Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 1.


2-зерттеу тобы

Аккад

Аккад патшалығы — семиттердің көне заманда Месопотамияда құрған алғашқы мемлекеті. Негізін біздің заманымыздан бұрын 2330 жылдар шамасында Аккад қаласының билеушісі Саргон І қалаған. Әуелі ол Киштің билеушісін талқандап, Аккад княздігін құрды. Одан кейін Умма патшасы Лугальзагесиге соққы беріп, Оңтүстік Месопотамияны жаулап алды. Саргон І-нің және оның ұрпақтарының тұсында семиттер билеген алғашқы мемлекет аумағы солтүстік және батыс (Жерорта теңізі) бағыттарында кеңи түсті. Аккад патшалығы құрылған кезден бастап шумер тілін аккад тілі ығыстырып шығарды. Халықтың дүниетанымында да біраз өзгерістер орын алды. Шумерліктер мен аккадтықтардың табынатын құдайлары “араласып” кетті. Бірақ мемлекет ұзақ өмір сүре алмады. Саргон І-нің кезінде-ақ жаулап алынған халықтар бірнеше рет көтеріліс жасады. Оның немересі Нарамсиннің тұсында (б.з.б. 2250 ж. ш.) ыдырай бастаған Аккад империясы көп ұзамай ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. Біздің заманымыздан бұрын 2220 жылы Аккад қаласын гутилер басып алғаннан кейін, Оңтүстік Месопотамияның басты орталығы Вавилон болды.[1]

Тарихы

Нарамсин мүсіні

Б.з.б. XXIV ғасырда Қосөзенде орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет құрылды. Оның Шаруккин (Саргон) есімді патшасы Шумер жерін қосты. Сөйтіп, Шумер - Аккад патшалығын құрды. Қосөзен жері енді өзара қырқысу соғыстарын тоқтатып, бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды. Бұрын шағын мемлекеттердің әрқайсысы өздеріне лайық қажетті каналдарды өздері қазатын. Енді әрі үлкен, әрі ұзын каналдар жасалды. Бұл жер шаруашылығын кеңейтіп, одан көп өнім алуға көмектесті. Енді адамдардың көпшілігі егіншілікпен айналысты. Бұрын шағын қала мемлекеттер кезінде саудагерлердің бір қаладан екінші қалаға баруы қиын болса, енді олар бүкіл елді еркін аралай алды. Сөйтіп, сауда дамыды. Шаруккин біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады. Сол күшпен Батыста "Күміс таулар" деп аталған Сирия жеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны, тіпті "әлемнің төр құбыласының билеушісі" деп те атады. Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин атты билеушінің тұсында болды. Оның билігінің алғашқы жылында бірнеше қала- мемлекеттер көтеріліске шықты. Ол көтерілістерді басқан соң Нарамсин жаңа жерлерді жаулап алуға кірісті. Батыстағы Сирия жерін басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Солтүстікте Урарту жеріне дейін әскерін бастап алып барып, Тигрдың бойын тұтастай бағындырды. Оңтүстікке де жорықтар жасап, алыстағы Египетке жол ашты. Ол жақтан асыл тастар мен алтын алдырып тұрды. Шығысындағы Элам жеріне шабуылға шығып, оның билеушісімен келісімшарт жасады. Осылайша елдің төрт құбылысындағы ірі елдері өзіне бағынышты етті. Оның бұл әрекеті ел ішіндегі және көрші елдердегі беделін арттырды. Сыртқы елдермен сауда байланыстары күшейе түсті.[2]

Дереккөздер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу