Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Дүниежүзі тарихы

Мектеп:

Сынып: 5

2B бөлімі – Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі

Тақырып: Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды

Оқу мақсаттары

  • ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
  • ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекетпен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • ежелгі үнділердің шаруашылық туралы білу
  • ежелгі үнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағдарларына сипаттама беру
  • ғылымдардың дамуына шаруашылық пен сауданың ықпалын анықтау

 Бағалау критерийі

  • Суретті түсіндіріп, маңызды ақпаратты анықтау
  • Картада 2 кем емес сауда бағдарын анықтай алады
  • Сауда жолдарының бойында 3 кем емес географиялық аймақтарды атай алады
  • Өлшемдер жүйесін талдайды
  • Балама өлшем жүйесін ұсынады

 Тілдік мақсаттар

Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі:

  • Тыңдалым – оқушылардың бір-бірінің жауаптарын тыңдау барысында.
  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.
  • Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.
  • Айтылым - топтарда және жұптарда талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мемлекеттің өзгеруі/жетістіктері .......

Мемлекеттің әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени саласындағы жетістіктер ..........

Ең маңызды өзгерістер/жетістіктер.....

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды /

айтарлықтай, өйткені….

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Зебу, каботаж саудасы, эталон, дәмдеуіш

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Пәнаралық байланыс

География

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

1-4 мин

5-6 мин

Тақырыпқа шығу мақсатында оқушыларға үнді сауда керуеннің суреті көрсетіледі.

Өздеріңді көпес ретінде елестетіңіздер. Жұпта келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

Басқа елдерде сату үшін қандай тауарды апаратын едіңіздер?

Үнді тауарларын сатуға қай мемлекеттерге бағыт аласыз? Неліктен?

Талқылау

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары анықталады

Презентация

Сабақтың ортасы

7-8 мин

9-19 мин

20-30 мин

31-41 мин

Қысқаша шолу ретінде үнділер қандай шаруашылықпен айналысқаны туралы және қандай өндіріс көздері болғаны туралы айтылады

Ж Практикалық тапсырманы ұйымдастырып орындау. Оқушылар тарихи деректен мәтінді қарастырып келесі тапсырмаларды орындайды:

Үнді тауарларының басқа елдерге тасымалдануының қандай тиімді бағдары болды?

Бұл бағдар қандай географиялық аймақтар арқылы өтті?

Ежелгі үнді көпесі сауда тауарларының сатылуын сәтті жүргізгісі келсе, онда ол қандай ғылыми білімдерге ие болуы тиіс?

Қалыптастырушы бағалау. Дескрипторлар.

Оқушылар:

  • Картаға тауарларды тасымалдауға тиімді бағдарларды дұрыс салады
  • Географиялық аймақтарды дұрыс анықтайды
  • Үнді көпестерінің дағдыларын анықтап түсіндіреді.

Ж Екінші практикалық тапсырманы ұйымдастырып орындау. Ежелгі Үндістанда саудагерлер салмақты және ара қашықтықты өлшеу үшін жеке өлшеу бірліктерін пайдаланған. Біз метрлік жүйені қолданамыз. Ал, енді өздеріңіз мөлшер мен қашықтықты өлшеудің жеке жүйесін құрастырып көріңіз. Эталон ретінде кез келген мөлшерді алуға болады. Бірақ ескертіңіз, сіздердің эталондарынды қолданысқа енгізу үшін ол қарапайым әрі түсінікті болуы қажет

Қалыптастырушы бағалау. Дескрипторлар.

Оқушы:

  • Балама өлшем бірліктерді ұсынады

Интерпретация

Синх саудагерінің алыс саяхаттан үйіне оралғандағын көз алдыңызға елестетіңіз. Ол өз туыстары мен достарына не деп хабарлады

Саралау:

Жоғары деңгейдегі оқушылар бұл тапсырманы жеке орындап, өз саяхаттары туралы әңгіме құрастырады.

Презентация

Оқулықтың 54-55 б

Соңы

42-45 мин

Сабақтың аяғындағы кері байланыс:

- не білдің, не үйрендің?

- түсініксіз болған тұстар бар ма?

- тағы не үйренер едің?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу