Неліктен Мысырды «Қара жер» деп атаған? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша №1
Тапсырма
Мәтінті мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарға жауап беруге көмектесетін негізгі идеяларды ерекшелеп алыңыз. Тапсырманы жеке орындаудан кейін, Өз идеяларыңызды топта талқылаңыз. Өз жауаптарыңызды келесі түрде жалпылаңыз:
- Презентация
- Рольдік ойын (қойылым)
- Ән орындау
- Өлең
- Постер
- Сызба
- Карта және т.б.
Бағалау критерийі |
| |||
Нілдің Ежелгі Мысырдағы адамдардың тұрғылықты жеріне әсерін дәлелдеңіз. |
| |||
|
Египет – «Ніл өзенінің сыйы»
Ежелгі грек тарихшысы Геродот Египетті «Ніл сыйы» деп атаған, осылайша өзеннің ежелгі египеттіктер өміріндегі тек қана дара орны бар екенін айтқан болатын.
Ніл өзені көп жауын түсе бермейтін шөлді Египеттің жалғыз ылғал көзі болды. Құнарлы, тез өңделетін, жыл сайын тасқынмен келетін топырақпен құнарланатын Ніл өзені Египет халқының негізгі байлығы болды.
Мемлекет отырықшылық пен егіншілік басым аймақтарда, әсіресе ірі өзендердің аңғарларында пайда болды. Өйткені ол жердің топырағы құнарлы болып, көп өнім беретін.
Суармалы жерлерде зығыр, арпа, бидай, күнжіт өсірді. На орошаемых землях выращивали ячмень, пшеницу, лен, кунжут. Өзен жағалауында лотос пен папирустың қалың нулары өсті. Далаларда құрма және кокос пальмалары, ағаш тектес акациялар өсті. Ніл өзенінде египеттіктердің негізгі азығы болған балық көп болған.
Қосымша №2
Тапсырма
Мәтінті мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарға жауап беруге көмектесетін негізгі идеяларды ерекшелеп алыңыз. Тапсырманы жеке орындаудан кейін, Өз идеяларыңызды топта талқылаңыз. Өз жауаптарыңызды келесі түрде жалпылаңыз:
- Презентация
- Рольдік ойын (қойылым)
- Ән орындау
- Өлең
- Постер
- Сызба
- Карта және т.б.
Бағалау критерийі |
| |||
Нілдің адамдардың егін өсіру әдістеріне және егіншілікті ұйымдастыруына әсерін дәлелдеңіз. |
| |||
|
Ніл өзенінің негізгі байлықтары, әрине, су, тасқындармен бірге келетін құнарлы көң болды, өйткені халықтың басым көпшілігі ауылшаруашылығымен айналысатын. Ніл өзені аңғарында каналдар мен бөгеттер салынып, жер өңдеушілердің нағыз жұмағына айналды.
Археологтардың перғауындардың мазарларының қабырғаларында салынған көптеген рельефтер мен мәтіндер және египеттіктің күнделікті тұрмысы салынған бейнелер, аңғардың керемет молшылық суретін көрсетеді.
Негізінен дәнді дақылдар өсірілді: жартылай бидай тектес эммерден- нан пісірсе, арпадан сыра жасаған болатын. Осылар негізгі рацион болатын. Ауқатты адамдар бидайды биік қоймаларда сақтайтын. Мұндай бидай қоймалары б.з.б І-ІІ мынңжылдық кезіндегі қоныстардан табылды. Бидайды мұндай қоймаларға төбеден салатын болған. Ал есігі тартпа сияқты болып, астында орналасқан болатын. Егуге арналған бидайды далалардағы арнайы қоймаларда сақтайтын.
Негізгі техникалық дақыл зығыр болды. Зығырдан арқаннан бастап, қарапайым матаға дейін жасайтын. Негізгі жаналық батпақта өсетін папирусты пайдалану болатын. Тамыры тамаққа қолданылса, сабақтарынан әр түрлі заттар жасалынатын. Негізгі өндірілетін зат қағаз болатын. Ежелгі әлемде Египет көрші елдерге осы қағазды саудалайтын.
Жерді өңдеу қиын болмады, өйткені топырақ өте жұмсақ болатын. Сондықтан жер өңдеу құралдары мыңдаған жылдар ішінде қатты өзгеріске ұшырамады.
Қосымша №3
Тапсырма
Мәтінті мұқият оқып шығыңыз. Сұрақтарға жауап беруге көмектесетін негізгі идеяларды ерекшелеп алыңыз. Тапсырманы жеке орындаудан кейін, Өз идеяларыңызды топта талқылаңыз. Өз жауаптарыңызды келесі түрде жалпылаңыз:
- Презентация
- Рольдік ойын (қойылым)
- Ән орындау
- Өлең
- Постер
- Сызба
- Карта және т.б.
Бағалау критерийі |
| |||
Нілдің ежелгі мысырлықтардың рухани өмірі мен діни сенімдеріне әсерін дәлелдейді. |
| |||
|
ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТТІКТЕРДІҢ ДІНИ СЕНІМДЕРІ
1. Жануарларға және күнге табыну
Табиғатта болып жатқан құбылыстар мен қарапайым египеттіктің өмірі олардың діни сенімдерімен үздікіз байланыста болды. Египеттіктер алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген кездерінде құдайарды аң және құс кейпінде көретін. Ашулы құдайларды жыртқыш аңдар бейнесінде бейнелейтін. Кейінірек египеттіктер құдайларды адам кейпінде бейнелейтін болды, бірақ кей құдайлардың бастары аңдардікі болды.
Ежелгі египеттіктерде егіншіліктің дамуымен олар күнге табына бастады. Өйткені жылу болмаса өсімдіктерде өспес еді. Күн құдайын Ра деп атаған. Күннің батуы мен атуын түсіндіре алмаған египеттіктер Ра құдай күн сайын алтын қайықта аспанмен шығыстан батысқа қарай жүріп, кешке шөл жаққа кетеді деп ойлаған.
Египеттіктердің арасында теңсіздіктің пайда болуы мен мемлекеттің қалыптасуы діни түсініктерге үлкен әсерін тигізді. Египеттіктер Ра құдай басқа құдайларды қалай басқарса, перғауында Египетті солай басқарады деп ойлады. Халық перғауынды құдайдың жердегі өкілі деп таныды.
2. Нілге табыну.
Дінде Ніл өзенінің тасуыда көрініс тапты. Египеттіктер Нілдің басында болмағандықтан тасқын неден пайда болғаннан бейхабар болды. Олар бір жерде Ніл құдайы үңгірде отырып, құмырадан су құйып отыр деп ойлады. Қанша су құйса, өмірлері соған байланысты деп түсінді. Егер Ніл аңғарына тасқын құнарлы көң әкелмесе, халық көбінде аштыққа ұшырайтын. Египеттік Ніл өзеніне Күннен кем табынбайтын. Нілде тасқын басталғанда Египеттіктер мейрамдататын. Египеттіктер құдайларын мадақтап, армандары мен тілектерінің орындалғанына рахмет айтатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?