тырнап жылауға мәжбүр болған.

 Спартаның патшалары бай адам, ірі жер қожасы болатын. Олар апелла мен герусияға бағынатын, оларды эфорлардың комиссиясы да қатты бақылайтын. Патшаның қасында гомейлер — тандап алған спартандар, флейтистер, дәрігерлер, пифийлер сияқты көмекшілері болды. Ол тойларға өзінің 2 пифий көмекшілермен келетін. Тойларда патшаны төрге отырғызып, ең құрметті тамақты беретін. Оларға белгілі бір күндері семіз мал, арақ және сұлыдан істелген үн беретін. 8 жылда бір рет жұлдыз бойынша бақылап, халық патшаны соттауға да құқылы болды.

 Патшаның толық нөкері: гомей, адьютант, дәрігер, сыбызғышы, пифи, балгер сияқты 300 адамнан тұратын.

 Патшаның өзін 300 адам қорғайтын, олар 3 командирге-гиппагретке бағынатын.

Әскери қызмет. Наварх-флот басқарушы. Бұл төтенше қызмет орны. Соғыс кезінде бұның билігі патшадан да күшті болды. Навархтың құқығы патшаның құқығына жақын, олардың нөкерлері болатын. Олар патшамен бірге тасаттық беретін.

 Халық жиналысы (Апелла). Жасы 30-ға жеткен спарталық ер адамдар халық жиналысына қатысатын. Бұл жиналыс соғыс және бейбітшілік сияқты ірі мәселелерді шешетін. Бірақ рөлі кемігеннен кейін ол герусияның жанындағы ақыл беретін кеңесшіорганы болып қалды. Халық жиналысында дауысқа салу болған жок, барлығы ұсыну арқылы шешілетін. Бірнеше кісінікішкентай бір үйге жауып қойып, қай сұраққа жұрттың айқайы қатты болды деп сұрайтын еді. Бұл жағдайда дауыстың көптігі анықталмаса, халықты екі жаққа бөлетін. Халық жиналысы қызмет адамдарын, әскери басшыны және туған балалары болмаған жағдайда патшаны сайлайтын еді. Илоттарды босату жағдайында қарайтын. Спартадағы халық жиналысының басқа да көп ерекшеліктері болатын.

Пелопонесс соғысына қатысты ақпараттық органайзер

  • 460 — 445 жылдарб.з.б — ПелопоннесссоғысыАфина мен Спартаның 30 жылғасоғыстоқтатукелісімі.
  • 457 жылб.з.б — Танагр түбіндегішайқас. Спарталықтар мен одақтасмемлекеттердіңжеңісі.
  • 431 — 404 жылдарб.з.б — Пелопоннес ссоғысы. Спарталықтар афиндықтардыжеңіпГрекиядағыдоминанттымемлекетболды.
  • 427 жылб.з.б — СпарталықтардыңПлатейдіжаулап, тұрғындардыңкөпбөлігінжойды.
  • 425 жылб.з.б — Пилостүбіндегі спарталықтардыңжеңілісі.
  • 422 жылб.з.б — Амфиполетүбіндегішайқас. Спарталықтар мен одақтасмемлекеттердіңжеңісі.
  • 418 жылб.з.б — Мантинеятүбіндегішайқас. Спарталықтаржеңісі.
  • 395 — 387 жылдарб.з.б — Коринф соғысы. Спарта мен Парсы жеңісі.
  • 371 жылб.з.б — Левктрахтүбіндегішайқас. Спарта Фивамен шайқастакүшінжоғалтады.
  • 362 жылб.з.б — Мантинеятүбіндегішайқас. Спарталықтаржеңісі.
  • 331 жылб.з.б — Спарта и Македония соғысы.
  • 331 жылб.з.б — Мегалополетүбіндегішайқас. Спарталықтар мен одақтасмемлекеттердіңжеңілісі.
  • 245 — 241 жылдарб.з.б — Агисреформасы сәтсізаяқталды.
  • 235 — 221 жылдарб.з.б — Клеоменреформасы сәттіорындалғаныменмакендонпатшасы Антигон III Спартадан Селласиятүбіндегішайқаста жеңілгенненкейінреформаныалыптастады.
  • 229 — 222 жылдарб.з.б — Клеоменсоғысы. Спартаның Ахэйодағы мен Македонияға гегемония үшінПелопоннесстегіқарсысоғысы.
  • 222 жылб.з.б — Селласиятүбіндегішайқаста Спарта ауыржеңіліскеұшырайды. Спартаны Эллиндықодаққа кұшпенкіргізеді.
  • 220 — 217 жылдарб.з.б — Одақтастарсоғысы. Спарта Этолияодағымен біргеЭллиндықодаққақарсысоғысы.
  • 215 — 205 жылдарб.з.б — Бірінші Македония соғысы.
  • 207 жылб.з.б — Мантинеятүбіндегішайқас. СпарталықтардыңауыржеңілісіменжәнепатшаМаханидаөліміменаяқталды.
  • 204 жылб.з.б — спарталықтаржаулауғатырысты Мегалополь.
  • 201 жылб.з.б — спарталықтарМессенияғашабуылдайды, бірақ Тегейден жеңіліскеұшырайды.
  • 195 жылб.з.б — Лакониясоғысы, Спарта жеңілісіжәнеАхейодағынақосылуы.
  • 147 жылб.з.б — Спарта АхейодағынаншығыпРимненқолдауалыпотырады. Ахейсоғысыбасталды..
  • 146 жылб.з.б — бүкілГрекия Рим империясының астындақалыпАхейпровинциясынаайналды. Кезіндегіатақтарыүшін Спарта мен Афина өздерініңтерриториясыаумағындаөзөзінбилеуқұқығыналады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу