Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


1-зерттеу тобы

Шумер, Сумер – Месопотамия ойпатының оңт-нде орналасқан ежелгі тарихи аймақ. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында, қазіргі Ирак аум-ның оңтүстік бөлігінде болған. Қазіргі күнге жеткен жазба деректер бойынша Шумерді — біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың соңында негізінен шумерлер және аздаған мөлшерде шығыс семиттер – аккадтар мекендеген. Аккадтар шамамен — біздің заманымыздан бұрын 2400 жылы Аккаде қ-ның негізін қалады. Осы уақыттан бастап Шумердің солтүстік облысы Аккад деп атала бастады. Джемдет-Наср және одан да ертеректегі Урук пен эль-Обейд археол. мәдениеттеріне тән ескерткіштер шумерлердің бұл аймақты біздің заманымыздан бұрын 5 – 4-мыңжылдықта мекендей бастағанын дәлелдейді. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта Шумерде алғашқы мемлекеттік құрылым қалыптаса бастады. Зерттеушілер сына жазуы пайда болып, орныққан б.з.б. 2700 – 2300 жылы аралығын ерте әулеттік кезеңге жатқызады. Ол кезде бұл аймақта сыртында үлкен отбасылық қауымдар өмір сүрген көптеген қала-мемлекеттер құрылды. Ондағы негізгі халық толық құқық-ты қауым мүшелері мен оларға тәуелді қалалық ғибадатхана тұрғындары еді.

Шумер мәдениетті

Шумер тарихи аймағында, шамамен біздің заманымыздан бұрын 3400 жылы қалыптасқан. Бұл мәдениеттің жарқын көріністері Эриду, Лагаш, Урук, Ур, т.б. қалаларда жүргізілген археол. қазба нәтижесінде анықталды. Кейін қазба жұмыстардың нәтижесінде бұл өркениет Шумер мәдениетті аталып, ғылыми айналымға енді. Мәдениетті егін ш-мен айналысқан халық қалдырған. Оларда қолөнер бұйымдарын жасау, металл өндіру, сәулет өнері мен мүсін жасау зор қарқынмен дамыды әрі осы жерде әлемдегі алғашқы жазулардың бірі пайда болды (қала Шумер жазуы). Археол. жұмыстар барысында күнделікті тұрмысқа қажетті құрал-саймандар, құмыра сынықтары, қару-жарақ түрлері, зергерлік бұйымдар, қолөнер туындылары аршып алынған. Олардың техникасы мен жасалу технологиясы өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, Шумер мәдениеттінің бірегейлігін нақтылайды. Шумер мәдениеттінің Элам, Мысыр, Үнді өркениеттері сияқты көне замандағы мәдениеттерге тигізген ықпалы зор болды. Шумер мәдениеттін қалдырған халықтардың саяси бірлігін қала-мемлекеттер құраған. Түрлі қалалардан Энки, Энлиль, Наннар, т.б. құдайлардың бейнелері, мүсіндері табылған. Шумер мәдениетті көрші елдердің ықпалына азды-кемді ұшырағанымен, өзіндік сипатын ұзақ уақыт сақтап тұрды.

Шумер тілі[

Шумер тілі – өлі тіл. Қосөзен (Тигр мен Евфрат) аралығының оңтүстік аймағын (қазіргі Ирак) мекендеген шумерлер тілі. Шумер тілі тағы басқа з.б. 4 – 1-мыңжылдықтың аяқ кезінде жазылған сына жазу ескерткіштерін (іс қағаздары, шаруашылық құжаттары, т.б.) оқу арқылы танылған. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тілдерге жатады. Сөздік қоры негізгі түбірден, бір буынды сөздерден құралған.

Шумер жазуы

Шумер жазуы, ертедегі Шумер мемлекетінде қолданылған. Оны Оңтүстік Қосөзеннің (Евфрат пен Тигр) бойында (қазіргі Ирак) біздің заманымыздан бұрын 2-мыңжылдықта өмір сүрген тайпалар пайдаланған. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл жазу мен тілінің басқа тілдермен туыстығы дәлелденбеген. Қазіргі ғыл. деректер бойынша Шумер жылы дүние жүзіндегі ең ежелгі жазу болып саналады. Оның алғашқы түрі сурет түрінде, заттың ерекше белгілерін кескіндеу арқылы жазылған. Кейін бір сөзді нақты таңбамен жазуға көше бастаған. Осыған орай Шумер жазуы жылы бірнеше кезеңге бөлінеді: 1) классик. Шумер жазуы жылы (біздің заманымыздан бұрын 23 – 21 ғ-лар); 2) жаңа Шумер жазуы жылы (біздің заманымыздан бұрын 21 ғ.); 3) кейінгі Шумер жазуы жылы (біздің заманымыздан бұрын 2-мыңжылдықтың бас кезі). Шумер жазуы жылы туралы құнды зерттеулер жүргізген И.М. Дьяконов оның аккад тілімен қатар кітаби тілдің негізін қалағанын, график., лексик. және грамматикалық ерекшеліктері болғанын анықтаған. Ғалым шумерлік 100-ден аса сөздерді алып, олардың грамматикалық құрылымын, сөз таптарының мағынасы мен қызметін, сөздердің орын тәртібі мен синтагмат. ерекшеліктерін көрсетті. Шумер жазуы жылдарын Хоммельден кейін түркі тілдерімен салыстырған О.Сүлейменов ұқсас сөздердің кездейсоқ еместігін дәлелдеді. Ол Шумер жазуы жөн түркі терминдерімен салыстыра отырып, сәйкес келетін сөздердің дені: 1) Тәңірге; 2) адамға; 3) табиғатқа; 4) мәдениетке қатысты екенін зерделеп, ондағы жүйелілікті анықтаған. Ол шумер және түркі жазуларының жақындығын нақты тілдік деректер арқылы негіздей келіп, оның генетик. жақындық емес, мәдени жақындығының болуында деп, мағыналық, тұлғалық, ұғымдық жағынан жақын шумер мен түрік сөздерін салыстырады. мысалы , ада – ата; ама – аба, ана; амар, мар – мара, мала, бала; ер – ер; думу – тума, од – от, уш – үш, т.б. Автор Шумер жазыу жылдарындағы материалдар арқылы ежелгі замандағы түркі тілінің сөзжасамдық жүйесінің кейбір сызбалық жүйесін анықтауға болатындығын, шумерлердің дайын терминдерді қабылдап, өз сөзжасамдық жүйесімен түрлендіргенін, зат есім мен етістік арасындағы байланыстың генетик. тектілігі болғанын анықтай түсті. Жазу тарихында Шумер жазуы жылы басқа жазулардың (аккад, вавилон, ассирия, т.б.) қалыптасуына негіз болған.

Дереккөздер

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
  • Дьяконов И.М., Общественный и государственный строй древнего Двуречья, Шумер, М., 1959; Васильев Л.С., История Востока, М., 1994.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу