Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды? Тарихи концепт (фокус): ұқсастықтар мен айырмашылықтар. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


ФМБ НЗМ Шымкент қаласы

Тема: Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?

Тарихи концепт (фокус): ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Сабақ түрі:

Жаңа сабақ

Мұғалім аты-жөні:

Ивашев С. В.

Сынып: 5 сыныптар

Қатысқандардың саны:

Қатыспағандар:

Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары:

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру

5.3.1.1ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау

Сабақ мақсаттары:

Ассирия империясы, екінші Вавилон империясы, Парсы империясы секілді ежелгі мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын оқып үйренеді

Тілдік мақсаттар:

Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкндік беріледі:

  • Тыңдалым - видеоматериал көріп болған соң тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында.
  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.
  • Жазылым тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.
  • Айтылым - топтарда және жұптарда талдау талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Шығыстағы ежелгі мемлекеттердің географиялық жағдайын және шекарасын сипаттайды
  • Жаңа Вавилон патшалығының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды
  • Ассирияның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды
  • Ежелгі Парсының саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдайды.

Пәнаралық байланыстар:

Бұл сабақ ежелгі мемлекеттердің саяси жағдайын меңгеру арқылы география пәнімен, орыс тіліндегі мәтін және бейнематериалдар қарау арқылы орыс тілі пәнімен байланысады

Бастапқы білім:

Оқушылар ежелгі мемлекеттердің пайда болуы мен дамуындағы билеушілердің рөлі туралы тақырыппен байланысады.

Пәндік лексика және терминология:

Империя, билеуші, жорықтар, реформалар, әскери іс-қимылдар, соғыс

Сөйлеу (жазуға) арналған пайдалы сөйлемдер

Ұқсастықтар бойынша сіздің көзқарасыңыз...

Мен былай қорытындылаймын...

Патшаның билеу ісінен кейін...

Сабақ барысы:

Жоспарланған сабақтың бөлімдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар:

Сабақтың басталуы

2-3 минут

Оқушылармен сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, жетістік критерийі таныстырылады.

Оқушыны 3 топқа біріктіру

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

5 минут

25- 30 минут

Картамен жұмыс жүргізу. Топ оқушылары сол мемлекеттердің саяси дамуы жайлы картамен жұмыс жасайды.

Топтарға мәтінмен жұмыс жасау тапсырылады. Әр топ оқулық бойынша мәтінмен жұмыс жасайды.

Оқылымнан кейін оқушылар ауылшаруашылығы іс-әрекеті, билеу ісі, жаулап алу бағыттарының ерекшелігін ескере отырып, кесте толтырады. Кесте толтырылғаннан кейін, топтың бір өкілі келесі топқа келеді де, өз кестелері бойынша түсіндіру жұмысын жасайды. тыңдап отырған топ өз кестелерін толықтырады.

Үлестірме материал. Қосымша 1

Таныстырылым

Ежелгі әлем тарихы оқулығы Жаңававилон патшалығы, Ассирия және Парсы империясы тараулары.

Сабақтың соңы

1-2 минуты

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма:

  • Кестеден нақты мәліметті анықтау
  • Бейнемәліметтер қарау
  • Таңдауы бойынша әр ежелгі патшалыққа тарихи дерек бойынша талдау жасау. Тарихи дерек бойынша жұмыс жасау (Үлестірме материал. Қосымша 2)

Қосымша ақпарат:

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Бағалау түгел сабақтың барысында оқушыларға кері байланыс беру және дескрипторлар арқылы іске асырылады.

Денсаулық және қауіпсіздік

Партада отыру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және интерактивті тақтаны пайдалану кезінде іске асырылады.

Рефлексия (сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шыншыл болды ма? Оқушылар бүгін не ұқты? Сыныптағы атмостфера қандай болды? Мен өткізілген дифференциация іске асты ма? Мерзімге сыйды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?

Бұл тарауды сабақты өткізу барысына арнаңыз? Сабақ бойынша сол жақ бағанадағы ғң маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу