Алғашқы адам қалай пайда болды? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша матерриал.


  • Эволюциялық ілім

Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор.

Эволюциялық ілімнің бастапқы қалыптасу кезеңі ертедегі грек философтары Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Эмпедокл, т.б. еңбектерімен тығыз байланысты. Олар табиғаттың өзгеріп отыратындығын, организмдердің тарихи дамуы туралы жазды. Қайта өркендеу дәуірінде (XV – XVI ғасыр) жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты түрлі тұжырымдар қалыптасты.

2) Креационистік тұжырым теориясы

Креационизм (лат. creatio, creationis — жарату) — биологияда органикалық дүниенің көп түрлілігі, теологиялық және дүниетанымдық түсінік (өмір), органикалық өмірдің негізгі формалары, адамзат, Жер планетасы, сонымен қатар әлемнің өзі де, Құдай құдіретімен жасалды деп уағыздайтын көзқарас. Ол биологияда түр өзгермейді, эволюциялық дамымайды деп қарайды. XVIII-XIX ғасырлардың басында көптеген зерттеушілер осы көзқарасты қолдады. Бірақ Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі креационизмге қирата соққы берді. Ол биологиялық түрдің өзгеретіндігін дәлелдеп, олардың өзара байланыстылығын ашты.

3) Сыртқы араласу теориясы.

Бұл теорияға сүйенсек, Жерде адамдардың пайда болуына өзге өркениеттердің қызметі ықпалын тигізді. Сыртқы араласу теориясы адамдарды өзге ғаламшардың ұрпақтары деп қарайды. Олар Жерге тарихи жыл санауға дейін орналастырылған.

Сыртқы араласу теориясының антропогенезбен байланысты болжамдары да бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу