Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


«Бекітілді: _______________ Бейсенов М.К.

(ӘБ жетекшісі)

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C бөлімі. Ежелгі Мысыр тарихы

Мектеп: Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдукаримов Д.Н.

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Ежелгі Мысырлықтардың өмірі туралы Тутанхамон моласы қандай сыр шертеді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу

5.2.2.2 ежелгі Мысыр ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуынын сипаттау

Сабақ мақсаттары

Говард Картер жасаған ғылыми жаңалықтың Ежелгі Мысыр мәдениеті мен әлеуметтік құрылымын зерделеудегі маңызын анықтау

Бағалау критерийлері

өз көзқарасын аргумент арқылы қуаттайды

Дескрипторлар:

  • Тутанхамон моласының ежелгі египеттіктердің өмірін зерттеудегі маңызын берілген терминдерді пайдалана отырып түсіндіреді;
  • түсіндіру барысында 2-3 дәлел келтіреді.

Тілдік мақсаттар

эссе жазады (жазылым дағдысы)

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

мола, перғауын

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Тутанхамон моласының ежелгі египеттіктердің өмірін зерттеудегі маңызы ерекше, өйткені…

Құндылықтарды дарыту

құрмет (іс-әрекет арқылы: оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдайды)

Тутанхамон египеттіктерге олардың ескі құдайларын қайтарып берді, бұл мемлекеттің қайта гүлденуіне деген үміт отын жақты

Пәнаралық байланыстар

география (мазмұн арқылы: Тутанхамон моласы қазіргі Египеттің территориясында орналасқан)

Бастапқы білім

алдыңғы өткен перғауындар жайлы біледі

 Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру сәті. Оқушылармен амандасу. Алғашқы білімдерін еске түсіру (1 минут).

Жаңа ғана ашылған мазардың ішіне жанып тұрған майшам ұстап, үңіліп тұрған Говард Картердің фотосуретін көрсету. Оқушылардың фотосуреттен не көріп тұрғаны туралы пікірлерін тыңдау және талқыға салу (2 минут).

Тақырыпты (оқушылар жазып алады) және сабақ мақсатын айту (2 минут).

Презентация «Тутанхамон моласы»

Сабақтың ортасы

Говард Картердің 1922 жылы мысырдағы Патшалар алқабында жер астында жасырын жатқан бірқатар бөлмелердің сенсациялық ашылуын жасаған британ археологы болғанын түсіндіру және оқушыларды Тутанхамон моласымен таныстыру (4 минут).

Жеке тапсырма. Оқушыларға «анимизм», «фетишизм», «магия», «тотемизм» терминдерін пайдалана отырып, «Тутанхамон мазары бізге не туралы айтты?» тақырыбына эссе (50 сөз) жазуға тапсырма беру (12 минут).

Кейбір оқушылардан өздері жазған эсселерін оқып беруін өтіну (15 минут).

Сабақты бекіту. Тутанхамон моласын ашу археология тарихындағы ең ұлы оқиғалардың бірі болып табылады. Дегенмен оның билік еткен кезеңі атонизмнен бас тартудан басқа ешқандай ерекшелігімен көзге түскен жоқ (1 минут).

Презентация «Тутанхамон моласы»

Сабақтың соңы

Оқушылардың жұмысын бағалау (1 минут).

Оқушылар сабақта нені білгендігі әрі не нәрсені түсінбегендігі жайлы рефлексия жасайды (2 минут).

Үй жұмысы. Оқулықтан тақырыпқа сәйкес параграфты оқып келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың коммуникативтік дағдылары анықталады. Ұсынылған тапсырмалар мен дидактикалық материалдар оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Мысалы, сұрақтардың деңгейі біртіндеп күрделеніп, Блум таксономиясының жоғары деңгейдегі дағдыларына өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ айтылым, тыңдалым дағдысы ерекше оқушылардың қажеттілігі ескерілді.

Эссе жазу (бағалау критерийлеріне сәйкес)

Партада дұрыс отыру ережелері еске салынады. Мойынға жаттығулар жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу