Ежелгі қытайлықтар ғылыми білімдерін қалай қолданды? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Ежелгі Қытайдың ғылыми жетістіктері

 Біздің заманымыздың басында Қытайдың ғылым жəне білім деңгейі өзге елдерге қарағанда əлдеқайда жоғары болды. Қоғамдық өмірде қолданысқа ие көптеген ғылыми жаңалықтар, жетістіктер мен өнертабыстар ашылды. Мысалға, астрономдар аспан денелерінің қозғалысын жəне орналасуын зерттеді. Соның нəтижесінде қытайлық астрономдар алғаш рет жылдың жалғасу уақытын дəлдікпен тапты. Олар барлығынан бұрын жылда 365,25 тəулік немесе 365 күн жəне тəуліктің төрттен бірі бар екендігін дəлелдеді. Олар алғаш болып аспанның жұлдыздық картасын жасады. Оған Темірқазықты айналған 28 жұлдыз жиыны енгізілді.

 

Ежелден бері ауыл шаруашылығының дамуы бұл салада көптеген тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Қытайлықтар жерді өңдеудің 3 тəсілін ұсынды: топырақты тыңайтудың жолдары, жібек құртының піллəсін жəне шəй өсімдіктерін бағып, өсіру. Сонымен қатар “шəй” термині Қытайдан шыққан сөз. Алғашында шəйді емдік мақсаттарда адамға күш пен энергияны көбейтуге арналған дəрі ретінде қолданды. Кейіннен оны сусын ретінде пайдалана бастады. Осылайша ол өзге елдерге де тарап кетті.

Қытайда əлемде алғаш рет компас дүнеге келді. Ол қазіргі заманауи компастарға ұқсас болмаса да, ежелгі кезде 4 бағытты анық таба білген. Қытайлық теңізшілер ашық теңізге компаспен шығып, соның арқасында кемемен Үндістанға дейін жол табатын болған.

Алғаш сейсмограф — жер қабығының тербелуін жазатын аспап, Қытайда шығарылған.

Қазіргі таңда бүкіл əлемде кең таралған ақ қағаз да Қытайда өндірілді. Оны Қытайда ұсақтатылған матаны арнайы қазандарда қайнатады, кейін сол қою қоспадан қағаз жасайды.

Қытайлықтар əлемде алғаш рет жарылғыш затттарға арналған ұнтақты ойлап тапты. Сонымен бірге жібек маталар мен жұлдыз картасы дүниеге келді.

  Математикада үлкен жетістіктерге жетті, себебі б.з.б. II ғ. “Матиматика тоғыз кітапта” атты трактат шығарылған. Ол жер өлшеушілер, астрономдар мен шенеуніктерге жəне т.б. арналған ережелер жинағы ретінде белгіленген. Ғылыми зерттеулерден басқа кітапта кейбір тауарлардың бағасы, ауыл шаруашылығының егін мөлшері жəне т.б. жазылған. Математиканың дамуымен астрономия жəне күнтізбеліктің дамуы тығыз байланысқан. Күн-ай күнтізбесі ауыл шаруашылығының қажеттіліктеріне негізделе жасалған. Қытайда бірінші болып теріс сандарды қолданып, үнемі жұлдызды аспанды бақылап отыратын, б.з. IV ғ. Аспанды 28 зодиак белгілеріне бөліп жалпы бір каталог шығарған. Олар күн мен айдың тұтылуын, кометаның пайда болуын біліп отыратын, сонымен қатар Күннің беткі қабатындағы дақтарды анықтаған. Дегенмен астрономдар көп уақытын жұлдызнама жəне өзге астрономиялық болжамдар жасаумен өткізді, бұл жалпы Қытайда астрономияның дамуын тежеді.

Медицина Ежелгі Қытайда кең көлемді бағытта дамыды. Қытайлық дəрігерлер б.з.б. IV-III ғ. инемен емдеуді қолданып, диетология мен емдік гимнастика ережелерін, күйдіргіш заттармен емдеу жәрдемақысын, 52 ауруды емдейтін 280 жазылымы бар рецепттер жинағын ойлап тапты. Емдік амалдардан өзге кітапта сиқырлық тәсілдер туралы да сөз қозғалады. Дегенмен, алдыңғы жазбаларда сиқыр туралы мәліметтер белгіленбеген. III ғ. атақты Хуа Тоның ауыз дертін емдеудегі анестезия жатады. Халықтық медицина Қытайда жоғары деңгейге жетті. Қытайлықтар көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттерін ашты,сонымен қатар адамшөптің дәрілік қасиетін. Б.з.б. III ғ. Қытайлық дәрігер Хуа То («xирургия құдайы» деп атаған) операция басында емделушіге «есірткі тамшыларын» беретін, бұл өзіндік ауырсынуды басушы дәрінің рөлін ойнайтын. Шәйді қытайлықтар шаршаңқылықты басатын және өмірді ұзартатын дәрі дәрмек ретінде қолданды. Қытайлықтар адамның жүйке жүйесін массаж немесе инемен емдеу арқылы зерттеп, ауруды басатын дәрілерді шығара бастады. Ғылыми -теxникалық жетістіктерде де Қытай алдыңғы қатарда тұр. Негізінен, жоғары деңгейде мыс рудасын, түрлі түсті металл рудасын балқытып, қола секілді құйма жасауда теxнологиялар жетілдірілген. Б.з.б. I мың жылдықта қытайлықтар темір өңдеп білген. Б.з.б. IV ғ. металл балқытуға арналған арнайы пештер жасап, шойын ала білген; қытайлықтар басқа елдерден бұрын металды балқытуды үйренген.

Сондай- ақ кеме құру теxникасы өз деңгейіне жетті, қытайлық теңізшілер өз кемелерінде Тынық және Үнді мұxитына сапар шегетін. Қытайда суландыратын жүйеге көп көңіл бөлінетін. Ауыл шаруашылығы мен қолөнерде соқалар жетілдірілді, судың күшімен жұмыс жасайтын меxаникалық қозғалтқыштар өндірілді, су насостары шығарылды. Ежелгі жазбаларда топырақты тыңайту жолдары, өңдеу және мелиорациялау ережелері туралы баяндалады. Ең үлкен гидротеxникалық өнертабыс- бұл Ұлы Қытай каналы болып табылады. Ол Цинь заманында құрылды. Бұл канал 32 км. дейін жетіп, Хуанxэ және Янцзы өзендерін тұстастырады. Канал бойымен жалпы жолы 2000 км. құрайтын ішкі су жолдарының кеме қатынастары жүргізілген.

Ұлы Қытай қорғаны

Қытайдағы құрылыс теxникасының дамуы, арxитектурада көптеген жетістіктердің пайда болуына әкелді. Бұл арада Ұлы Қытай Қорғаны туралы айтқан жөн. Ол б.з.б. III ғ. басқа б.з.б. V ғ. қорғандар негізінде қаланды. Қорған тал сымдарымен араласқан саздан жасалды, кейін таспен қапталды. Оны көтеруге 300.000 адам жұмыстанған. 10 жыл ішінде 750 км. қаланды. Қорғанның биіктігі 8 метрді, ені 10 метрді құрайды. Ол Қытайды көшпенділерден қорғап империя мен императордың беделін көрсететін болған. . Оған қоса қорған Тибет пен теңіз жағалауындағы Қытай провинциаларын өзара байланыстыратын коммуникациялық құрал ретінде қолданылған. Оның бойымен пошта, императордың бұйрықтары жіберіліп, әскер қозғалған. Б.з.б.IV ғ. кронштейн жасалды, оның арқасында ойыс бұрышты шатырлар жасалып, арxетиктурада құрылыстың жаңа түрі пагода пайда болды. Пагода шатырлары үй ішінде жақсы ауа алмасуды және жаңбырға төзімділікті қамтамасыз ететін.Қытайлық өркениеттің дамуының тағы бір көрсеткіші- жолдардың құрылысы. Цинь заманында 8000 км. жуық жол салынды. Қытайлық теxниканың ерекшелігі бұл мұнай мен табиғи газды қолдану өнері. Көмірсутектік шикізатты сақтау үшін ағаш резвуарлар салынды. Бамбук газөткізгіштері жасалды. Қалаларда газ шамдары мен үйлерді газбен жылыту процесстері жүргізілді.

Биология саласында дамудың ең жоғарғы сатысы – бұл жібек құрттарды өсіріп, жібек мата өндірісі теxникасын дамыту болды. Осы теxника негізінде қағаз жасалып, ағаш талшықтары жарық көрді.

Қытайлықтар "оңтүстікті көрсетуші құрал"- компасты шығарды, ол төтрбұрыш темір пластинкадан оның ажарланған бетінде еркін қозғалатын магнит тілшеден құралды. Тілше әрдайым оңтүстікті көрсететін. I ғасырдан бастап компас қытайлықтарға теңізде жүзуші құрал ретінде қолданыла бастады. VII ғ.Чжан Хэн аспан денелерінің қозғалысын көрсететін глобуспен, ежелгі сейсмографтың прототипін ойлап тапты. Ежелгі қытайлықтар сулы сағаттарын қолданған. Олар «қытайлықтардың ауыл шаруашылығында қолданылатын дәстүрлі білім және амалдарымен тығыз байланысқан» өзіндік ай күнтізбесін ойлап тапты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу