Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы не айта алады Тарихи концепт (фокус): интерпретация. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3А-бөлім: Ежелгі Қытай | Мектеп: ФМБ НЗМ, Алматы қаласы | |||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақтың тақырыбы | Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы не айта алады Тарихи концепт (фокус): интерпретация | |||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика мен терминология Конфуцийшілдік; Даосизм; Легизм; Терракоталық әскер; Ұлы Қытай қорғаны; Аспан ғибадатханасы; Ұлы арна Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Меніңше, Ежелгі Қытай келесі салаларда көбірек табыстарға қол жеткізді… | |||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Патриотизм, қазақ мәдениетінің озық дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу, әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретін терең академиялық білім беру, өз бетімен білім табу және өзіндік ізденіс жасау дағдыларын қалыптастыру, өз бетімен және топта тиімді жұмыс жасау дағдыларын шыңдау, еңбекке және шығармашылыққа, ашық болуға, ыңтымақтастыққа, қадірлеу мен азаматтық жауапкершілілкке баулу | |||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ежелгі Қытайды зерттеу барысында География, Қазақстан тарихы, Мәдениет және философия, экономика пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге аырылады | |||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылар мұғаліммен бірге компъютермен, интернетпен, слайдтары мен видоематериалдарды көрсету үшін интерактивтік тақтамен жұмыс жасайды | |||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар Ежелгі Қытайдың саяси және діни ойларын біледі | |||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | (БЫМ) Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісін қолдана тұра, Сиань қаласындағы. атақты жерлеу орындарынан табылған жартылай жерленген терракоталық жауынгердің суретін көрсетіледі. 1974 жылы Қытайда бір шаруаның құдық маңынан ескі терракота кесектерін тауып алғанын, содан кейін археологтар осы жерде қазба жұмыстарын бастағанын түсіндіреміз (Б) Келесі сұрақтар қойылады: - Бұл фотосуреттерде нені көруге болады? - Осы фигуралар табылғанда археологтар не ойлады дейсіздер. - Бұл жауынгерлер қандай мақсатпен жасалған және неге олар сол жерде жерленген? - Осыған орай, Сіздер, бүгіңгі сабағымыз қай тақырыпқа арналады деп ойлайсыздар? Сыныпта талқылау жүргізу. (Б) Бұл фигуралар не үшін жасалған және неге жерленген себептері түсінідіріледі. | Жартылай жерленген терракот жауынгерінің бейнесі http://otpusk.mirtesen.ru/blog/43964900847/GOROD-SIYAN-TERRAKOTOVOE-VOYSKO http://travel.nationalgeographic.com/travel/world-heritage/mausoleum-first-qin-emperor/ | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут
5 минут 10 минут 5 минут 5 минут 7 минут | (М) Оқушыларға Қытайдың тұңғыш императорының портреті мен оның империясы слайдтағы картадан көрсетіледі. Келесі сұрақтар қойылады: - Бұл портретте кім бейнеленген? - Картадан оның империясының аумағына қарап, империя туралы не айтуға болады? (М) Мұғалім ол бүкіл Қытайды біріктіре алды деп айта тұра, қандай жолдармен осыған жеткені туралы әлі айтпайды (Т/Ж) Жұппен жұмыс. Сұрақ: - Видеоматериал және Ежелгі Египеттегі билеушілерді жерлеу салттары негізінде қандай себепттермен мұндай билеуші өзін осылай жерлесін деп өсиетеді (Б) Оқушылардың болжамдарын қабылдаңыз Тапсырмаға арналған дескрипторлар
(М) Императордың өлімінен 100 жыл өткен соң, оның өмірбаянын зерттеген Сыма Цянь негізгі жерлеу орнының сыртқы көрінісін өз жазбасында тіркеп, жазып кеткенін түсіндіріңіз. Сыма Цянь жазған өмірбаяннан үзіндісін оқушылардың қолына беріп, оқушылардан сұраңыз: (Т) – Берілген сипаттауға сүйене отырып, мазардың сызбасын салыныздар. Қалай ойлайсыздар қаншалықты Сыма Цянь Цинь Шихуандидың мазарын дұрыс бейнелейді? – Мазардың ішкі бөлігінің сипаттауына сүйеніп жасалған компьютерлік анимациялық бейнероликті немесе аэрофотосурет осы мазарға қаншалықты сәйкес сәйкес келеді? Жауаптарды бағалау критерийлері
(Т) Лангь Террасасындағы жазба мәтінінің көшірмесін жұптарға таратып беріп және Терракот армиясы туралы бейнематериалды көрсету негізінде келесі сұрақтар қойыңыз. - Император қара халық (шаруалар) туралы қандай пікірде болды? - Императордың іс-әрекеттері олармен қандай қатынаста болғаны туралы айтады? - Сіздің ойыңызша, қандай іс-әрекеттерімен ол мақтанды? - Императордың заң және тәртіп туралы қөзқарасы қандай болды? (Б) Оқушылардың болжамдарын қабылдай отырып, мәтін туралы жауаптарды талқылаңыздар. Тапсырмаға арналған дескрипторлар.
(М) Цинь Шихуандидың өмірі мен қызметі туралы материалдар таратылады және келесі сұрақтар қойылады (З) – Мемлекеттік басқаруда легизм ілімінің рөлі қандай болды? - Қытайдың тұңғыш императоры туралы өз ойларынызды жазыныздар - Конфуций мен Лао-Цзы қытайдың тұңғыш императоры туралы не ойлауы мүмкін еді? Тапсырмаға арналған дескрипторлар
(М) Цинь Шихуанди императордың билікке келуінен бұрын Қытайдың өзара бәсекелес патшалықтары үнемі шабуыл жасайтын көшпелілерден қорғану үшін қабырғалар салғандығын түсіндіріңіз. Бұрыннан бар қабырғаларды біріктіру арқылы Цинь Шихуанди Ұлы Қытай қорғанына айналдырды.. Цинь Шихуанди әулетінің билеген кезеңінде пайда болған Ұлы Қытай Қорғаны белгіленген картаны және Қорған бөліктерінің қазіргі кездегі көрнекілік суреттерін көрсетіп, сұрақтар қойыңыз. - Қандай мақсатпен және қалайша Ұлы Қытай Қорғаны салынды? - Ұлы Қытай Қорғанын салынуы туралы халық аңыздарын оқығаннан кейін қаншалықты бұл қорған Цинь Шихуанди туралы пікірлеріңізді өзгертті? Қорғанды салушылардың ауыр еңбегі туралы деректердің шынайы екенін, қабырғаны тұрғызуда мыңдаған қытай шаруалары мен құлдардың қаза тапқанын түсіндіріңіз. Цинь Шихуанди император дәл осындай әдіспен Қытай аумағындағы жолдар мен су арналарының тамаша жүйесін жасағанын түсіндіріңіз. Жауаптарды бағалау критерийлері
(З) Осы оқиғамен танысқан соң, оқушылардың император Цинь Шихуанди туралы пікірлері қалай өзгергенін талқылаңыздар. (З) Цинь Шихуандидың мінездемесін талқылаңыздар Оқушыларға Цинь Шихуанди император өмірбаянынан түрлі үзінділер таратып беріледі. - Сыма Цяньның Цинь Шихуанди туралы жазған өмірбаянының үзіндісі негізінде (ресурстардан қараңыз), мұнда императордың қандай сипаттары туралы айтылып отырғанын талқылаңыздар. - Сыма Цяньның зерттеулеріне қаншалықты сенуге болады және қазір император жайлы пікірлеріңіз қандай болғанын талқылаңыздар. - Тарихи деректерді сыни тұрғыдан талдау негізінде Қытайдың тұңғыш императорының қызметіне өз бағаларыңызды беріңіз (Т/З) Бұған дейін зерделенген Конфуций, Лао-Цзы елді қалай басқару қажет екендігі туралы негізгі ережелерін оқушылардың есіне түсіріңіз. Цинь Шихуанди император туралы қазіргі заманғы тарихи анықтамаларды таратып беріңіз, оның әділ әрі салмақты болуға тырысқанын түсіндіріңіз. Тапсырмаға арналған дескрипторлар.
| Сыма Цянь Исторические записки http://www.vostlit.info/Texts/Dokumenty/China/I/Syma_Tsjan/Izbrannoe/text14.phtml Тайная Терракотовая Армия Китайского Императора https://www.youtube.com/watch?v=tMF7ph4I49U Цинь Шихуанди император билеуі кезіндегі Ұлы қытай қорғаны (карта)http://www.china-mike.com/china-tourist-attractions/great-wall-china/history-facts/ Ұлы Қытай қорғанының құрылысы туралы http://www.putidorogi-nn.ru/100-chudes-sveta/79-velikaya-kitayskaya-stena Ежелгі Қытай тарихы бойынша мәліметтерhttp://kitap.kz/book/5397-qytaj_tarixy_ezhelgi_zhane_orta_hasyrlar_kezengi/5397-qytaj_tarixy_ezhelgi_zhane_orta_hasyrlar_kezengi | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй жұмысы: «Цинь Шихуандидың саяси басқаруының қандай еркешеліктері бар?» атты тақырыбына эссе жазу Сабақ соңында оқушылар «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша рефлексия жүргізеді: 1 жұлдыз «өте жақсы болғаны...» 2 жұлдыз «осы жер.... жақсы болды» 3 жұлдыз «осы жері..... жақсартуды қажет етеді» | |||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?