Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы не айта алады Тарихи концепт (фокус): интерпретация. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Сыма Цянь жазған өмірбаяннан үзінді:

«Жерлеу камерасы тереңде орналасқан, табыттың түбі мыстан құйылған. Жерлеу камерасында сирек кездесетін сансыз қазыналар сақталуы үшін сарайлар салынған. Қолөнершілер мазарға жақындаған ұрыларға өздігінен жебе жаудыратын арбалеттер салуға үйретілген. . Мазар ішінде уытты өзендер мен теңіздер жасау үшін әдейілеп сынап құйылған. Төбесіне күн, ай, жұлдыздар бейнеленіп, ең әдемі табиғат көріністері салынған. Шырақтар мәңгі сөнбес үшін су перілерінен алынған майыдан жасалған»

Лангь Террасасындағы тастағы жазбадан үзінді:

Қасиетті императордың рухы ауыл шаруашылығын қолдай отырып, осы мәселелерді шешу үшін талмай еңбектенеді және қара (шаруалар) халықтың баюға мүмкіндік алуы үшін маңыздылығы төмен істермен айналысуға тыйым салған. Аспан астында бір мақсатқа жұмылған адамдар үнемі бір-бірімен келісімге келеді. Салмақ пен шама бір өлшемге ие, сөздер бір үлгіде жазылады. қай жерде болмасын, күн мен ай жарқырап тұрады, қайда болса да, кемелер мен дөңгелекті көліктер жүк тасиды.

Әркім өзіне өлшеніп берілген өмірді сүреді ,Әркім тағдыры бойынша өзіне берілген іспен айналысады.

Жобаларды дұрыс уақытта бастауқасиетті императордың жолы осы. ол әлемді шарлап, өзендерді кесіп өтіп, дәстүрлерді өзгертіп, тәртіп орнатады. Ол қара халыққа жаны ашып, оларға әрдайым көңіл бөледі, ол күдіктерді сейілтіп, заңдар қабылдайды, сөйтіп әрбір адам қандай бұрыс әрекеттерден аулақ болу қажеттігін біледі. Жергілікті биліктің белгілі бір міндеттері бар, тәртіпті орнату өте оңай. Шешімдер сызбадай анық, олардың бірде-біреуі түсіндірілмей қалмайды..

Лангь Террасасындағы жазбалар бойынша сұрақтар:

  • Император қара халыққа қатысты (шаруаларға) не сезінді?
  • Императордың қандай іс-әрекеті оның шаруаларға қарым-қатынасын білдіреді?
  • Ол қандай істерін мақтан ететіндей көрінеді?
  • Императордың заң мен тәртіпке деген көзқарасы қандай?

Ұлы Қорғанның көрнекі суреттердегі бөліктері кейінгі әулеттердің билеу кезеңдерінде салынған деп көрсетілуі мүмкін екенін, соңғы кезеңдерде қорғанның қайта қалпына келтірілгенін айтып өту қажет.

Оқушылар бұның алдындағы жапттығуда мәтіннің ортаңғы бөлігін ғана көрді, онда императордың зират қорғанын салуда құлдардың еңбегін пайдаланғаны, кейбір жалшылар, құрылысшылар мен қолөнершілердің осы жерде тірідей көмілгені туралы сілтемелер алынып тасталған.

Сыма Цянь туралы негізгі мәліметтер:

  • Сыма Цянь Цинь Шихуанди император өлімінен 100 жыл өткен соң жазған. Ол сол кезеңде өмір сүрген адамдармен сөйлесуі мүмкін емес еді.
  • Ол Цинь Шихуандиден соң, аз уақыттың ішінде билікті тартып алған Цинь Шихуандидің ата жауы болған Хань әулетінің сарай тарихшысы болды. Сыма Цянь Конфуцийдің жақтаушы болды. Бұл оның Цинь Шихуанди императордың өзі секілді ғалымдарды жек көріп, жазаға тартатынын ұнатпағанын білдірді.

Қазіргі тарихшылардың көпшілігі

Сыма Цянь Цинь Шихуанди императордың кейбір істерін әсірелеп көрсеткен деп есептейді. Мысалы, олардың ойынша, императордың зират қорғанын салуға 700 000 құл қатысты деген дерек ақылға қонымсыз және ол ешқашанда ғалымдарды тірідей көмбеген болуы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу