Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

1 В бөлімі –

Өзен алқаптары өркениеттері

Мектеп:

Астана қаласы, ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатысқан оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)

5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Табиғаттың адам еңбегіне тигізетін ықпалын анықтау
  • Өркениеттердің қалыптасу себептерін анықтау
  • Өзен алқаптары өркениеттері шаруашылық түрлерінің (егін шаруашылығы, қолөнер және сауда) ерекшеліктерін сипаттау

Жетістік критерийлері

Бағалау критерийлері

Оқу мақсаты

Ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесің сипаттау

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу мен түсіну / Қолдану /

Дескрипторлар

Оқушы:

- ежелгі өркениеттердің қалыптасуының себептерін анықтайды

- өркениеттердің қалыптасуымен байланысты адамдардың өміріндегі өзгерістерді түсіндіреді

- ежелгі мемлекеттердің өмірінде суармалы жүйенің алатын орны мен ерекшеліктерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:

Өркениет, суармалы, арық, бөгет, тасқын, су тасқыны

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

« Өркениетке дейін адамдар өмір сұрді ... »

«Адамдар өзендердің жағалауына қоныстанды, өйткені …»

Құндылықтарды дарыту

- оқу, жеке қажетті ақпараттарды таба алу, тарихи оқиғаны талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қойып, оларды шеше алу, топта жұмыс істеу, ұжымда түрлі рөлдерде жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасы үшін жауап беру, өз уақытын жоспарлай алу.

- қоршаған ортаның мәселелерін көріп, түсіну қабілеттілігі, сынды дұрыс қабылдау.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, дүниетану, география, АКТ.

Алдыңғы меңгерілген білім

Жаңа тас ғасыры кезіндегі ауыл шаруашылығының дамуы, климат пен ладшафттың ежелгі адамдар тұрақтарының өміріне ықпалы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

(БЫМ - бастапқы ынталандырушы материал)

Аман қалу үшін адамдарға не қажет екендігін оқушылардан сұраңыз. Адам денесінің суреті бейнеленген қағаздарды үлестіріп, адам денесі суретінің айналасына адамның негізгі қажеттіліктерін жазып шығуын сұраңыз. Оқушылар түрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін: тамақ, су, киім, т.б. Оқушылардың бұл жауаптарын кейін ежелгі адамдардың тұрақты қоныстану үшін қай жерді таңдайтыны туралы дискуссия жүргізгенде қолдануға болады. Мұнда оқушыларды таза ауыз судың қажеттілігіне назар аударту қажет.

) Оқушыларға жұмбақ жасырыңыз.

«Оны тірі затпен салыстыруға болады: ол туылады, өседі, жұмыс істейді, қартаяды, өзіне тән мінезі болады, кейде тұрақты, кейде мазасыз болады».

Жауабы: ӨЗЕН. Бүгінгі сабақта осы өзендердің адамдардың өміріне қалай ықпал ететіні туралы білетін боламыз.

) Қазіргі кездегі Қазақстанның картасын көрсетіп, талқылаңыз:

Кім өзенге барды? Ол қандай өзен? Үлкен бе, кіші ме? Терең бе, жоқ па? Таза ма, ластанған ба? Өзенде не істеуге болады? Өзеннің қандай пайдасы бар?

Оқушылардың болжамды жауаптары:

1)балық аулау

2) демалыс және емдік қасиеті бар

3) транспорт жолдары

4) ағынды судың энергиясы

5) тіршілік пен шаруашылық үшін тұщы су (су көздері).

Адам денесінің суреті.

3 слайд

Қазақстанның картасы

https://www.google.kz/search?q=карта+казахстана

Сабақтың ортасы

20 минут

Өзен алқаптары өркениеттерінің негізгі аумақтары белгіленген картаны көрсетіңіз.

) (Қ) Тапсырма. Оқушыларға слайдта берілген суреттерді қолданып, өзен алқаптарында тұратын адамдардың қызметін зерттетіңіз. Өзен алқаптары өркениеттері қалыптасуының себептерін түсіндіруге тапсырма беріңіз. Ертедегі және қазіргі кездегі су құрылыстарынның суреттерін пайдаланып, «ирригациялық жүйелер» терминін алдын-ала түсіндіріңіз. Арық, бөгет, плотина, шадуф, тасқын, су тасқыны терминдерімен таныстырыңыз.

(М) Қоғам дамуында, аңшылық пен терімшіліктен бірте-бірте алшақтауынан, азық-түлік қорын жасау мүмкіндігінен сауданың маңызы арта түсті. Өзен алқаптарында тұру сауда, ауыл шаруашылығы және т.б. шаруашылық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді, ал бұл жергілікті тұрғындардың санының артуына алып келді.

(Д) Оқушыларға «Ежелгі өркениеттер өзендерге қаншалықты тәуелді болды?» сұрағына қысқаша жауап жаздырып, өзен мен алқаптар бейнеленген суретке орналастырыңыз.

Өзен алқаптары өркениеттері

http://www.slideshare.net/culturolog-s/ss-16642245

Презентация

7-8 слайдтар

9 слайд

10 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Ойды жалғастырыңыз…

« Өркениетке дейін адамдар өмір сұрді ... »

Адамдар өзендердің жағалауына қоныстанды, өйткені …

Рефлексия:

- не үйренді;

- нені түсінбеді;

- немен жұмыс жасау керек.

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Уақытты қолдану.

Ұсынылған критерийлер мен кері байланыс (Ойды жалғастырыңыз...)

бойынша ауызша және жазбаша сұрақтарға жауаптарды бағалау

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу