Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, презентация.


Өздеріңді көпес ретінде елестетіңіздер. Жұпта келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

Басқа елдерде сату үшін қандай тауарды апаратын едіңіздер?

Үнді тауарларын сатуға қай мемлекеттерге бағыт аласыз? Неліктен?

Сабақ тақырыбы:

Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды

Сабақ мақсаттары:

ежелгі үнділердің шаруашылық туралы білу

ежелгі үнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағдарларына сипаттама беру

ғылымдардың дамуына шаруашылық пен сауданың ықпалын анықтау

Б.з.д. II мыңжылдықтың аяғында Үндістанның халқы бірте-бірте қоладан темір металын өндіруге көше бастады. Олардың өндіретін өнім мөлшері арта түсті. Үнді мен Ганг өзендерінің аңғарларында егіншілік, мал шаруашылығы мен қолөнер дамыды. Шаруалар күріш, бидай, арпа, мақта, күнжіт пен дәмдеуіштер өсірді. Малшылар сиыр, зебу (бұқаның түрі), жылқылар мен қойларды өсірді.

Колөнершілер кен ісінде тоқымашылықта, сондай-ақ асыл тастарды, сүйекті, ағашты өңдеу де жоғары деңгейлі шеберлікке көтерілді. Олар зергерлік бұйымдарды, бағалы маталарды дайындап, жұпар иіс шығарушы мен дәмдеуіштерді өндірген

Тапсырма 1: оқулықтағы мәтінді қарастырып, келесі тапсырмаларды орындаңыз:

Үнді тауарларының басқа елдерге тасымалдануының қандай тиімді бағдары болды?

Бұл бағдар қандай географиялық аймақтар арқылы өтті?

Ежелгі үнді көпесі сауда тауарларының сатылуын сәтті жүргізгісі келсе, онда ол қандай ғылыми білімдерге ие болуы тиіс?

Кескін картамен жұмыс.

Ежелгі Үндістанда саудагерлер салмақты және ара қашықтықты өлшеу үшін жеке өлшеу бірліктерін пайдаланған. Біз метрлік жүйені қолданамыз. Ал, енді өздеріңіз мөлшер мен қашықтықты өлшеудің жеке жүйесін құрастырып көріңіз. Эталон ретінде кез келген мөлшерді алуға болады. Бірақ ескертіңіз, сіздердің эталондарынды қолданысқа енгізу үшін ол қарапайым әрі түсінікті болуы қажет

Істеп көріңіз

Синх саудагерінің алыс саяхаттан үйіне оралғандағын көз алдыңызға елестетіңіз. Ол өз туыстары мен достарына не деп хабарлады

Интерпретация

- не білдің, не үйрендің?

- түсініксіз болған тұстар бар ма?

- тағы не үйренер едің?

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу