Крит-микендік мәдениет туралы мифтер не айтады? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 2.


 Тесей мен Минотавр

 Тесей Афиныға келген кезде, бүкіл Аттика терең мұңайды. Алым-салық үшін Криттен құдіретті патша Миностан кейін үш мәрте келді. Бұл алыс-салық ауыр және сұмдық болды.Афиндіктер әр 9 жыл сайын Критке 9 ұл мен 9 қыз жасөспірімдерді жіберу керек. Онда жасөспірімдерді улкен Лабиринт сарайда қамауда ұстады және оларды сұмдық құбыжық денеі адам мен басы бұқа Минотавр жеді. Минос афиндіктерге мұндай салықты баласы Андрогеяны өлтіргені үшін салған.

 Міне енді үшінші рет афиндіктер Критке сұмдық салықты төлеп жатыр. Олар Минотаврдың жас құрбандарына аза ретінде қара желкендері бар кемені даярлап қойды. Осындай қайғыны көрген жас батыр Тесей осы сұмдық салықты тоқтату үшін Критке афиналық жасөспірімдермен бірге баруға бел байлады. Салықты төлеуді тоқтату үшін Минотаврдың көзін жою керек болды. Сондықтан Тесей өз өміріне қауіп төндіре отырып, Минотаврмен күресуге, оның көзін жоюға бел байлады.

 

 Қартайған Эгей өзінің жалғыз ұлының сапары туралы естігі де келмеді, бірақ Тесей өз дегенінде тұрды. бұл ерлікте қамқоршысы ретінде махаббат құдайы Афротиданы таңдау үшін Теңіз саяхатының қамқоршысы Аполлон-Дельфинияны құрбандыққа алып келді, ал Дельфтен дәл сапарға аттанарда оған сәуегей берілді. Көмекке Афродитаны шақырып, оған құрбандық әкеліп, Тесей Критке аттанды.

 

 Крит аралына кеме жақсы жетті.Афиналық қыздар мен ер балаларды Миноска алып кетті. Криттің құдыретті патшасы бірден жас батырға назар аударды. Тесейдің қамқоршысы Афродита патша мен оның қызы Ариаднаны көріп, Ариаднаның жүрегіне Эгейдің жас баласына деген махаббатты қондырды. Миностың қызы Тесейге көмектеспек болады; ол Лабиринтте Минотаврдың қолынан қаза табады ғой деп те ойламады. Ариадна Тесейге әкесінен жасырып өткір қылыш пен бір шүйке жіп береді.

 Лабиринте құрбандыққа барлық балалар мен Тесейді алып кеткенде, Тесей Лабиринтке кірер есікке жіптің басын байлап, шатасқан сансыз Лабиринттің өткелдерінен өтеді, бұдан шығу мүмкін емес; кейін осы жіп арқылы қайта шығу үшін жүре-жүре жіпті босатып отырды. Тесей жүре-жүре Минотавр отырған жерге де келіп жетті.

 Үлкен өткір мүйіздерімен, қаһарлы бақырумен басын түсіріп, Минотавр жас батырға шапты, сұмдық күрес басталды. Минотавр өте ашулы және бірнеше рет Тесейге шап берді, бірақ ол өзінің қылышымен қорғанды.

 Ақырында, Тесей Минотаврды мүйізінен ұстап алып, кеудесіне өткір қылышын сұғып алды. Минотаврды өлтірген соң, Тесей Лабиринттен жіптің соңынан жүріп, балалар мен қыздарды алып шықты.

 Шыға берісте Ариадна қалсы алды; Ол Тесейді қуанышпен қарсы алды. Тесейдің аман қалғанына балалар мен қыздар да қуанды. Роза гүлінен жасалған гүлдесте, жасбатыр мен қамқоршысы Афродитана көңілді әнмен қол ұстасып ойнады.

 Енді ашуланған Миностан қорғану керек болды. Тесей тездетіп, кемені жағаға шығарып дайындап, өайта Афиныға аттанды. Ариадна Тесейдің артынан ерді, себебі ол оны ұнатты.

 Қайтар жолда Тесей Наксос жағалауына тоқтады. Тесей және серіктері жағалауда жолдан демалып жатқанда, Тесейдің түсіне шарап құдайы Дионис кірді, ол Ариаднаны Наксостың шөлді жағалауында Ариаднаны тастап кет, себебі құдайлар Дионис құдайдың әйелі етіп Ариаднаны тағайындаған. Тесей оянып, уайымдап, асығыс жолға жиналды. Ол құдайларды тыңдады. Ұлы Дионис құдайдың әйелі, құдай Ариадна болды. Дионистің серіктері Ариаднаны қор қошеметпен қарсы алды және ұлы құдайдың әйелі атанғаны туралы ән айтты.

 Тесейдің кемесі өзінің қара желкендерімен көкшіл теңізде тез жүзді. Аттиканың жағалауы көріне бастады. Тесей Ариаднаның қапалы жоғалғанын ойлап, Эгейге берген уәдесі – егер минотаврды жеңсе, Афиныға ақ желкендермен келу керектігін ұмытты.

 Эгей өз баласын күтті. Теңіз жағалауының биік шыңында тұрып, теңізден көз алмай тұрды. Алыстан қара нүсте көрінгендей болды, жақындаған сайын баласвның кемесі екенін байқады. Көзін одан сайын тігіп, желкендерін қарады. Жоқ, жеткендері ақ емес, жылтырамайды, жеткендері қара. Яғни – Тесей қайтты. Қайғыдан Эгей биік шыңнан теңізге құлап, теңіз толқындарынан қайтты; тек денесін толқындар жағалауға шығарды. Осыдан кейін теңіз Эгей деп аталды. Әкесінің өліміне себеп болғанын естіген Тесей Аттиканың жағалауына тоқтап құдайларға алғыс құрбаншылықтарын жасады. Әкесін ақтық сапарға шығарып салғаннан кейін Тесей Афинаны басқарды.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу