Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? Дүние жүзі тарихы. 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 1A: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін

Мектеп: Астана қаласы, ФМБ НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)

5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;

5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды
  • ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Тарихи дереккөздерде берілген теориялар мен гипотезалар туралы дискуссияға қатыса алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

Еркіндік, теңдік, ұлттық ой-сана, патриотизм.

 Пәнаралық байланыстар

География, Қазақстан тарихы, экономика, өнер.

Алдыңғы меңгерілген білім

Алғашқы адамдардың пайда болуы, эволюция теориясы мен түрлердіңқалыптасуы, континенттердің қалыптасуы мен климаттық өзгерістер туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

(БЫМ) Сыныптағы жарықты өшіріп, оқушыларды тыныштықта, көздерін жұмып, үңгірге саяхат жасайтынын елестетуді хабарлаңыз. Енді сынып бөлмесін үңгір ретінде қарастырып, электр шамын жас зерттеушілер қалай қолданатындығын сұраңыз. Қараңғы жерге жеткен соң, жасанды жарыққа бейімделу қажеттігін түсіндіре отырып, әңгімені жалғастырыңыз.

(С) Ласко үңгірінің суреттерін көрсетіңіз. Бұл суреттерді Францияда балалар 1940 жылы тапқандығы туралы айтыңыз. Оқушыларға жұпта ақылдасып, келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:

  • Не көріп тұрсыз?
  • Нені сезіндіңіз?

Оқушылардың айтқан болжамдарын тақтаға (флипчартқа) жазып, бүкіл сыныппен талқылаңыз.

Ласко үңгірінің суреттері

https://yandex.kz/images/search?text=%D0%BF%D0%B5%D1%89%D0%B5%D1%80%D0%B5%20%D0%9B%D0%B0%D1%81%D0%BA%D0%BE&stype=image&lr=163&noreask=1&source=wiz

Сабақтың ортасы

(С) Оқушыларға аңшылықты бейнелейтін қазіргі уақыттағы суреттерді таратыңыз. Жартастағы және қазіргі суреттерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға тапсырма беріңіз. Қандай аңдарды көруге мүмкін болатындығын сұраңыз.

(С) Сыныпқа, ғалымдардың пікірінше, бұл суреттердің ежелгі тас дәуірінде, осыдан 25000 жыл бұрын салынып, алғашқы қауымдық өнердің алғашқы үлгілері болып табылатындығы туралы айтыңыз.

(Ж) Оқушыларды жұпқа біріктіріп, бұл суреттерден сол тарихи кезеңде өмір сүрген адамдардың өмірі туралы нені білуге болатындығын талқылап, пікір алмасуға тапсырма беріңіз. Оқушылардың болжамдарын бүкіл сыныппен талқылаңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар алғашқы өнер үлгілерін қолдана отырып, алғашқы адамдардың өмірін суреттейді.

Дескрипторлар:

  • Қойылған сұрақтарға жауап береді.
  • Мысалдар келтіреді.

3. Қорытынды шығарады.

(С) Суреттердің шығу себептеріне байланысты тарихшылардың берген нұсқаларын қарап шығыңыздар. Оқушылардың пікірінше сенімді болып табылатын себептерді (суреттердің салынуына қатысты) талқылаңыздар.

(Ж) Ежелгі діни түсініктер мен олардың анықтамалары жазылған карточкалар мен осы түсініктердің бейнелейтін суреттерді таратып, оларды сәйкестендіруді тапсырыңыз.

(С) Ежелгі адамдардың діни түсініктерінің қалыптасу себептерін сыныппен талқылаңыздар.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар ежелгі діни нанымдарды біледі және айыра алады.

Дескрипторлар:

  • Карточкаларды дұрыс сәйкестендіреді.
  • Мысалдар келтіреді.
  • Қорытынды шығарады.

Ласко үңгірі туралы бейнебаян https://www.youtube.com/watch?v=UnSq0c7jM-A&list=PLmw4e5DUo0L3F7JPskvC3gKYrLEN7MwGH

Сабақтың соңы

Рефлексия

Бағдаршам. Сабақ мазмұнын толық түсінген оқушылар жасыл карточкаларды тапсырады. Сары карточкаларға тақырыпқа қатысты сұрақтарды, қызыл карточкаларға сабақ бойынша ескертпелерін жазып, мұғалімге береді.

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу