Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті Тарихи концепт (фокус): интерпретация. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, презентация.


Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма.

Қазақ халқының мақал-мәтелі

- Бұл мақал-мәтелде қандай ойлар айтылады?

- Бұл мақал-мәтелдегі ойлар тек ақиқатты ғана білдіреме, әлде тек қана жақсы кеңес бола алады ма?

- Бұл мақал-мәтелді бүгіңгі жаңа сабағымызбен қалайша байланыстыруға болады?

Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті

Тарихи концепт (фокус): интерпретация

«Басқалар алдында мақтанбастан білімін кеңейту, шаршауды білместен ықыласпен оқу, түңілуді білместен басқаларына тәлім беру, - маған еңбексіз берілмейді»

Конфуций.

Оқу мақсаттары

Конфуций, Лао-Цзы және Шанг Янгтің философиялық ілімдері зерттеледі, олардың Ежелгі Қытайға, соның ішінде елді біріктірген Цинь Шихуанди императордың билігі кезіндегі ықпалына баға беріледі

Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру

Сіздерге берілген кітаптағы мәтін мен құжаттарға сүйеніп ең алдымен Конфуцийдың өмірбаянымен және оның ілімімен танысайық

Салт-дәстүрлерді және қоғамдағы қалыптасқан тәртіптерді сақтау;

Ескіні құрметтеу

Ежелгі даналыққа тартылу

Үлкендерді құрметтеу және сыйлау

Жақсы әдеп – тәрбиелі адамның белгісі

Барлық жерде тәртіп болу керек

Дана басшы, салт-дәстүрлері мен және әдет-ғұрыптарға сүйене келе, барлық жерде үлгі бола алады, ол қатығездікке бармайды

Халық басшыны әкесіндей сыйлау керек, ал басшы – халқын өз баласындай көру керек.

Тек қана отбасыда емес, сонымен бірге бүкіл мемлекетте де үлкендері мен кішілердің арасындағы қатынастарда тәртіп сақталу керек.

Кішілер үлкендерді құрметтейді, балалар ата-аналарын сыйлайды»

(Т) №2 Тапсырма

Конфуцийдің нақыл сөздерін бірнеше бөлікке бөліп, әр топқа таратылып беріледі.

Сіздерге берілген бөліктерді дұрыс біріктіріңіздер.

Әр оқушы сынып ішінде өз жұбын дұрыс тауып, біріктірілген нақыл сөздерді сыныпқа оқу керек.

Балалар, егер Сіздер Конфуцийдың ұстанымдары бойынша өмір сүрсеніздер, онда бұл ұстанымдар қаншалықты өмірлерінізге әсер етуші еді?

Бұл ілім бойынша қоғамдағы гармония-үйлесімдік неге байланысты болады?

Бұл ілім бойынша, қалайша мемлекет басқарылуы керек

Конфуций бойынша дәстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және т.б. жатады. Осыған орай карточкаларда берілген қай билеушілердің ілімі Конфуций іліміне жақын келетін болса, соншалықты қарточкаларынызды Конфуцийдің суретіне жақындатып орналастырыныздар

(Т) Барлық топтарға ортасында Конфуцийдің суреті суреті бар А-3 ватманы мен оқушылар білетін аккадтық Саргон, Вавилонның билеушілері, парсы патшасы Дарий және император Ашока секілді билеушілердің есімдері жазылған карточкалар таратылады

№5 Тапсырма. Әр топқа Лао Цзыдың нақыл сөздері бар цитаталар таратылып, келесі сұрақтар қойылады

Лаоның әр нақыл сөздері нені білдіреді?

- Лао-Цзыдың пікірінше, қуаттылық, байлық және билік болып не саналады?

№6 Тапсырма (Т) Әр топ конфуцийшілдер және даосистер тобына бөлінеді және зерттеу жүргізеді.

- Лао-Цзы көзқарастарының Конфуцийдің көзқарастарына қаншалықты жақын болғанын талқылаңыздар.

- Неліктен Лао-Цзы Конфуций идеяларын жоққа шығарды?

- Конфуцийшілдердің Лао-Цзыдың билеушілерге арналған кеңестеріне (даосизм) қалай қарағанын талқылаңыздар

- Егер оқушы осы аталған ілімдер бойынша (конфуций және даосизм) оның ережелерін бұзса, онда ережені бұзған оқушыға қандай шаралар қолдану керек деп ұсынасыз?

- Олардың идеяларының қайсысы қазіргі Қазақстан үшін оңтайлы болуы мүмкін

Екі жұлдыз, бір тілек

Бағалау критерийлері:

1 жұлдыз «өте жақсы болғаны...»

2 жұлдыз «осы жері .....жақсы болды»

1 тілек «осы жері.... жақсартуды қажет етеді»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу