Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ: Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

Сабақ мақсаты

Ежелгі өркениет ошақтарының шаруашылық жүйесін түсіну;

Бағалау критерийлері

  • Адамның негізгі қажеттіліктерін біледі;
  • Алғашқы өркениет ошақтарының неліктен өзен аңғарларында қалыптасқанын түсінеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Тарихи деректерге сілтеме жасай отырып, өз пікірлері мен ойларын айтады (оқылым, айтылым дағдысы)

Пәндік лексика мен терминология

Өркениет, суару, арналар, су бөгеттері, жәдігер, тасқын, топан су

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Ежелгі өмір өте ертедегіге қарағанда ауырлау болды, себебі…;

Адамдар өзен алқаптарында мекендеді, себебі…

Құндылықтарды дарыту

Құрмет сабақ барысында сыныптастардың бірін-бірі тыңдауға, әр оқушының жауабын мұқият тыңдау арқылы қол жеткізіледі.

Жауапкершілік оқушылаға тапсырманы орындау барысында беріледі.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Үй тапсырмасын орындауда ғаламторды пайдаланады

Алдыңғы білімдері

Оқушылар өткен сабақтан адамдардың неліктен егіншілік пен мал өсірумен айналыса бастағандығын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Оқыту ресурстары

Басы

7-10 минут

Өткен сабақты қайталау мақсатында, сол кездің адамдары не үшін егіншілік пен мал шаруашылығымен айналыса бастағандығын? Екі шаруашылық түрлерінің айырмашылықтары қандай? деген сұрақтар қойып өтемін.

(Жұптық) Оқушылардан адамдарға тіршілік ету үшін не қажет екенін сұраңыз. Оларға адам сұлбасы салынған парақтарды таратып беріп,

оның айналасына адамның негізгі қажеттіліктерін белгілеуін сұраңыз. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беремін.

Оқушылармен талқылау жүргізіп, бұл қажеттіліктер ежелгі өркениеттер дамыған мекендермен қалай байланысты болғаны туралы идеяларын тыңдаңыз.

Адам сұлбасының қарындашпен салынған суреті

Дескриптор: адамның өмір сүру үшін қажет негізгі қажеттіліктердің дұрыс жаза алады.

Ортасы

20 минут

(Топтық) Табақ немесе кез келген суға төзімді жазық бетінде мүсіндеуге арналған сазбалшықтан немесе ермексаздан (пластилин) өзен ағысын бейнелейтін биік жағалаулы, бұрылыстары бар арна жасаңыз. Су сазбалшықтың шегінен шығып кетпейтіндей етіп, арна ішін суға толтырыңыз. Өзеннің бір бұрылысында «А және В қаласы» деген белгі орнатыңыз.

Сыныпты үлгінің жанына жинаңыз. Бұл үлгіде Месопотамиядағы Тигр немесе Евфрат өзені бейнеленгендігін, олардың екі жағасындағы топырақтың өте құнарлы, алайда өзендер ағып өтетін жерлер құрғақ және шөл болғандығын түсіндіріңіз. Оқушылардан шаруалардың жақын жерлерде орналасқан егіс алқаптарын тиімді суару үшін өзендерден суды қалай алғаны туралы болжамдарын сұраңыз.

Үлгіде өзен арнасынан су ағатындай суару арықтарын жасаңыз. Өзен суымен суарудан туындауы мүмкін қауіптерді талдаңыздар, мысалы, су тасқыны. Тапсырманы орындауға 10-15 минут уақыт беріледі.

Оқушылар тапсырманы орындап болғасын бағалау жұмысын жүргіземін. Оқушылар берілген критерийлер бойынша өзіне бағалау жүргізеді.

Пластилин, су

Соңы

10 минут

Ніл сағасының ғарыштан түсірілген суреттерін (немесе Ежелгі Мысыр картасын) және өзен жағалауларының маңайындағы құнарлы жасыл аймақтың суреттерін көрсетіп, өзен алқаптарының тіршілік жасауға қалай көмектескендігінің маңыздылығын ерекше атап көрсетіңіз.

Оқушыларға «Ежелгі өркениеттер өзендерге қалай тәуелді болды?» деген сұраққа қысқа жауап жазып (стикерге), өзен және оның жанында елдімекендер бейнеленген суреттің тиісті тұстарына орналастыруды ұсыныңыз.

Зерттеу нәтижесінде оқушылар өзен өркениеттерінің пайда болу себептерін меңгереді.

Сабақ аяқталарға 4 минут қалғанда оқушылардан рефлексия өткіземін.

Үй тапсырмасы: «Ежелгі өркениет өкілінің бір күндік өмірінен» үзінді жазып келіңіздер.

Ніл сағасының ғарыштан түсірілген суреті https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B8%D0%BB

Ежелгі Мысыр картасы https://www.google.kz/search?q=%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0+%D0%B4%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D0%BE+%D0%B5%D0%B3%D0%B8%D0%BF%D1%82%D0%B0+5+%D0%BA%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%81&tbm=isch&imgil=ZL4jLGFXlCiz7M%253A%253BBgxEk6UCPdfbSM%253Bhttp%25253A%25252F%25252Fegipet.uz%25252Fkarta-drevnego-egipta&source=iu&pf=m&fir=ZL4jLGFXlCiz7M%253A%252CBgxEk6UCPdfbSM%252C_&usg=__4YHHuIp7OLSYMJUjxPRgxl0NUP0%3D&biw=1242&bih=602&ved=0ahUKEwi8yfjZm57UAhVErxoKHUBpDegQyjcILQ&ei=GtswWbzUEsTeasDStcAO#imgrc=ZL4jLGFXlCiz7M:

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу