Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


«Бекітілді: _______________ Бейсенов М.К.

(ӘБ жетекшісі)

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдукаримов Д.Н.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

қос дөңгелекті күйме арбаның адамзат баласының дамуындағы маңызын көрсету

Бағалау критерийлері

өз көзқарасын аргумент арқылы қуаттайды

Дескрипторлар:

  • ең маңызды деген үш проблеманы анықтайды;
  • проблемалардың маңыздылығын 1-2 дәлел келтіре отырып түсіндіреді;
  • анықталған проблемалардан шығу жолдарын сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

империя, қос дөңгелекті күйме арба

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

бұл мәселені былай шешуге болатын еді…

Құндылықтарды дарыту

құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды)

қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы адамзат баласының даму жолын өзгеріске ұшыратты

Пәнаралық байланыстар

география (мазмұн арқылы: Саргон көптеген елдер мен жерлерді жаулап алды)

Бастапқы білім

5.1B бөлімінен Қосөзендегі ежелгі мәдениеттер жайлы біледі

 Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (2 минут).

Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту (2 минут).

Оқушыларға жаяу сарбаз бен қос дөңгелекті күйме арбаның үстіндегі жауынгердің суретін көрсету. Әр жауынгердің шайқас алаңындағы артықшылықтарын талқылау (4 минут).

Презентация «Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы»

Сабақтың ортасы

Аккад империясы мен египеттіктердің территориясы бейнеленген картаны көрсету. Патша Саргон I әлем тарихындағы өте үлкен территорияны жаулап алған ең алғашқы патшалардың бірі әрі Аккад империясы бірінші пайда болған империялардың қатарынан екендігін түсіндіру. Терминді жазып, оны оқушылардың түсінгендігіне көз жеткізу («империя» сөзінің анықтамасы – әр түрлі тілде сөйлейтін, салт-дәстүрі мен дінінде айырмашылық бар халықтар тұратын және тек бір ғана басшыға бағынатын территория).

Саргон өзінің билігін ең алдымен Жоғарғы Месопотамияға таратқанға ұқсайды, одан соң Жерорта теңізіне дейін жеткен болса керек. Кейінірек Саргон Лугальзагесиге дипломатиялық неке арқылы бауырласуды ұсынады, бірақ Лугальзагеси бас тартты. Саргон әскери іс-әрекетке көшіп, өзінің қарсыласын тез арада талқандайды. Лугальзагеси тұтқынға алынып, мыс кісендермен Ниппурдағы Энлил құдайының қақпасы арқылы салтанатты түрде жүріп өтті. Біраз уақыт өткен соң оны дарға асқан болса керек. Ал Саргон болса қысқа уақыт аралығында Төменгі Месопотамияның маңызды қалаларының барлығын жаулап алады. Ол қалалардың ішінде Лагаш та бар еді. Келесі кезек Кіші Азияға («Күміс таулар») жорық жасау болатын.

(5 минут).

Саргонның дулығасының суретін көрсету. Оқушылардан оны киген адамның қандай патша болғандығы жайлы сұрау (2 минут).

Оқушыларды бірнеше кіші топтарға бөлу. Саргонның мемлекеттік басқарудағы кездестірген қиындықтары жазылған карточкаларды таратып беру. Оқушылардың міндеті – Саргон үшін ең қиын болған үш мәселені анықтау. Белгіленген уақыт аяқталған соң мәселелердің шешу жолдарын талқылауға болады.

(Саргон үшін қиын мәселелердің бірі үлкен қашықтықты жүріп өту болған болса керек. Оқушылардың мұндай қорытындыға келуі мәселенің шешімін қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуымен байланыстыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға сол заманда өмір сүрген адамдардың технология жағынан шектеулі болғандығын түсіндіру керек (15 минут).

Оқушыларға қос дөңгелекті күйме арбаның моделін көрсетіп, оның сипаттамасы жазылған парақты таратып беру. Объектінің қалай және қайда табылғандығын айту. Саргонның ойлап табылған күйме арба туралы ойы қандай болғандығын әрі империядағы кейбір мәселелерді қалай шешкендігін талқылау (5 минут).

Шамамен б.з.б. 2000 жылы көшпелілер ойлап тапқан қос дөңгелекті күйме арбаның Еуразия арқылы қалай таралғандығын бейнелейтін картаны көрсету (3 минут).

Бекіту. Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемнің өзгеруіне алып келгендігін, сол арқылы көшпелілер басқа да өркениеттерге жорық жасай алғандығын түсіндіру (2 минут).

Презентация «Крест жорықтары»

Жұмыс дәптері

Контур карталар

«Царство небесное» фильмінен үзінді

«Саргонның проблемалары» деп аталатын мәтін

«Қос дөңгелекті күйме арбаның сипаты» деп аталатын мәтін

Сабақтың соңы

Оқушылардың жұмысын бағалау (1 минут).

Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды (2 минут).

Үй жұмысы. Оқулықта берілген §24 оқып келу (1 минут).

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың коммуникативтік дағдылары анықталады. Ұсынылған тапсырмалар мен дидактикалық материалдар оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Мысалы, сұрақтардың деңгейі біртіндеп күрделеніп, Блум таксономиясының жоғары деңгейдегі дағдыларына өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ айтылым, тыңдалым дағдысы ерекше оқушылардың қажеттілігі ескерілді.

Саргон үшін қиындық туғызған үш негізгі мәселені анықтау, оларды шешу жолдарын ұсыну (бағалау критерийлеріне сәйкес)

Партада дұрыс отыру ережелері еске салынады. Мойынға жаттығулар жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу