Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3В-бөлімі: Ежелгі Грекия

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру

ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

 Бағалау критерийлері

Оқушы Афина мемлекетінде демократияның орнауы тарихын зерттейді

Оқушы Афин мемлекетінде демократияны сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

топтық талдауда дәлелдерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу

Пәндік лексика мен терминология

  • Демократия
  • Олигархия
  • Қала-мемлекет
  • Халықтың кеңесі
  • Архонт
  • ареопаг
  • реформа
  • азамат

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Бір жағынан, Афинадағы адамдар еркін болды, себебі…

Афинада демократияның орнағандығының дәлелі ретінде …

Солон реформалары Афин мемлекетінде саяси құрылысты өзгертті

Демократия кезінде олигархиямен салыстырғанда Афин азаматтары көп еркіндікке ие болды, өйткені

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Демократия, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу

 Пәнаралық байланыстар

География (картамен жұмыс кезінде)

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаның пайдалану

Бастапқы білім

 Ежелгі мемлекеттің саяси және әлеуметтік құрылымы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 мин

Қарсы шығу

Оқушыларға микрафон ұсынып олардың ойларын тыңдаңыз (оң және теріс мағыналы тақырыптарды айтуға мүмкіндік беріңіз) еркін сөзді пайдаланып өз ойларын айтуға мүмкіндік беріңіз.

Оқушылардан сөз еркіндігін пайдалану мүмкіндігінен қандай сезімде болғандарын сұраңыз.

Ойын еркін айту мүмкіндігі қайсы ежелгі мемлекетте болғандығын сұраңыз. Азаматтардың осындай құқықтары болғаны маңызды ма?

Микрофон немесе оны алмастыратын зат

Сабақтың ортасы

28 минут

2 мин

5 мин

10 мин

5 мин

3 мин

3 мин

Ресурстар тізімінен Ежелгі Грекияның қала-мемлекеттері бейнеленген картаны көрсетіңіз. Әр қала-мемлекеттің басқару формасы әр түрлі екендігін, тілі, мәдениеті, діні бір болса да, бұл қалалар жер үшін, ықпал ету аймағы үшін жиі соғысатын бәсекелестер болғанын түсіндіріңіз. Картадан жекелеген қалалардың орналасқан жерін бөліп көрсетіңіз, олардың сипаттамасы берілген мәтіндердерді оқуын сұраңыз. Афина туралы оқып, афиналық демократия туралы қысқаша деректер беріңіз.

Оқушыларға Мысыр (монархия) мен Афины (демократия) қоғамдарының саяси және әлеуметтік құрылымының сызба-кестесін ұсынып, олардың айырмашылығын табуды сұраңыз (төмендегі критерийлер бойынша):

1.Биліктің қалыптасу әдісі

2.Биліктің басқа билеушіге өту әдісі (сайлау және мұрагерлікпен)

3. Сайлау құқығының болуы және ауқымы

Дескрипторлар:

Оқушы Ежелгі Мысырдағы және Афина мемлекетіндегі биліктің орнауы тәсілдерінде айырмашылығын дұрыс ажырата біледі

Оқушы Ежелгі Мысыр мен Афинадағы сайлау құқықтарында айырмашылықты дұрыс түсінеді

Оқушылардың «демократия» ұғымының мәнін түсінетіндігіне көз жеткізіңіз. Оларға қазіргі Қазақстандағы демократия жайлы ықшамдалған мәтін беріп, афиналық басқару жүйесінің қазіргі Қазақстанның басқару жүйесінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырып, ұқсастықтарды бір түспен, айырмашылығын басқа түспен бояуды сұраңыз.

Оқушылардан демократияның маңыздылығы жайлы қорытынды жасауды сұраңыз.

Дескрипторлар:

Оқушы афиналық басқару жүйесі мен қазіргі заманғы Қазақстандағы басқару жүйелері арасындағы 2 айырмашылықты көрсетеді

Оқушы афиналық басқару жүйесі мен қазіргі заманғы Қазақстандағы басқару жүйелері арасындағы 3 айырмашылықты көрсетеді

Ежелгі грек қала-мемлекеті көрсетілген интерактивті карта http://www.eduplace.com/kids/socsci/ca/books/bkf3/imaps/AC_12_389_citystates/AC_12_389_citystates.html

Афина демократиясын сипаттайтын мәтін

http://www.history-names.ru/a/afinskaya_demokratiya.shtml

http://www.ancientgreece.co.uk/athens/home_set.html

Ежелгі Афина қаласының картасы

http://www.ancientcity.ru/karti/podrobnaya-karta-drevnich-afin.html

Акрополь ғимараты, сәулет ескерткіштерінің суреттері бар карталар

http://www.town-explorer.ru/athens/

Ежелгі Афина қаласының мемлекеттік құрылыс

http://jurkom74.ru/materialy-dlia-ucheby/vozniknovenie-gosudarstva-v-afinakh-gosudarstvennyi-stroi-afin

Ежелгі Мысыр

http://hist-world.com/istoriya-drevnego-mira/293-drevneegipetskoe-gosudarstvo.html

Афиналық демократия

Ежелгі Мысырдағы мемлекеттік құрылыс

Демократия және олигархия

Қазақстандағы демократия

Афиналық демократия

http://www.history-names.ru/a/afinskaya_demokratiya.shtml

http://www.ancientgreece.co.uk/athens/home_set.html

Карта древнего города Афины

http://www.ancientcity.ru/karti/podrobnaya-karta-drevnich-afin.html

Акрополь ғимараты, орналасқан карта,архитектура ескерткіштері бейнеленген суреттер

«Афинадағы демократияның пайда болуы» видеосабақ

https://www.youtube.com/watch?v=sV0MOJ0iFpo

Сабақтың соңы

10 мин

7 мин –

Оқушылар алғашқы 3 сұраққа міндетті түрде жауап береді, қалғандарына өз еркімен

Рефлексия

3 мин

Тапсырма берілместен бұрын балдармен таныстырылады

Экспресс-сауал

1 деңгей (міндетті) оқушы 3 жауапқа дұрыс жауап берсе мақсатқа жеткен саналады

  • Кім және қашан Афин мемлекетінде демократияны дамыта бастады?
  • Демократия деген не?
  • Афин мемлекетінде демократияның пайда болғаның көрсететін 2 дәлел келтіріңіз.

2 деңгей

  • Афинада демократияның дамуының 2 себебін анықтаңыз (экономикалық және әлеуметтік)

3 деңгей –шығармашылық

«Афинадағы қоғамдық құрылыс пен демократияның орнауы арасындағы қандай байланыс бар?» сұрағыцна жазбаша жауап беру

Дескрипторлар:

Афин мемлекетінде демократияның орнауының дәлелі ретінде 3 өзара байланысты оқиғаны келтіреді.

Афина мемлекетінде демократияның пайда болуының 2 себебін көрсетеді.

Афинадағы демократиялық қоғамды сипаттау кезінде 3-5 арнайы терминдерді қолданады.

Афинадағы қоғамдық құрылыс пен демократияның орнауы арасындағы өзара байланысты анықтайды.

сабақ соңында оқушылар «Чемодан, қиян кескі шайқас, себет» тақырыбына рефлексия өткізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені түсінбедім

- не қызықты болып қалды

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу