Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.
«Бекітілді: _______________ Бейсенов М.К.
(ӘБ жетекшісі)
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A. Қос дөңгелекті күйме арбалар мен империялар | Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Абдукаримов Д.Н. | |||||
Сынып: 5 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақ тақырыбы | Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру; 5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау | |||||
Сабақ мақсаттары | шығыс монархтарының сәтті билігінің құпиясын ашу | |||||
Бағалау критерийлері | өз көзқарасын аргумент арқылы қуаттайды; аталған монархқа проблемалардың шешу жолдарын ұсынады. Дескрипторлар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | тыңдалым және айтылым (топ ішінде талқылайды) жазылым (монархтардың біріне ұсыныстар жазады) Пәнге қатысты лексика мен терминология: империя, Таяу Шығыс Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: шығыс монархтарының сәтті билігінің сыры келесідей... | |||||
Құндылықтарды дарыту | құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды) қарастырылып отырған монархтар өз елдерінің игілігі үшін жұмыс жасады | |||||
Пәнаралық байланыстар | география (мазмұн арқылы: қарастырылып отырған елдер Таяу Шығыс пен Орта Азияда орналасқан) | |||||
Бастапқы білім | 5.1B бөлімінен Қосөзендегі ежелгі мәдениеттер жайлы біледі | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (1 минут). Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту (2 минут). | «Таяу және Орта Шығыстағы империялар» деп аталатын презентация | ||||
Сабақтың ортасы | Оқушыларды 4 топқа бөлу: Хетт, Ассирия, Екінші Вавилон және Парсы патшалықтары (2 минут). Топтық жұмыс. Оқушыларға империялар жайлы мәтіндері бар парақтарды таратып беру. Олар болса стикерлерге империялардың дамуы жайлы негізгі фактілерді жазады (10 минут). Топтарға бес бөліктен тұратын Венн диаграммасында стикерлерін орналастыруды ұсыну. Әр топ өз дәлелдерін келтіреді. Талдау соңында мемлекеттің дамуында оның күшеюіне әсер еткен ортақ фактілерді бөліп алуды сұрау (7 минут). «Билеушінің мәртебесі империяның қуатты болуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табыла ма?» деген сұрақты талқылау (2 минут). Оқушыларға Ашшурбанипал, Вавилондық Навуходоносор, Ұлы Кир, I Дарийдің басқару ерекшеліктері туралы әңгімелеу, оқушылармен бірге олардың іс-әрекетінің оң және теріс жақтарын талқылау (3 минут). Топтық жұмыс. Оқушылардан Ашшурбанипал, Вавилондық Навуходоносор, Ұлы Кир, I Дарий патшаларға (бір билеушіні таңдап алуы керек) өз империясын басқаруды қалай жақсартуға болатыны жайында ұсыныстар жазуын сұрау (3 минут). Оқушылар өз ойларымен бөліседі (7 минут). Бекіту. Оқушылардың назарын келесідей нәрсеге аудару: басқару тәсілдеріне келгенде парсы патшалары кейбір идеяларды Аккад және Ассирия басшыларынан алған (1 минут). | «Таяу және Орта Шығыстағы империялар деп аталатын презентация «Империялардың дамуы» деп аталатын мәтіндер | ||||
Сабақтың соңы | Оқушылардың жұмысын бағалау (1 минут). Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды (1 минут). Үй жұмысы. Оқулықтағы сәйкес параграфты оқып келу. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылардың коммуникативтік дағдылары анықталады. Ұсынылған тапсырмалар мен дидактикалық материалдар оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Мысалы, сұрақтардың деңгейі біртіндеп күрделеніп, Блум таксономиясының жоғары деңгейдегі дағдыларына өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ айтылым, тыңдалым дағдысы ерекше оқушылардың қажеттілігі ескерілді. | Мәтінге анализ жасап, монархқа хат жазады (бағалау критерийлеріне сәйкес) | Партада дұрыс отыру ережелері еске салынады. Мойынға жаттығулар жүргізіледі. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?