Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, презентация.
Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?
Сабақтың мақсаты
шығыс монархтарының сәтті билігінің құпиясын ашу
Топтық жұмыс
Берілген мәтінді оқып шығып, стикерлерге империялардың дамуына қатысты негізгі факторларды жазыңдар
(10 минут).
Бағалау критерийі
өз көзқарасын аргумент арқылы қуаттайды
Дескрипторлар:
империяның дамуындағы маңызды оқиғаларды анықтайды;
түсіндіру барысында аталған оқиғалардың маңыздылығын көрсететін 1-2 дәлел келтіреді.
Сұраққа жауап беріңіз
Билеушінің мәртебесі империяның қуатты болуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табыла ма?
Ашшурбанипал билігінің ерекшеліктері
Ашшурбанипалға елдегі тәртіпті сақтау үшін үнемі соғысуына тура келгеніне қарамастан, ол өзін жақсы администратор ретінде көрсете білді. Ашшурбанипалдың билігін кезінде империяның экономикасы дами түсті.
Ашшурбанипал билігінің ерекшеліктері
Ашшурбанипал Ассирияның негізгі храмдарын қайта салып, әдемілік сыйлады. Оның ерекше мән бергені «Мұрагерлік үй» және Ниневиядағы Иштар храмы болды. Патшаның көп әрекеті құдай тарапынан берілетін бұйрық деп есептелді. Ол үнемі жаңа жылдық рәсімді атқарып тұрды. Ашшурбанипалдың інілері Харран мен Ашшурда дінбасылары еді.
Вавилондық Навуходоносор билігінің ерекшеліктері
Навуходоносор өзінің алдындағы ассириялықтар сияқты өз жауларына, көтерілісшілерге аяусыздық танытты. Өзімен араздасқан қалалар мен патшалықтардың ең мықты қолбасшылары мен қолөнершілерін тұтқынға алатын еді. Қолға түскендер Вавилонда айдауда өмір сүрді.
Вавилондық Навуходоносор билігінің ерекшеліктері
Вавилондықтар қалалар мен патшалықтардың байлығын өздеріне алып, сенімді деген адамдарды билік басында қалдыратын еді. Жергілікті жерлердегі құдайлардың мүсіні мен мінәжат құралдарын қолға түсіріп, Вавилонда қолданатын.
Айдауда болған элита өздеріне қатысты жүргізіліп отырған саясатқа разы болмады. Сол арқылы олар вавилондық заңдарға қарсылық танытты. Алайда бұл саясат талантты адамдарды империяның астанасында ұстап тұруға мүмкіндік беріп, айдаудағыларды өз жерлеріндегі көтерілістерге басшылық жасаудан тосты.
Ұлы Кир билігінің ерекшеліктері
Ұлы Кир парсы көсемдерінің бірі еді. Оның алдындағы ешбір басшы мұншалықты үлкен мемлекетке ие болған жоқ және өте көп көлемде тамаша жеңістерге қол жеткізбеді.
Ұлы Кир билігінің ерекшеліктері
Б.з.б. 558 ж. Кир парсылардың патшасына айналды. Ол кезде Парсы патшалығы Мидияға қарайтын. Жаңа патша бұл нәрсеге тоқтау салу үшін б.з.б. 550 ж. Мидияның астанасы Экбатанды басып алып, Мидияның өзін империяның құрамына қосты. Вавилондық деректерге қарағанда, Экбатанның күміс, алтын және т.б. байлықтары тоналып, Аншанға жөнелтілген. Шешуші шайқас алаңында Парсы патшалығының алғашқы астанасы – Пасаргады қаласы бой көтерді.
Кирдің жолында ендігі кезекте Вавилон тұрды. Оның алынбайтын қамалдарына қарамастан, Ұлы Кир б.з.б. 539 жылдың күзінде Вавилонды өзіне қаратты. Сол кезде ол өзін шебер саясаткер әрі дипломат ретінде көрсете білді: тұрғындар мен дінбасылары парсыларға қала қақпаларын ашып беретін болса, оларға тиіспейтіндіктерін айтты. Ал Вавилон үшін кейбір артықшылықтар сақталып қалды – Вавилон Ұлы Кирдің резиденцияларының біріне айналды.
Ұлы Кир билігінің ерекшеліктері
Вавилонды алған соң парсы әскері Жерорта теңізінің жағалауына қарай жүрді. Өз жеріне Палестина мен Финикияны қосып алып, Иерусалим және көптеген финикиялық қалаларды қалпына келтірді, еврейлерге вавилондық тұтқыннан босанып, өз отандарына қайтуға рұқсат берді.
Парсылар жаулап алынған қалаларды қиратқан жоқ. Керісінше өзге елдердің салт-дәстүріне, сеніміне және мәдениетіне құрметпен қарады. Басып алынған қалалар Персияның сатрапиясы (провинция) атанып, салық төлеуге міндеттелді. Кир өзін «бүкіл әлемнің патшасы, ұлы патша, күшті патша, Вавилонның патшасы, Шумер мен Аккадтың патшасы, әлемнің 4 елінің патшасы» деп жариялады. Парсылардың билігінде Иран мен Орта Азиядан Эгей теңізіне дейінгі үлкен территория болды.
Дарий I билігінің ерекшеліктері
Дарий I патшаға мұраға Индиядан Египетке дейін созылып жатқан ұлы империя қалды. Бірақ Кирдің өлімінен соң мемлекет құлдырай бастады. Жаулап алынған қалалар парсылардың билігінде болғысы келмеді, елдің әр жерінде көтерілістер шығып отырды. Дарийдің үлкен әскер жинап, жорыққа шығуына тура келді. Ең алдымен ол вавилондықтарға қарсы аттанды. Оның ойынша, егер ол вавилондықтарды тыныштандырса, басқа халықтарды да басуына болатын еді.
Дарий I билігінің ерекшеліктері
Бірақ ірі мемлекетті басқару оңайға соқпады. Елдің түкпір-түкпіріне маңызды хабарламамен аттанған қуғыншылардың кейбір кездері жолға жарты жылға дейін уақыттары кететін. Сол себепті Дарий I өзінің империясын сатрапияларға бөлді, әр сатрапияға сенімді адамдарды – сатраптарды басқаруға жіберді. Дарий I қалаларға апаратын тас жолдарды және бірнеше уақыттан соң тоқтайтын күзет орындарын салдырды. Аталған күзет орындарында өз атыңды ауыстырып алуға болатын еді. Ендігі жерде жолға кететін уақыт бірнеше аптаға дейін қысқарды.
Топтық жұмыс
Ашшурбанипал, Вавилондық Навуходоносор, Ұлы Кир, I Дарий патшаларға (бір билеушіні таңдап алып) өз империясын басқаруды қалай жақсартуға болатыны жайында ұсыныстар жазыңдар
(3 минут).
Бағалау критерийі
аталған монархқа проблемалардың шешу жолдарын ұсынады
Дескрипторлар:
берілген монарх қызметінің ерекшеліктерін сипаттайды;
проблемалардың қиындығын бағалайды.
Бекіту
Басқару тәсілдеріне келгенде парсы патшалары кейбір идеяларды Аккад және Ассирия басшыларынан алған.
Рефлексия
бүгін сабақта нені білдіңдер?
не нәрсе түсініксіз боп қалды?
не ұнамады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?