Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай пайдаланды Тарихи концепт (фокус): дәлел. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


«Тоғыз  кітаптағы  математика» кітабында  бүтін  саннан  квадрат  және  куб  түбір  табу, жоғары  дәрежелі  теңдеулерді  жуықтап  шешу  әдістері, п  санының  мәнін  есептеу т.б баяндалған

Оның авторы – біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасырда өмір сүрген Чжан Цан. Еңбек бірнеше рет толықтырылды. 1 мыңжылдықтың ортасында қорытындыланып, тоғыз трактаттан құрылған математикалық канон болып шықты.

Ежелгі қытай оқулықтарында адамдар есептеуді жіптерді түйіншектеу арқылы жүргізді делінеді. Кейін даналар түйіншектерді ағашқа салынатын белгімен алмастырған. Бірақ, иньдік жазбалардың өзінде-ақ ондық жүйенің барлық сандары кездеседі. Иньдіктер тек ондықтарды пайдаланған. Ең үлкен сан 10000(вань) болған. Оны «толық сан» деп айтқан. «Он мың жыл өмір сүріңіз» (вань суй) деген тілек осыдан шыққан.

«Күресуші Патшалықтар» дәуірінен бастап (б.з.б. 5-3ғ.) қытайлар санауға арналған таяқшаларды пайдаланды. Шаршы пішіндісін оң сандарға, үшбұрыш пішіндісін теріс сандарға. Немесе қызыл түстілерді оң сандарға, ал қара түстілерді теріс сандарға пайдаланды. Кейін 12 торкөзге бөлінген тақтайлар пайда болды. Оның бетіне таяқшалар қойылып, есептеулер жүргізілді. Таяшалармен есептегенде бестік жүйе қолданылды: 1-ден 5-ке дейін сандар қарапайым таяқшалардың қосындысын құрады. Ал 6 мен 9 аралығындағы сандарда бірінші бес таяқшалардың орнына бір ғана таяқша қолданылды. Көпорынды сандар үшін таяқшаларды тік және көлденең орналастыру арқылы көрсетілді: бірліктер тақтада тігінен орналасты, ондықтар көлденеңінен орналасты, жүздіктер тігінен, мыңдықтар көлденеңінен тағы сол сияқты. Көбейту үшін таяшалардың тақтаға орналастырудың ерекше тәртібі қолданылды. Көбейтінді тақтаның жоғарғы жолына, көбейткіш оның астына жазылды. өзіндік көбейту кестесі де болған. Орта ғасырларда бестік жүйеге негізделген ерекше есептегіш шоттар да пайда болды. Шоттың негізгі рамасы тең емес екі бөлікке бөлінді. Бір рамада әрбіреуінде бес сүйектен орналасқан сымдар болды. Келесі бөлігінде әр сымда екі сүйек орналасты. Бір жағындағы бес сүйек екінші бөлігіндегі бір сүйекке тең. Ал сымдардың саны да бірдей емес, 11-ден 13-ке дейін болуы мүмкін. Соңғы кездерге дейін осындай есептегіш шот әр сауда нүктесінде кеңінен пайдаланылды.

Қытайлар бөлшек сандармен қатар ондық бөлшек сандарды да пайдаланды. Бөлшектер метрлік жүйемен тығыз байланыста болды.

Кітаптағы мәліметтер бойынша, ежелгі қытайлықтар түзу сызықты фигуралардың ауданын табу жолын білген. Сонымен қоса оларға Пифагор теоремасымен таныс болған, шеңбердің және оның сегменттерін p=3 болғандағы ауданын есептей алған. 5 ғасырда Цзу Чунчжи р санын жетінші бөлшек санына дейін дәл есептеп шығарған. Канонда пропорция, геометриялық денелердің көлемі, теңдеулер шешу сияқты күрделі математикалық есептеулер бар. Бірқатар тарауларда алгебралық есептеулер де көрінеді, мысалы, алгоритмдер мен алгебралық өзгерістер. Алгебралық әдістер арифметикалық соның ішінде, Пифагор теоремасына қатысты есептеулер жүргізу кезінде қолданылған. Сонымен бірге математикалақ прогрессия, математикалық матрица, сызықтық жүйе, квадрат пен үш дәрежелі теңдеулер, қалдықпен бөлу сияқты есептеу жолдары да үйретіледі.

Ыдыс-аяқ, қолтаңбалы өрнек саласында арифметикалық және геометриялық нақтылық, сандық есептеушілік қалыптасады, шыңдалады. Бір хаттамада Хуан-ди патшалығы кезінде алғашқы математика туралы жазба еңбек пайда болған делінген, ал енді бір мәліметтерде Чжоу дәуірінде математика туралы оқулық өмірге келген деген болжам бар. Көркемдік-мифологиялық бейне, көркемдік өнер және стиль ерекшелігі қытайдың көне текстерінде сакталынған.

Жазуы мен әдебиеті.  Қытайда   өте   ертеде   иероглифтік   жазу   пайда

болған еді. Қытай иероглифтері тігінен, жоғарыдан төмен қарай жазылады. Қытай жазуы әлемдегі ең киын да күрделі жазу. Соған карамастан Қытайда б. з. б.    I мыңжылдыктың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған. Олар ені 1 см, ал ұзындығы 20-дан 40 сантиметрге дейінгі ағаш тақтайшаға жазылыпты. Тақтайшалар тігінен, жазуы бар беті үстіне қарайтындай етіп, оңнан солға қарай реттеліп, жіппен тізілді. Б. з. б. I мыңжылдықтың ортасында жібек матаға жаза бастады. Б. з. б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болды. Сөйтіп әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптасты.

Қытайдың сонау ежелгі замандардағы иероглифтік жазулары бүгінгі таңға дейін сақталған. Бізге ежелгі Қытайдың көптеген әдеби шығармалары белгілі. Солардың ең көнелерінің бірінде дүниенің жаратылуы туралы мәселе былайша баяндалады.

...Ұзақ уақыт әлемді ретсіз тұңғиық басып тұрды. Ешнәрсені ажыратып білу мүмкін емес еді. Одан соң Жарық пен Түнек белгілі болды. Аспан мен Жер қалыптасты. Алғашқы адам пайда болды. Ол Панъгу деп аталды. Бұл өте алып адам ұзақ өмір сүрді. Ол өлгеннен кейін, оның денесінен табиғат пен адам пайда болды. Оның демі жел мен бұлтқа, даусы күн күркіреуіне, сол көзі күнге, оң көзі айға, қолдары мен аяқтары дүниенің төрт бұрышына, кеудесі бес үлкен тауға, денесінен шыққан тер жаңбырға айналды. Қаны жердегі өзен боп ақты. Бұлшық еттері топыраққа, шашы шөппен ағашқа айналды. Тістері мен сүйектерінен тастар мен металдар, ал миынан меруерттер мен асыл тастар пайда болды.

Ежелгі Қытайдың ән-өлеңдері де, ақындары да көп болған. Солардың бірі б. з. б. II ғасырда өмір сүрген Сыма Сянжу атты ақын. Ол өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған.

        Ғылыми білімі мен өнер табыстары.

Егіншілік пен құрылыс істері көптеген ғылым салаларының қалыптасуына әсер етті.

Жұлдызнамашылар аспан денелерінің қозғалысын, орын ауыстыруын жете зерттеді. Соның нәтижесінде қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шықты. Бір жылда 365,25 тәулік, яғни 365 және ширек тәулік бар деп есептеді. Қытай жұлдызнамашылары жұлдызды аспанның қартасын жасады. Онда Темірқазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқ жұлдыз көрсетілді.

Жер шаруашылығының кең түрде дамуы, білімнің осы саласынан да мәліметтер қалдырды. Оларда үш танапты жер өңдеу тәсілі, жерді өңдеу мен суғару жолдары, жібек құртын өсіру, шай бұталарын күту туралы жазылған.

"ІІІай" сөзі қытайлықтардан шықты. Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды. Сөйтіп, ол басқа елдерге де тарады.

Біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Қытайда ғылыми білім басқа көптеген елдерден анағұрлым алда тұрды. Соның нәтижесінде ғылыми білім адам игілігіне қызмет ете бастады. Көптеген өнертабыстар мен жаңалықтар дүниеге келді.

Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбыланама (компас) ойлап табылды. Ол өзі қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік берді. Әсіресе қытай теңізшілері осы құбыланама арқылы ашық теңізге шығып, Үндістан жеріне дейін бара алатын еді.

Ең ежелгі сейсмографты, яғни жердің сілкінісін алдын ала болжауға, жер сілкінген кезде оның қай жерде қаншалықты дәрежеде болғанын айқын-дауға мүмкіндік беретін аспапты да ойлап тапқан қытайлар болды.

Қытайда ойлап табылған, адамзат әлеміне бүгінге дейін кең түрде қызмет етіп келе жатқан заттың бірі - қағаз. Қағазды олар ұсақ, жұмсар-тылған маталардың қалдықтарын арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп, одан соң қағазға айналдырады.

Мылтық атуға арналған оқ дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлар. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны, жұлдыздар картасын да алғаш қытайлар ойлап тапты.

1.Құбыланама - Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбыланама ( компас) ойлап табылды. Ол өзі қазіргі қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік береді.Әсіресе қытай теңізшілері осы құбыланама арқылы ашық теңізге шығып,Үндістан жеріне дейін бара алатын еді.

2.Сейсмограф - Ең ежелгі сейсмографты , яғни жердің сілкінісін алдын ала болжауға, жер сілкінген кезде оның қай жерде қаншалықты дәрежеде болғанын айқындауға мүмкіндік беретін аспапты да ойлап тапқан қытайлықтар болды.

3.Жұлдызнамашылар - Аспан денелерінің қозғалысын,орын ауыстыруын жете зерттеді.Соның нәтижесінде қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шықты.

Топтар жауаптарының дәлдігіне, толықтылығына байланысты қол шапалақтау арқылы қошемет білдіреді. ( Дұрыс, толық жауап берген топқа қатты қошемет көрсетіледі)

Ежелгі Қытай медицинасы Б.э.д ІVғ-ІІІ мыңжылдықта Хуанхэ өзенінің жағасында тайпалар қоныстанып б.э.д ІІғ ортасында мемлекетке айналған. Ежелгі  қытайдағы медицинаның дамуы туралы көне иероглифтік кітаптарда жазылған. Оның кейбіреуіне ең көнесі Нэй цзиннің энциклопедиялық еңбектері болып саналады (18 кітап). Алғашқы тоғызы (Су вэнь) ағзаның құрылысы мен қызметіне, аурудың диагностикасы мен еміне арналған.Қытай халық медицинасының негізінде ежелгі қытайлық материалистік философиясы жатыр. Қытай халық медицинасының ерекшелігі чжень – цзю терапиясы (чжень-акупунктура немесе инелік терапия; цзю-мокса немесе күйдіру)болып саналады. Оның эмперикалық тамыры ерте заманда қытай  дәрігерлері-нің өмірлік нүктелердің барын және оларды тітіркендіргенде емдік әсер беретіндігін тапқан-нан басталған. Бұл әдіс туралы толық мағұлматтар б.э.д ІІІ ғ жазылған. XIV ғ «өмір нүкте-лері» 700 астам болған, «өмір сызықтары» 14 топқа біріктіріл-ген. Инелер алғашқы кезеде кремни мен яшмалардан жаса-лынған, содан кейін бамбук сүйектерінен, кейінірек қола, күміс, алтын, платина метал-дарынан жасалынды.    Инелік терапиясын үйрену үшін арнайы атлас-тар және шиелерді нүктелермен жүйелерге енгі-зуге арналған манекендер болды.Барлық атақты қытай дәрігерлері инелік терапияны білген. Ежелгі қытай дәрігерлері пульстік терапияға ерекше көңіл бөлген.      Қытай дәрігерлері пультің 24 –200 астам түрін бөлген. Пульс туралы Нэй цзин трак-татында айтылған. Б.э.д. ІІІ ғ ежелгі Қытай пуль тура-лы ғылымы 10 томдық трактатта жазылған (Мо-цзин 280 ж). Ибн –Сина пульстің 48 түрін жазған, соның ішінде 35 Қытай медицинасынан алған. Оның негізін қалаған дәрігер Бянь-цзяо перифериясында әрбір органның тамыр соғы-сы әртүрлі болады және оларды кем дегенде тоғыз жерден тыңдау керек деген.  Қытайда дәрілік тера-пияда дамыған қытай-дың халықтық фарма-циясынан әлемдік тә-жірибеге өсімдік туын-дыларынан:жень-шень тамыры, жуа, чеснок жануарлардан алынған: бауыр жела-тина және т.б. енген. Ең көрнекті еңбек – ұлы шөпші Ли Ши-чженя 52 томдық ең-бек жазған, оның ішінде 1892 дәрілік заттар жазылған. Соны-мен бірге Қытайда вариоляция кең дамы-ған. Шешекке қарсы егу, ауру адмның кепті-рілген іріңді шешек пустуласын енгізумен аяқталаған. Аурудың алдын алу мақсат-тарында келесі сөздер айтылған, медицина өлімнен құтқармайды, бірақ ол өмірді ұзарт-пайды, мемлекеттерді және халықты өзінің кеңестерінен күшейте алады деген.   Гигиена және профилактика элементтеріне сәйкес қытай медицинасында жалпы жағдайды жақсартатын: диета, сулы процедуралар және емдік гимнастикаға көңіл бөлінген. Қы-тайда императорларға қызмет ететің мемлекеттік  медицина мекемелері болған. Дәріханалар арнайы мекеме ретінде болған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу