Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, презентация.


Мына фотосуреттен нені көріп тұрсыз?

Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді?

Сабақтың мақсаты

Говард Картер жасаған ғылыми жаңалықтың Ежелгі Мысыр мәдениеті мен әлеуметтік құрылымын зерделеудегі маңызын анықтау

Говард Картер – өзіне әлемдік танымалдық әкелген Тутанхамон моласын зерттеуші

1922 жылы Говард Картер ашқан Тутанхамонның моласы ұлы археологиялық ашылулардың бірі саналады. Қазба жұмыстары кезінде табылған, патшаға о дүниеде керек болады деп есептелген мыңдаған заттар қайтадан күннің жарығын көрді.

Тутанхамонның мұрасы

Тутанхамон не ұлы қолбасшы (Рамсес II сияқты), не реформатор (Эхнатон секілді) болмады.

Таққа бала кезінде отырған ол жас жігіт еркекке айналар тұста қайтыс болды.

Ол өзінен кейін енді-енді тәртіпке келтірілген мемлекет пен египеттік өлшемдер бойынша өте қарапайым моланы тастап кетті.

Дегенмен Тутанхамонды әлемге әйгілі еткен дәл осы нәрсе (мола) болатын.

Патшалар алқабы

Патшалар алқабы б.з.б. II және I мыңжылдықтарда перғауындар мен олардың әйелдері жерленетін орын болған.

Тутанхамонның мұрасы

Тутанхамонның әке-шешесі Эхнатон мен патшайым Кийа болды.

Эхнатон тек 17 жыл ғана ел басқарды. Бірақ аталған 17 жылда египеттіктердің дүниетанымында терең дағдарыс орын алды: перғауын жалғыз құдай Атонды жоғары қойды. Осы жолда басқа ескі құдайлардың атын және храмдарын жойды.

Тутанхамон билікке бар-жоғы 6-7 жасында келді.

Өзінің Эйе және Хоремхеб есімді көмекшілерінің ықпалына ұшыраған ол билігінің 4-жылында әкесінің реформаларынан бас тартты. Сөйтіп египеттіктер ескі құдайларымен қайта қауышты.

Бұл оқиғалар мәдениеттің дәстүрлі арнаға оралуын және мемлекеттің қайта гүлденуіне деген үміттің күшейгендігін білдірді.

Тутанхамонның моласы

Жерлеу камерасының қабырғалары

Тутанхамонның мұрасы

Алдыңғы бөлмені ашқан кездегі көрініс. Күйме арбалар мен жануарлардың бастары бейнеленген төсек. Алдыңғы төсектің астында азық-түлігі бар ақ түсті қорашалар орналасқан.

Артында перғауынның саркофагы орналасқан наостар

Тутанхамонның мұрасы

Говард Картер саркофагты айнала қоршаған наостарды ашуда. Оларды ашу үшін археологтар 84 күн бойына ерінбей еңбек еткен көрінеді.

Тутанхамонның мұрасы

Сырлы қазына Картерге алғаш көрінген бейнеде. Алдыңғы жақта сандықтың үстінде жамылғыға оралған итқұс бейнесіндегі Анубис, оның артында Хатор құдайдың қасиетті сиыр бейнесіндегі түрі Мехуреттің басы тұр. Артқы жақта Тутанхамонның ішкі ағзалары салынған сандық (наос) орналасқан. Сол жақта – сандықтар мен кемелердің модельдері.

Наос

Перғауынның саркофагы сақталған наос Нехбет құдайдың (перғауын билігін қорғаушы) ғибадатханасының (б.з.б. IV мыңжылдықтың аяғы) ежелгі формасын еске түсіреді. Наостың қабырғаларында Тутанхамон мен оның әйелі Анхесенпамон бейнеленген.

Наостағы бейнелер

Тутанхамонның мұрасы

Орта патшалық дәуірінде қабірге жер өңдеушілердің, қолөнершілердің және басқа да топтардың ағаш бейнелері қойылатын. Діни түсінік бойынша олар арғы өмірде қожайындарының жұмысын істеуі керек болды. Жаңа патшалық кезінде мұндай бейнелердің орнына өлген адамның мумиясы түріндегі магиялық бейнелер келді. Олардың бетіне «Өлілер кітабынан» алынған, өліктің рухына ол «налу» (египеттік жұмақ) жазықтарына саяхат жасай алуы үшін керек дұғалардан тұратын мәтіндер жазылатын.

Тутанхамонның мұрасы

Патша билігінің символдары – қамшы мен асатаяқ

Алтын желпуіш

Тутанхамонның мұрасы

Алебастрден жасалдан ваза

Иіссуларға арналған сандық

Тутанхамонның мұрасы

Алебастрден жасалған кубок

Иіссуларға арналған ваза

Тутанхамонның мұрасы

Тутанхамонның алтын тағы

Тутанхамонның бала кездегі орындығы

Тутанхамонның мұрасы

Ойын тақтасы (қара ағаш, пілдің сүйегі, алтын)

Кедр ағашынан жасалған сандық (піл сүйегі, алтын және күміс)

Жеке жұмыс

«Анимизм», «фетишизм», «магия», «тотемизм» терминдерін пайдалана отырып, «Тутанхамон мазары бізге не туралы айтты?» тақырыбына эссе (50 сөзден кем емес) жазыңдар

(12 минут)

Бағалау критерийі

өз көзқарасын аргумент арқылы қуаттайды

Дескрипторлар:

Тутанхамон моласының ежелгі египеттіктердің өмірін зерттеудегі маңызын берілген терминдерді пайдалана отырып түсіндіреді;

түсіндіру барысында 2-3 дәлел келтіреді.

Тақырыпты бекіту

Тутанхамон моласын ашу археология тарихындағы ең ұлы оқиғалардың бірі болып табылады. Дегенмен оның билік еткен кезеңі атонизмнен бас тартудан басқа ешқандай ерекшелігімен көзге түскен жоқ.

Рефлексия

бүгін сабақта нені білдіңіз?

не нәрсе түсініксіз боп қалды?

не ұнамады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу