Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Ежелгі өркениеттегі ғылыми білімнің дамуы

Астрономия және математика

Ежелгі Үндістанның дамуының ерте кезеңдеріндегі астрономияның дамуы туралы ештеңе белгісіз болғанымен,заманымыздың бірінші ғасырларында ол грек астрономиясы ықпалына түскендігін болжауға болады.Жаңа идеялар тек астрологиялық мақсаттарда ғана қабылданды.Бастыстық астрономиядан Үндістанға жұлдызнама мен аптаның жеті күні енген. Көптеген ежелгі елдер секілді,Үндістандағы астрономияның дамуы телескоптың жоқтығымен тежелген, алайда үндістер бақылаудың басқа әдістері мен нақты есептеу,өлшеу жүйелерін білген.Күн жүйесінің құралсыз көруге болатын аспан денелері тек Күн, Ай,Меркурий,Венера,Марс,Юпитер және Сатурн болған.Үнді астрономдары Айдың фазаларын зерттеуге ерекше көңіл бөлген.Өз есептеулерінде, үнді астрономдары Жерді ғаламның центрі деп қарастырған, дегенмен, V ғасырда астроном Арьябxата Жердің Күнді айналуы мүмкін деген болжамдарын айтқан болатын.

Ноль санын үндіс математиктері шығарған болатын.Ежелгі үндіс қолжазбаларында ондықтар мен жүздіктер бөлек белгілермен белгіленген.Бірақ,тоғыз сан және нольдің жылғы жұмыста алғаш рет үндіс математиктерімен қолданылғанына еш күмән жоқ.Бұл жүйе Сирияда да белгілі болған,сириялық монах астроном Сиверий Себокхт 682 жылы бұл жүйенің ең алғаш Үндістанда пайда болғанын атап өткен. Оны ойлап тапқан адамның есімі әлі де болса белгісіз,бірақ ол әлем үшін ең үлкен және маңызды жаңалықтың авторы болып табылады.

Физика және химия

Будданың заманында Үндістанда ғалам жер,ауа,от,судан тұрады деп санаған.Бесінші элементті эфир деп аударылатын сөзбен атаған.Физикаға қатысты идеялар дінмен тығыз байланыста болғандықтан,осыған қатысты әр діни группалардың көзқарасы әртүрлі қалыптасқан.Алайда олардың барлығы эфирден басқа заттардың бәрі кішкене бөлшектерден,яғни атомдардан тұрады деп санаған.Буддашылдар атомдар басқа бөлшектермен салыстырғанда ең кішкене уақыт аралығында ғана өмір сүреді,пайда болып сол сәтте ғана басқа атом тудырып қайта жоқ болады деп санаған.Атомдардың байланысу комбинацияларына қатысты әртүрлі көзқарастар болған.Бұл теориялар тәжірибе жүзінде негізделмеген,жай ғана атомдық және молекулярлық теориялар ғана болды.Үнді физиктері өз шешімдерінің барлығын логика мен интуицияға негіздеген,сол жылдары гравитация мен сұйық,қатты заттардың теориялар болғанымен ,оларды тәжірибе жүзінде дәлелдеу мақсатында ешқандай қадамдар жасалмаған.

Ежелгі Үндістанда химия саласы көбінесе дәрі өндірісіне бағытталған.Үнді химиктерін көбінесе у,уқайтарма және адам ағзасына әсерін тигізетін басқа да нәрселер өндіріс қызықтырған.

Медицина

Ең ежелгі жұмыстарға сүйенетін болсақ,үндіс медицинасының ерте замандардан бері жоғары деңгейде дамып келгендігіне көз жеткізуге болады.Грек және Үнді медициналары көп нәрсені бір- бірінен алғаны белгілі.Үндіс медицинасында ортағасырдағы Еуропадағы секілді,денсаулықты негізгі үш нәрсемен байланыстырған -дем,өт,шырыш,(қан).

Ағзаның жұмысы негізгі бес ағынмен жүзеге асырылған:біріншісі тамақтан,осының арқасында адам сөйлей алған;екіншісі жүректен,соның арқасында адам дем алып,тамақ жұта алған; үшіншісі асқазаннан,асқорыту процессі жүрген;төртіншісі іш қуыстан,яғни тамақтың ағзадан шығуына және бала тууға әрекет еткен;және жалпы ағын бүкіл ағзадағы қан айналымын қамтамасыз еткен.Асқорыту процессінен кейін тамақ жүрекке жетіп,одан әрі бауырға барып ,қанға айналатын болған.Қан денеге ,одан кейін май,сүйек, миға айналатын болған.Бұл трансформация процессі отыз күн уақыт алған.

Анатомиялық білімнің жоқтығына қарамастан,үндіс хирургиясы жеткілікті жоғары деңгейде орналасқан,бұл тәжірибенің молдылығынан.Сүйек пен буындарды тузеу басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары деңгейде жүзеге асқан.

Дәрігер мамандығын Ежелгі Үндістанда құрметтеген.Оқыту ұзақ уақытқа созылып,медициналық тәжірибеге рұқсатты мемлекет беретін болған.Бұл замандарда жұмысының басында дәрігерлер ант қабылдамаса да, сол замандағы кәсіби талаптар жоғары қойылған және орындалуы да маңызды болатын.Дәрілердің саны көп болған.Олар гипс,бальзамдар,майлар,ылғалдандырғыш препараттар,ағаштардың діні мен түбірінен,минералдық негізде жасалған сұйық және ұнтақталған дәрілерді қолданған.Сонымен қатар,бактериялардың тіршілігі туралы белгісіз болса да, сол заманның өзінде диетология жеткіліті деңгейде дамыған .Медицинамен қатар,бақсылық пен сиқыр тәжірибеде дами бастаған.Бойтұмарлар мен үшкірмелер кең тараған.Психикалық бұзылысы бар адамдарды сиқыршыларға апарған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу