Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: | Дүниежүзі тарихы, 5 класс | ||||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Дата: | Класс: | Оқушы саны: | |||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | 1C-бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? | ||||||||||
Бастапқы білім | Бұл тақырып 1В бөлімінде қарастырылған Ніл алқабында орналасқан ежелгі өркениеттердің бірі Ежелгі Мысырды зерттеуге және өткен кезеңдердегі өмірді қалпына келтіру үшін археологиялық мәліметтерді оқып үйренуге негізделген. | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау 5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау | ||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттайды Оқушы ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттайды | ||||||||||
Дескриптор |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Бүкіл сынып қатысатын талқылауда оқушылар бір-бірінің қорытындыларына қарсы уәж айта алады | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу. Жаһандық азаматтық | ||||||||||
Дифференциация | Оқушылармен жеке, жұптық,топтық тапсырмалар барысында деңгейін анықтау, қызығушылығын дамыту. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар
|
|
| |||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул. (Б) Уақыт сызығының бір ұшына «б.з.д. 3000 жыл», екінші жағына «Бүгін» деп белгілеңіз. Мысыр картасынан Гиза қаласындағы Хеопс пирамидасының орналасқан жерін көрсетіңіз. Хеопс пирамидасының суретін біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл белгіленген тұсқа орналастырып, Мысырдың әлемдегі ең ежелгі өркениет болып табылатынын айтыңыз. | Ресурстар Гиза қаласындағы Хеопс пирамидасының суреті http://en.wikipedia.org/wiki/File:Kheops-Pyramid.jpg | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 10 мин 10 мин 10 мин
| Мағынаны тану кезеңі. Осыған дейін 1В бөлімінде қарастырылған Асуан су бөгетінің фотосуретін көрсетіңіз. (Б) Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз, бұдан кейін фотосуретті уақыт сызығында «Бүгін» белгісіне жақын, 1960-1970 жж. аралығына орналастырыңыз. Бұдан бұрын пайдаланылған Мысыр картасынан Асуан су бөгетінің орналасқан тұсын көрсетіңіз. Содан соң картаға Дейр әл Бахари ғибадатханасын орналастырып (белгішемен, стикермен), ғимараттыңфотосуреті мен ғибадатханаға кірер есіктің панорамалық фотосуретін көрсетіңіз. Ғибадатхана фотосуретінің көшірмесін уақыт сызығында шамамен біздің заманымызға дейінгі XV ғасыр датасының жанына қойыңыз. (Т)(Б) Бұл ғибадатхананың Мысыр перғауыны Хатшепсут арнап салынғанын түсіндіріңіз. (Т) Хатшепсуттың мүсінін көрсетіңіз. Мүсіннен қандай ерекше нәрсені байқағандарын жұптардан сұраңыз. Мысалы жасанды сақал (мысыр билеушілерінің дәстүрлі белгісі), мүсіннің тым үлкендігі (құдірет алдында қорқыныш үрей тудыру мақсатында) Хатшепсуттың заңды түрде өзін перғауын деп жариялаған (басқа әйел билеушілер перғауынға тұрмысқа шыққан жағдайда осындай лауазым алады) Мысырдың аз ғана әйел-билеушілерінің бірі болғанын айтыңыз. (Т) Оқушыларға ресурстар тізімінен карточкалар мен Мысырдың әлеуметтік құрылымының сызбасын таратып, оларды сызба бойынша жүйелеуді ұсыныңыз. (Б) Сызбаны қолданып келесі сұрақтарды талқылаңыздар: әлеуметтік топтар меншікке қатысты қандай құқықтарға ие болды? Оқушыларды бағалау. (Қолдану дағдысы) (Ж) Оқушыларға Пунт залының ішкі рельефінің бір бөлігін көрсетіңіз. Суреттердің көшірмелерін оқушыларға таратып, оқушылардан бедерлі қабырғадан қандай детальдарды анықтап, олардың ойынша онда не болғанын сұраңыз. Топтардың болжамдарын тыңдап, оларды салыстыру үшін жазып алыңыздар. ІІ Оқушыларға мұғалімдерге арналған бөлімдегі бедерлі суреттегі жазбаларды таратып, оқуға тапсырма беріңіз, жазуды оқығаннан кейін пікірлері өзгерді ме, сұраңыз. (Б) Пунт аралының шамамен орналасқан аймағын картадан көрсетіп, Мысыр кемелерінің аралға жету бағытын сызыңыздар. Қайтар жолда Мысырға кемелер әкелген тауарлардың қол жетпейтін, қымбат, сирек, экзотикалық заттар болғанын түсіндіріңіз. (Т) Оқушылар рөлдік ойын дайындайды. Онда Ежелгі Мысырдың әлеуметтік құрылымы мен экономикасы жайлы білімдерін қолдана отырып, Пунт жеріне жорықтың себептері түсіндірілуі тиіс. Оқушыларды бағалау.(Анализ, синтез) (ЗН) Зерттеу нәтижесінде оқушылар дереккөздер негізінде ежелгі өркениеттердің жүйесін сипаттауды меңгереді. | Асуан дамбасының суреті http://sitemaker.umich.edu/sec004_gp5/the_aswan_high_dam_benefits Дейр әл Бахари қамалының суреті http://fineartamerica.com/featured/deir-el-bahri-panorama-levin-rodriguez.html Дейр әл Бахаридегі Өлілер ғибадатханасының панорамасы http://www.360cities.net/image/entrance-to-mortuary-temple-of-hatshepsut#-909.73,-50.67,109.6 Хатшепсут – әйел перғауын http://zhitanska.com/content/hatshepsut-zhenschina-faraon Ежелгі Мысыр және өркениет http://drevniy-egipet.ru/ekspediciya-caricy-xatshepsut-v-punt/ Түрлі түсті қағаздың ұзын парағы Пунт Залындағы рельефті мүсін бөлігінің фотосуреті http://judithweingarten.blogspot.co.uk/2013/01/how-hatshepsut-helped-build-good-ship.html Пунт Залындағы рельефті мүсіннің қарындашпен салынған суреті http://www.timetrips.co.uk/TKH-punt-ship.gif Пунт жерінің Мысырға қатысты орналасуы болжаммен көрсетілген карталар http://geocurrents.info/geopolitics/puntland-not-in-the-land-of-punt | |||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?