Қос дөңгелекті күйме арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті. Тарихи концепт (фокус): маңыздылық. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
Үлестірме материал (Қосымша 1)
Бөлім/Тақырып: Қос дөңгелекті күйменің пайда болуы әлемді қалай өзгертті | ||
Оқу мақсаты: | 5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану | |
Ойлау дағдыларының деңгейі: | Қолдану Анализ | |
Бағалау критерийі: | Месопотамияның экологиялық жағдайы және оның халыққа әсерін сипаттайды | |
Тапсырма Геродоттың «Тарих» еңбегінен үзіндіні оқыңыз, сұраққа жауап беріңіз. Барлық Бабыл, Мысыр сияқты, барлық жерде су арналарымен кесілген. Ең ірі су арналарының бірінде кемелер жүреді. Әлемдегі барлық елдердің ішінен, менің білуімше, бұл жер Деметраның (гректің құнарлық құдайы) үздік жемісін шығарады. Керісінше,бұл жерде жеміс-жидек ағаштары: інжір ағашы, жүзім немесе зәйтүн өспейді. Ал Деметра жемістеріне келетін болсақ, егін жинағанда гектардан 240 центнер және 360центнер (жақсы жылдары) алуға болатын. Бидай мен арпа жапырақтарының кеңдігі төрт саусаққа жетеді. Тары және күнжіт (май шығатын өсімдігі) өсімдіктерінің биіктігі ағаштың бойындай бар екені белгілі маған, бірақ мен бұл туралы айтпаймын.Өйткені, дәндердің құнарлығы туралы әңгіме Бабыл елінде болмаған адамдардың сенімсіздігін тұдырады. Зәйтүн майын бабылдықтар мүлдем қолданбайды тек күнжітті. Барлық жазықтық жерде көбінесе жемісті финикалық пальмалар өседі. Пальма жемістерінен нан, шарап және бал дайындалады. Крушкол Ю.С. Хрестоматия по истории Древнего мира. М., 1987. С. 58.
| ||
Дескрипторлар | Оқушылар:
|
Бөлім/Тақырып: Қос дөңгелекті күйменің пайда болуы әлемді қалай өзгертті | ||
Оқу мақсаты: | 5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану | |
Ойлау дағдыларының деңгейі: | Қолдану Анализ | |
Бағалау критерийі: | Месопотамияның экологиялық жағдайы және халыққа әсерін сипаттайды | |
Тапсырма Су тасқыны жайлы аңыздан үзіндіні оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Су тасқыны жайлы аңыз (саз тақтайшадағы сынажазу бойынша) Бір күні адамдарға ашуланған құдай су тасқынын жасауды шешті. Бірақ қайырымды су құдайы Эа Утнапишти есімді әділ адамды бұл жайдан хабардар етті. Ол кеме жасап, оған өзінің туыстары бар малын мінгізді. Әне аспанды күркіреген қара бұлт торлады. Алты күн, жеті түн өткен соң дауыл басылып, күн шықты, су бетінде кішкене ғана арал көрініп тұрды. Бұл ең биік таудың шыңы болатын. Утнапишти әуелі көгершіндерді жіберді, олар шарлап ұшып құрғақ жер таба алмай қайта оралды. Содан соң қарлығашты жіберді, ол да құрғақ жер таба алмай кері оралды. Ал қарғаларды жібергенде олар құрғақ жерді таба алды. Утнапишти шың басына қамыс төсеп, от жағып, құдайға арнап құрбандық шалды. Құдайлар қуанып, адамдарды кешіріп, су тасқынына аман сақтады. Ал Утнапиштидің адамдар арасында жалғыз өлмейтін адамға айналды.
| ||
Дескрипторлар | Оқушылар:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?