Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афинада дүниеге келген. Мұнда «халық кеңесі» жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с.
Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афинаға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Қалық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорқытты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны «бесжүздік» деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар «халық соты» жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырады. Афиналық демократия Периклдің (б.з.д. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінеді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда «халықтық мінбе» жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.
Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.
Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешілігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
Қазақстан Республикасындағы демократия.
Қазақстан Республикасының Конститутциясында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; Қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу» деп көрсеткен.
1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация конститутциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылады.
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы – халық.
Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе – теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс – қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
«Қазақстан халқы» деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конститутциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді – сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Афина мемлекетінің басты билік органдары – халық жиналысы, бесжүздіктер кенесі, ареопаг, гелиэя, стратегтер,архонттар комиссиясы болды. Афина мемлекетінің басты билік органы халық жиналысы – эклессия. Халық жиналысы 10 күнде бір рет Акрополь жанындағы үлкен жайдақ төбе Пникстің басына жиналатын. Кейінірек мәжілістер Афина театрында өткізілетін болды. Халық жиналысына 20 жасқа толған афина азаматтары қатынасатын. Афина азаматтары деп саналатын адамдар Ат-тиканың қала түрғындары, еркек адамдар, 18-ге толғаннан кейін бір жыл ішінде семсерлесу, ату, найза лақтыру, жаттығуларын үйренуі үшш Пир ауданында бірге жиналады. Бір жыл оқудан кейін олар күзет қызметтерін атқарады да, 2 жылдан кейін 20 жасында Аттика азаматтары деп саналатын болды. Олардың үстазы-софронистер өте беделді, белгілі адамдар, оларға бір күн оқытқаны үшін 1 драхма беріп түрды, олар 500-діктер кеңесінің мүшесі деп саналды. Афина азаматтарынын негізгі қүқықтарына бостандық, жеке тәуелсіздік, жерге қожалық ету, үкіметтен нарықтық кемек алу жататын. Ал міндеттеріне мүлікті сақтап үстау, өзі түрған полиске көмек беру, отанды қорғау, үкіметтің заңын орындау, қүдайды сыйлау, мемлекет ба-сқару ісіне белсенді қатысу кіретін.
Өзге қалалардан Афинаға қоныс аударған гректер - метектер және сондай-ақ қүлдар эклексияға (халық жиналысына) жіберілмейтін. Ха-лық жиналысының ең біріншісі негізгі, басты деп атадды. Бүл жиналыс бүкіл лауазым иелерінің есебін тыңдайтын, егіы жағдайын және мемлекеттік қауіпсіздік сақшысының ісін қарайтын. Халық жиналысы 9-10 күнде бір рет жиналды. Басқа жиналыстары Афина саясатының бар-лык негізгі мәселелерін талқылайтын және шешетін, қаржы мәселслерін қарайтын, соғыс және бейбітшілік жөніндегі мәселелерді шешетін, өзге елдерден келген елшілердің баяндамаларын тындайтын және сондай-ақ күнделікті кептеген мәселелерді қарап отыратын. Халық жиналысында әрбір афина азаматы кез келген мәселені көтеруге ерікті еді. Шешім ашық дауыспен қол көтеру арқылы кейде жабық дауыспен де қабылданатын. Жабық дауыс бергенде урнаға бүршақ, қара не ақ тастар, не болмаса жазуы бар ыдыстыц сынықтары салынған. Халық жиналысын жинайтын притандар, олар 5 күн бүрын халық жиналысының күн тәртібін жария-лайтын. Б. д. дейінгі 395 жылы халық жиналысына қатынасқан азаматта-рға ақы төлеу тәртібі енгізілді.
Халық жиналысынан тысқары озге де демократиялық мекемелер омір сүрді. Дегенмен, өздерінің маңызы женінен олардыц ешқайсысы халық жиналысымен теңесе алмайтын. Афина халык жиналысының қызмет бабы ете кең болатын. Онда: заң қабылдау, қызмет адамдарын сайлау, қаржы-ның қалай жүмсалғанын тексеру, жоғарғы сот қызметін откізу, халык жиналысын басқару органдары болды. Аттикада бүкіл қызмет адамдары халық жиналысы арқылы бір жылға сайланып түрды. Азаматтардың бәрі сайланбастан бүрын докимасияға салынды. Бссжүздіктер кеңесі, архонт, 10 стратегтер, Ареопаг, Гелиэя, қаржы комиссиялары деген қызмет орган-дары болды.
Архонтар. Афина түрғындары архонттарды сайлады. Бірінші архонт соттың торағасы болды және басты діни кызметті аткарды. Екінші архонт-базилевс, ол дін салтын басқарды, үшінші базилевс-полемарх күрбандық шалу қызметінде, калган архонттар-фесфомет кызметінде болды. Буле-бесжүздіктер кеңесі. Бүл кеңес халық жиналысы талқылауға тиісті мәселелерді әзірлеп, олардыц күн тәртібін белгілейтін. Бүдан тыс-кары бесжүздіктер кеңесі Афинаньщ қызмет адамдарыныц істерін қарай-тын.
Булевтерді әрбір аумактық филадан жасы 30-ға келген 50 ер адам сайлайтын. Булевтерді докимасиядан откізеді. Әрбір булевтің ойын, жүріс-түрысын, бет алысын, міндетін және қүқығын тексереді. Булевтер міндетке ие болудан бүрын озінің жүмысын адал атқарамын деп халыққа ант береді. Булевтер басына жасыл жапырақ кадап, сайланган уақыты біткениен кейін оз жүмысы туралы сайлаушылары алдында есеп беріп отырады.
Бесжүздіктер кеңесі. Бесжүздіктер кеңесінің қызметі. Бүл жоғарғы ба-' скару органы болып саналды. Бесжүздіктер кеңесі қаржы жүйесінің ба-сқару органы болды. Ол мемлекет қазынасына ақша қайдан түсетінін анықтап, үкіметтің қарыздарын жинады, мүлігін сатты, азаматтарға жәр-дем ақша берді. Бесжүздіктер кеңесінің басқаруында сонымен бірге теңіз әскери күш де болды.
Бесжүздіктер кецесі гибадатхананың, мерекелердің, кемелердің, қоғам-дық қүрылыстардың қамын ойлады.
Бесжүздіктер кецес қызмет тәртібі өте қызық. Әрбір аумақтық филадан сайланган 50 кецес мүшесі жылдың 10 күнінде бір рет, барлығы 1 жылда 36 күн жүмыс істейтін. Бүл уақыт-притания, ал кеңес мүшелері притан деп аталды. 50 адам 36 күн үлкен базардың жанындагы дөнгелек үйде бірге түрып, мемлекетті басқарған.
Гелиэй. Гелиэй - ант берупіілер соты - ірі демократиялық мекеме еді. Судьяларды жеребе бойынша бүкіл Афина азаматтары сайлайтын. Бар-лығы 6000 судья сайланатын, олардың ант берген 5 мыңы 501 кісіден он комиссия қүрды. Ал бір мьщы косалқы судьялар еді. Афина соты 10 комиссияға болінді. Судьялар мен сот мекемелерінің саны осынша кеп болуы-олардың тек афины азаматтарына ғана емес, езгелелерге де қыз-мет етуіне байланысты еді. Мүнда Афинаиың барлық одақтастары, бас-каша айтқанда, іс жүзінде Кіші Азия жағалауының, Оңтүстік Франция-ның және Эгей теңізі аралдарының барлық түрғындары дерлік сот істерімен келуге тиісті еді.
Гелиэйда бірде бір азамат езінің ісі қай комиссияда каралатынын алдын ала білмейтін. Ол мүны сот болатын күні немесе мәжіліс баста-лардыц алдында ғана білетін. Мүндай ереже сот қызметкерлері пара ал-мауы үшін қажет болды. Ертедегі кезде адвокаттар болмайтын. Сот қызметкерлері немесе айыпталушы шығып сейлейтін, соңцай-ақ олар-дың туыстары да сейлей алатын. Сотта сөйлейтін сездерін оларға заңгер-лер жазып береді. Жазылган сөзді жаттап алып, жылдам әрі дүрыс айту шарт еді. Соттың мәжілісі ашық өтті. Екі жақа дәлел келтіріп, біреуді куәлікке салды
Ежелгі Египеттегі құрылым
Шаруашылықтың, қолөнердің, сауданың дамуы, басқыншылық соғыстар құлдық пен мүліктік жіктелудің одан əрі ұлғаюын тудырды. Соғыс жорықтары мен сауда кездерінде қолға түскен əртүрлі байлықтар: малдар, құлдар, əшекей бұйымдары, жер жəне басқа да олжалар халық арасында бірдей, тең бөлінбеген. Түскен олжа мен байлықтың басым көпшілігі перғауынның жəне құлиеленуші ақсүйактердің қолдарына жиналды. Сонымен бірге құлиеленуші шонжарлар патша сыйлықтарының арқасында байи түскен. Перғауындарға жақын əкімдер құнарлы ірі қоныстарға ие болған. Қарапайым халықтың жағдайы күннен-күнге төмендей бастаған. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралған, сондықтан олар ешбір еңбекке жарамсыз болды. Соның нəтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік жəне əлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне əсер еткен. Яғни ежелгі Египетте бай жəне кедей адамдар тобы бөлінді. Ежелгі Египеттегі еңбекшілерге құлдар, қолөнершілер жəне тау-кен жұмысшылары жатты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?