Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал 1

 Махенджо-Даро (синдхи тілінде — әруақтар төбесі) — ежелгі Хараппа өркениетінің орны. Әлемдік тарихтағы ең көне қала мәдениеттерінің бірі, іргесі б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықта қаланған. Махенджо Дароның орны Пәкістан жерінде, Инд өзеннің бойында, Хараппадан оңтүстік-шығысқа қарай 644 км жерде. Жалпы аум. 259 га. Ғимараттар тік төртбұрышты. Алғаш 1922 ж. үнді археологы Р.Д. Банерджи ашты. Кейіннен Дж. Маршалл, Н. Маджумдар, Э.Маккес, М.Ватс, М.Уилер басқарған экспедиялар зерттеді. Қаланың цитаделі екі төбеден тұрады.

 Үлкені II ғасырда салынған будда храмының атымен ступа деп аталады. Мұнда күрделі де еңселі ғимараттар көп. Оларға үлкен монша, астық қоймасы, оқу ғимараты, жиналыс сарайы секілді құрылыс орындары жатады. Билеушілер мен ақсүйектердің үйлері де осында. Еңсесі едәуір төмен қарапайым тұрғын үйлерден тұратын екінші бөлік төменгі қабат деген атқа ие болған.

 Бұлардың екеуі де күйдірілмеген кірпіштерден салынған тұғырдың (платформаның) үстіне тұрғызылған. Цитадель тұғырының биікт. 13 м. Сол тұғырдың көпшілік бөлігі қазір су астында қалған. Кейбір ғалымдар тұғыр қаланы су алып кетпеу үшін салынған десе, кейбірі цитаделде өтетін маңызды да салтанатты шаралар төменгі қалаға көркем сипат беріп тұру үшін салынған дейді. Махенджо Дародағы қазіргі қазба жұмыстары алдыңғы қазылған жерлерді қалпына келтіру, сақтау мақсатына бағытталған. Махенджо Дарода жүргізілген қазбалар нәтижесі Инд өңірінде қала өркениеті деңгейінен құнды мағлұматтар береді. Махенджо Даро қонысында жүргізілген қазбалар ежелгі Үнді мемлекеті мен өркениеті жайлы ғылыми түсініктерді кеңейтті. Жер асты суларының көтерілуіне байланысты қаладағы қазба жұмыстары б.з.б. 2300 — 1750 жылдардағы қабатқа дейін ғана жеткен



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу