Неліктен Мысырды «Қаражер» деп атаған? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


        (А тобы қолда бар ресурстарды тексере отырып, Ніл өзенінің Ежелгі Мысырда өмір сүретін адамдарға қалай әсер еткені олардың Ніл өзені бойымен қалай тауар тасылмадағаны бойынша презентация дайындайды)

Тұрғылықты халықтың өмір сүру кейпі көп жағдайда оның географиялық орналасуына байланысты болды. Мысыр екі тау жотасының арасында орналасқандықтан мемлекет салыстырмалы түрде жабық, әрі оқшауланған еді. Сонымен қатар, ол Ніл өзенінің жағалауында болғандықтан елдің шаруашылық өміріне себеп болды. Жылына бір рет Ніл өзені өз жағалауын шайып, топырақты құнарландыратын тыңайтқыштармен байытатын.

Жылдың "тәртібі" де ұлы өзеннің "бұйрығымен" болатын, яғни ол жақта үш мезгіл ғана болатын: су тасқыны мезгілі, егін мезгілі және құрғақшылық. Барлық тарихи кезеңдерде Ніл елдің бірігіунің негізі болып, ал бұдан бөлек негізгі тасымалдау жолы болды. Өзен елді біріктірді, оның бойымен тауар және ауыр жүктер тасымалданды, кейде олар сондай орасан болды, мысалы, Асуан карьеріндегі гранит тақташалар немесе құлпытастар.

Мысырлықтар білікті кеме жасаушылар болды. Қайықтар үлкен кемелерге ұқсас болды: бірнеше бөлшектерден тұратын, арқандамен байланған кемелер суға түсірілетін. Ніл асыраушы өзен болып қана қоймай, сонымен қатар елдегі басты хабар таратушы да болды. Су арқылы малдарды, тауарларды, астықты тасымалдады. Осының арқасында сауда-саттық өрбіді.

                                 

(В тобы: қолда бар ресурстарды зерттей отыра Ніл өзенінің дақылдың және ауыл шаруашылығын дамыту әдістеріне әсері туралы презентация дайындайды)

Ежелгі Мысырда ауыл шаруашылығы Ніл бойындағы көшпенділердің отырықшы фермерлер болғандығынан басталды. Олар Мысырда өсетін жабайы дақылдарды отырғыза бастады. Ніл өзенінің жағалауды шаюы маусым айының аяғында басталып, қараша айында аяқталатын. Осы уақытта Ніл бастау алатын Африкада тропикалық жауындар жауатын, ал оның ағыны ағатын тауда қарлар еритін. Ніл өз арнасынан шығып, егістікті шайып кететін. Өз арнасына оралған Ніл өзінен соң шламдар қалдыратын. Мыңжылдықтардан кейін шламдардың қалыңдғы 20-25 м-ге дейін жетті. Тасқыннан соңғы ылғал жерге шаруалар арпа немесе бидай тұқымдарын сеуіп, жылына екі-үш өнім алатын. Жерге дән егер алдында оны қопсытып алса, өнім мол болатынын байқаған мысырлықтар жерді өңдеуге кірісті.

Ежелгі мысырлықтар жерді әуелі кетпенмен қопсытатын. Кейіннен ағаш соқа пайда болды. Оны жануарлар мен адамдар сүйрейтін. Егін еккен соң мысырлықтар дәндердің жерге жақсы көмілуі үшін ол жерге қой, ешкі, шошқаларды айдап жіберетін. Ежелгі Мысырда малдардың тұяқтарымен өнімнің масақтарындағы дәндерді шағаратын. Бастырылған дәндерді електен өткізіп, қалақпен лақтырып отыратын.

Ежелгі мысырлықтар егін екті, себебі оларға өзеннің ағысымен күресуге тура келді. Өздерінің қамыстан жасалған тұрғынжайларын су тасқынынан сақтау үшін олар су өткізбейтін заттар септі. Ауылшаруашылығы б.з.д. төрт мың жыл ішінде ысырлықтардың басты ісі болды.

Ніл шаймайтын ақаптарға су көтеру үшін мысырлықтар су көтергіш затты қолданды. Бағанаға көлденең етіп қара сырық қағылды. Оның бір ұшында былғары шелек, екінші ұшында қасы салмақ үшін тас болды. Қара сырықтың көмегімен мысырлықтар арналарды сумен толтырды, ал ол су аға отырып өсімдіктердің тамырына жететін. Егістік алқаптарын үнемі суарып отыру мысырлықтарға жеткілікті түрде өнім әкелетін болды.

(С тобы: қолда бар ресурстарды қолдана отырып, өзеннің ежелгі мысырлықтардың діни наным-сенімдері мен рухани өмірлеріне қалай әмер еткендігі туралы презентация дайындайды)

Барлық мәдени маңызы бар жаңалықтарды мысырлықтар әлемде бірінші болып ашты. Математика. Тарихшы Геродот былай деп жазды: "Түсінуімше, геометрия Мысырда табылып, сол жақтан Грекияға келген". Белгілі грек математигі Архимед көп жылдар бойы Мысырда оқыды. Мемлекет құрылғанан бастап ауылдарды шенеуліктер көмекшілерімен бірге жүретін. Олар жануарларды санаққа алып, егін алқаптарын өлшеп, әр бір шаруаның төлейтін салығын есептеп жүретін. Солай арифметикаға деген қажеттілік туындады. Егін алқаптарын суару үшін анайы өзіндік өлшемдер қажет болатын. Олар егістік үшін аумақтарды, дақылдарды сатайтын қоймаларды есептеп жүрді. Мүсін жасау мен ғимараттар салудағы білімдері арқылы мысырлықтарға геометрия таныс болатын. Мысырлықтардың математикалық тапсырмаларының жинақтары сақталған.

Астрономия. Онымен мысырлықтар шаруашылықтың дамуына байланысты күнтізбенің нақтылануы үшін айналыса бастады. Сонымен қатар жылына бір рет болатын Ніл өзені тасқынының нақты уақытын есептеу үшін де қажет болды.Жұлдыздарға қарап теңіздер мен шөлдерге жол табатын. "Үлкен аю" шоқжұлдызын мысырлықтар "Бұқа табаны" деп атап кетті. Мысыр күнтізбесі астрономиялық негіде жасалынған. 365 күннен тұратын күнді олар 12 айға бөлді. Мысырлықтар күн сағат пен су сағатын ойлап тапты.

Шаруашылықтың басталуынан мысырлықтар өнімге әсер ететін табиғатқа тәуелді болды, себебі күн құдайы Ра, жердің, айдың, аспанның құдіреті пайда болып, олар соған табынды. Мысырлықтар жердің, адамның, жануар мен өсімдіктің пайда болуы Ра құдайына байланысты деді. Олар түнді Ра көзін жұмса батады деп сенді. Негізгі табынатындары құдіретті Ніл өзені болатын. Нілдің тасқынынан елдің өмірі тәуелді болды. Ніл өзенін танытанын гимндерінде оның қайнар көзінің сыры мен үнемі болатын тасқынының алдында мысырлықтар таңданыстарын білдіретін:

" Уа, Ніл, саған даңқ!

Мысыр бойымен

Жер бетінен сен келдің,

О, Ніл, сен өмір тарату үшін жаралған молшылық көзісің!

Адамдаға нан берер сенсің...

Сен өзіңмен бірге шекті тастарды кеме арқылы тасушысың.

Нілдің құпиясын ашу мүмкін емес,

Ол дүниеге келген жерін білмейсің, кітаптарда жазылған емес, ол дүниеге келген үңгірін таба алмайсың! "

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу