Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, презентация.


Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?

Сабақтың мақсаты

қос дөңгелекті күйме арбаның адамзат баласының дамуындағы маңызын көрсету

Әрбір жауынгердің шайқас алаңында қандай артықшылықтары бар?

Аккад империясы

Саргонның жорықтары

Саргон өзінің билігін ең алдымен Жоғарғы Месопотамияға таратқанға ұқсайды, одан соң Жерорта теңізіне дейін жеткен болса керек. Кейінірек Саргон Лугальзагесиге дипломатиялық неке арқылы бауырласуды ұсынады, бірақ Лугальзагеси бас тартты. Саргон әскери іс-әрекетке көшіп, өзінің қарсыласын тез арада талқандайды. Лугальзагеси тұтқынға алынып, мыс кісендермен Ниппурдағы Энлил құдайының қақпасы арқылы салтанатты түрде жүріп өтті. Біраз уақыт өткен соң оны дарға асқан болса керек. Ал Саргон болса қысқа уақыт аралығында Төменгі Месопотамияның маңызды қалаларының барлығын жаулап алады. Ол қалалардың ішінде Лагаш та бар еді. Келесі кезек Кіші Азияға («Күміс таулар») жорық жасау болатын.

Терминдермен жұмыс

Империя - әр түрлі тілде сөйлейтін, салт-дәстүрі мен дінінде айырмашылық бар халықтар тұратын және тек бір ғана басшыға бағынатын территория.

Империя – басқа халықтар мен елдердің аумағын қамтитын ұлан-ғайыр мемлекет.

Суреттегі кісі қандай басшы болды деп ойлайсыз?

Б.з.б. 24 жылы орталығы Аккадта орналасқан Қосөзендегі державаның негізін қалаушы. Киш қаласынан шыққан семит. Саргон шумер патшасы Лугальзагесиді жеңді және басқа қала-мемлекеттерді жаулап алды; Саргонның әскері Эламға, Сирияға, Кіші Азияға дейін жетті.

Топтық жұмыс

Саргон үшін ең қиын болған үш мәселені анықтаңдар. Белгіленген уақыт аяқталған соң мәселелердің шешу жолдарын талқылаңдар

(15 минут).

Саргонның мемлекеттік басқарудағы мүмкін болған проблемалары

Өте ірі державаны басқару;

Көптеген әскери экспедициялар;

Көтерілістерді басу;

Шекараларды нығайту;

Билікті күшейту;

Дінбасыларын қорғау.

Бағалау критерийі

өз көзқарасын аргумент арқылы қуаттайды

Дескрипторлар:

ең маңызды деген үш проблеманы анықтайды;

проблемалардың маңыздылығын 1-2 дәлел келтіре отырып түсіндіреді;

анықталған проблемалардан шығу жолдарын сипаттайды.

Оксусс қоймасынан табылған арбаның үлгісі

Қос дөңгелекті күйме арбаның сипаты

Қос дөңгелекті күйме арбаның ойлап табылуы қаруланған әскерлер жүктеріне қарамастан тезірек қозғалады дегенді білдірді. Аттарды басқаратын адамдардың болуы садақшы жауынгерлерге арбаның үстінде тұрып-ақ емін-еркін соғысуға мүмкіндік берді. Сол замандардағы жылқылардың кішірек болғандығы да кедергі келтірмеді. Себебі арбаға бір аттан көп жегуге болатын еді. Ағаш арбаларға қарағанда металдан жасалған арбалар жылдамырақ әрі ептірек келетін. Олар үлкен жылдамдықпен дұшпанға жақындаған сайын оның бойында қорқыныш сезімін туғызатын. Алайда арбаларды жасау қымбатқа түсті әрі ол үшін жолдардың сапасы жоғары болу керек еді.

Қос дөңгелекті күйме арбаның таралуы

Тақырыпты бекіту

Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемнің өзгеруіне әкелді, сол арқылы көшпелілер басқа да өркениеттерге жорық жасай алды.

Рефлексия

бүгін сабақта нені білдіңіз?

не нәрсе түсініксіз боп қалды?

не ұнамады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу