Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? Тарихи концепт (фокус): ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал.


Үлестірме материал (Қосымша 2)

Бөлімақырып: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды ?

Оқу мақсаты:

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Анализ

Бағалау критерийі:

Ассиирияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасайды.

Тапсырма

Тарихи деректен үзінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Салманасара III деректерінен (859 -824 гг. до н. э.)

Мен Арзашқа, урамның Арам атты патшалық қаласына жақындадым. Урарттық Арам менім күшті қаруымнан және мықты шайқастан қорқып, қаланы тастап кетті. Ол Аддури тауларына көтерілді, артынан мен көтерілдім де тауда шайқастым, Адад сияқты 3400 жауынгерді жеңдім, тауларды қанға боядым, салт аттыларын, аттарын, бұзауларын және барлық мүліктерін таудан өзіме олжаға алдым. Арам, өз өмірін сақтау үшін тауға қашып кетті. Мен өз мықтылығыммен, күшіммен оның елін жандырып, күл қылып, жоқ қылдым.

  • Ассирия билеушісі соғыс жорықтарын қандай мақсатпен көрші елдерге жүргізді?
  • Жорықтарда Ассирия әскері олжа ретінде нені алды?
  • Ассирия патшасы басқарған әскер қандай сипат алды?

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • Ассирия билеушісінің жорықтарының мақсатын көрсетеді.
  • Ассирия әскерінің трофейін көрсетеді.
  • Ассирия билеушісі жорықтарының сипатына талдау жасайды.

Бөлім/Тақырып: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды ?

Оқу мақсаты:

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Анализ

Бағалау критерийі:

Ассиирияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасайды.

Тапсырма

Тарихи деректен үзінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Ашшурбанапала жазбалары

Менім әкем, Ассирия патшасы, Мысыр елін жаулап және иемденіп алған, ал сол жауланған Мысыр елінің патшасы, Ашшураның және құдайлардың мықтылығын ұмытып, өз күшіне сеніп, менім әкем сол жерге қойған патша мен билеушілерге қарсы шыққан. Маған бұл туралы Ниневияға хабаршы келіп айытты. Осы хабарды есітіп мен ашұландым және ішім күйді.Сондықтан мен өз әскери күштерімді Мысырға бұрдым. Сол жердегі маған қарап отырған адамдарға көмекке келу үшін мен тез қимылдап, ақыры үлкен жазықтықта соғыстым. Ол Мемфисты тастап,өз өмірін сақтау үшін Фиваға қашты. Мысыр еліне менім әкем қойған патшаларды, билеушілерді, басшыларды мен қайтардан өз орындарына қойдым, мысырмен қайта биледім. Тоналған мүлікпен және көп, ауыр олжамен мен ама-есен Ниневияға оралдым...

Михайловский Ф.А. . Ежелгі дүние тарихы. М., 2000. С. 49-50.

Мысыр көтерілісін басудағы Ашшурбанапал іс-әрекеттеріне мінездеме беріңіз.

Дескрипторлар

Оқушылар:

Мысыр көтерілісін басудағы Ашшурбанапал іс-әрекеттерін сипаттайды

Бөлім/Тақырып: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды ?

Оқу мақсаты:

5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Анализ

Бағалау критерийі:

Ежелгі Парсының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасайды.

Тапсырма

Тарихи деректен үзінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Геродот. Тарих

166. ...Дарий тиындарды шарпу үшін, қанша болса да ең таза алтынды жіберүді тапсырды...

52. Сузыға баратын жолмен жағдай былай болып тұр: бүкіл жол бойы ол жақта патшалық тұрақтар және кереметтей тұрақтайтын үйлер бар, және де жол халық тығыз мекендейтін, қауіпсіз жерлер.

53. Егер де сол патшалық жол парасангтармен дұрыс өлшенген болса (белгіленген ұзындық)және де 1 парасанг-30 стадий тұрса, онда Сардтан Сузадағы патшалыққа 13 500 стадий, өйткені бүкіл жол 450 парасанг болды. (Стадий- грек өлшемі, 184,97 метр)

98. Әлемде осы хабаршылардан тез ешкіи жоқ: парсылардың пошта қызметі қандай ақылды істелінген! Естігеніміз олардың жол бойы аттарымен адамдары сондай орналасқан, әр күні жаңа ат пен адам болады.

Крушкол Ю. С. Ежелгі дүние тарихының хрестоматиясы. М., 1987. С. 81.

І Дарий патшаның шаруашылық басқаруын сипаттаңыз

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • Дарий патшаның билеген тұсында Ежелгі Парсының шаруашылығын сипаттайды.

Бөлім/Тақырып: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды ?

Оқу мақсаты:

5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Анализ

Бағалау критерийі:

Ежелгі Парсының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасайды.

Тапсырма

Тарихи деректен үзінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Геродот. Тарих

89. ...Дарий патшасы Парсы елін жиырма провинцияға бөлді, парсыларда олар сатрапиялар- деп аталады. Осы тараптарды құрып, оның басшыларын сайлап, патша әр тайпадан жинайтын салық мөлшерін орнатты.Көптеген көрші халықтар бір сатрапияға біріккен еді...Сатрапиялардың бөлуін және жылдық салықтың кірісін ол келесідей шешті: салықтарды күміспен төлейтіндер вавилондық талантпен береді (30,3 кг), ал алтынмен төлейтіндер- евбейлік салмақпен (26,19 кг).

96. Осы дүниелерін патша келесідей сақтайды: металлдарды балқытуға бұйырады да оларды лайдан істелінген ыдыстарға құяды. Ыдыстар толған кезде, оны жарады. Ақша қажет болған кезде, патша керек алтынды ыдыстардан жарып алұға бұйрық беріп отырады.

97. Осы тараптар мен салық өлшемдері осындай еді. Салықпен басылған жерлердің арасында мен салықтан бос, еш нәрсе төлемейтін бір жерді ғана айтпадым, өйткені ол жерде парсылар өздері тұрады...

Крушкол Ю.С Ежелгі дүние тарихының хрестоматиясы. М., 1987. С. 79-80.

  • Өзінің империясын нәтижелі басқару үшін І Дарий патша не істеді?
  • Жаулап алған елдері І Дарий патшаға қандай салық төледі?
  • I Дарий патша алтын, күмістерді қалай сақтады?
  • І Дарий патшалығында қандай адамдар салық төлемеді?

Дескрипторлар

Оқушылар:

  • Ежелгі Парсының басқару жүйесін сипаттайды
  • Ежелгі Парсының салық жүйесін сипаттайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу