Елімді мақтан етемін. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


"Дүниетану" пәні бойынша қысқамерзімді жоспар, 4 сынып

Пән: Дүниетану

Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

8-бөлім. "Болашаққа саяхат»

Күні:

Сынып: 4

Мектеп

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Елімді мақтан етемін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.1.1 түрлі дереккөздер негізінде тарихи кезеңдердегі технологиялық прогресті анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

-еліміздің маңызды жетістіктерімен танысады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:- мемлекетіміздің басты жетістіктері туралы айта алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- тарихи кезеңдерге сәйкес технологиялық прогресті анықтайды және ол туралы айтады.

Терминология:

  • саммит.

Талқылауға арналған сұрақтар:

-Адамның жетістіктері мен мемлекеттің жетістіктері арасында байланыс бар ма?

Жазуға арналған сұрақтар:

-Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның басты жетістіктері.

Құндылықтарды дарыту

Патриотизм адамның жетістіктері мен мемлекеттің жетістіктері арасындағы байланысты түсіну арқылы дами түседі.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: монологты сөйлеу дағдысын дамыту.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар еліміде орын алған кейбір негізгі тарихи маңызды оқиғаларды атай алады. Елімізде өндірілетін тауарларды атай алады. Ұлттық бренд ұғымымен таныс.

Сабақтыңбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-7

8-10

  • «Біздің жетістіктеріміз» кіріспе тапсырмасы

- Осы күнге дейін қандай дипломдар мен мақтау қағаздарын алдыңдар?

-Бұл марапаттар: спорт, өнер, оқу сияқты қандай саламен байланысты болды?

Оқушылар өздерінің грамоталарын, дипломдарын көрсетіп, оларды қашан және не үшін алғандарын айтады.

  • Ойлан (фронтальды жұмыс)

- "Жетістік"сөзін қалай түсінесіңдер?

-Мемлекеттің жетістіктері қандай болуы мүмкін?

-Адамның жетістіктері мен мемлекеттің жетістіктері арасындағы байланыс қандай деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, талқылайды, өз идеяларын растауға мысалдар келтіреді.

3.Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)

  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:

- мемлекетіміздің басты жетістіктерімен танысу

Оқушылардың мақтау қағаздары мен дипломдары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №2

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №3

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №4

Сабақтың ортасы

11-17

18-20

21-27

28-35

36-38

  • Анықта(топпен)

- Карточка таңдаңдар. Сәйкес топты іздеңдер.

-Қазақ хандығы кезіндегі халықтың тұрмыс-тіршілігін естеріңе түсіріңдер: қандай ғасырда пайда болды, хандықтың негізін кім қалады, халықтың пайда болуына не себеп болды?

-Қазақ хандығы мен қазіргі Қазақстандағы халықтың өмірі мен тұрмысын салыстырыңдар. Венн диаграммасын пайдаланыңдар.

-Әрбір кезеңдегі ең маңызды үш жетістікті анықтаңдар.

- Өз жұмыстарыңды сыныпқа таныстырыңдар.

- Оқулықтағы мәтінді оқыңдар.

- Қорытынды жасаңдар: Қазақстанның үш негізгі жетістігін атаңдар.

Оқушылар топтарға бөлініп, Қазақ хандығы мен оның тарихы туралы еске түсіреді. Венн диграммасын пайдалана отырып, халықтың өмірі мен тұрмысын салыстырады. Өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды, ең маңызды үш жетістікті атайды. Содан кейін оқулықтағы ақпаратты оқиды, өз жұмыстарын толықтырады, жалпы қорытынды жасайды.

  • «Сөйлейтін сызба» (топпен)

- Сызбаны зерттеңдер.

- Сызбада көрсетілген оқиғаларды талқылаңдар.

- Сызбаны басқа оқиғалармен толықтырыңдар.

Оқушылар топтарда жұмыс істейді, Тәуелсіздік кезеңіндегі оқиғаларды талқылайды, кестені 2-3 оқиғамен толықтырады. Жұмыста алдыңғы сабақтардан алған білімдерін пайдаланады.

Бағалау критерийлері:

- оқушылар мемлекетіміздің басты жетістіктері туралы айта алады.

  • Байқап көр(жұппен)

-ЕҚЫҰ туралы оқулықтың мәтінін оқыңдар.

- "Саммит"деген не екенін түсіндіріңдер.

- Саммитке қатысушы бір мемлекетті таңдаңдар.

- Мемлекет туралы ақпаратты дайындаңдар, өз еліңнің туын таңдаңдар.

Оқушылар елдің аты жазылған карточканы таңдайды, тиісті туды табады. Одан кейін елдің әлемдегі қауіпсіздікті сақтау, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстары туралы ақпарат дайындайды.

  • «Саммит» ойыны

-Өз еліңді картадан көрсетіңдер.

- Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту бойынша өз еліңнің ұстанымын ұсыныңдар.

- Әлемде қауіпсіздікті сақтау үшін идеялар ұсыныңдар.

Оқушылар өз елін таныстырады, өз хабарламаларымен сөйлейді. Ойын түрінде саммит деген не деген түсінік қалыптастырады және саммитті 55 елмен ұйымдастыру - ел үшін үлкен жетістік екенін түсінеді.

  • Сен білесің бе? (фронтальды жұмыс)

- Айдар мәтінін оқыңдар.

-Не білдіңдер?

-Бұл ақпаратты қалай түсіндіңдер?

-Бұл жетістік жоғары болып санала ма?

Оқушылар Айдар ақпаратымен танысады, оларды қалай түсінгенін, бұл жетістікті жоғары деп есептеуге болатынын түсіндіреді.

Тұрғын үй, көлік, медицина, білім сөздері бар карточкалар

Венн диаграммасы (формат А4)

Әдістемелік нұсқаулыққа

Қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №5

Таратпа парақтар

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №6

Елдердің атаулары бар тақтайшалар

Мемлекеттердің тулары

Энциклопедиялар, анықтамалар, интернет ресурстары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

(дидактикалық материалға қараңыз)

Слайд №7

Әлемнің саяси картасы

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №8

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №9

Сабақтың соңы

39-40

Рефлексия «2 минуттық эссе»

-"Мен өз елімді мақтан тұтамын"тақырыбына эссе жазыңдар.

Оқушылар 1-2 минут бойы сабақта алған білімдерін жинақтап эссе жазады.

А5 парақтары

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Слайд №10

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға ойын өткізу кезінде саммит төрағасының рөлін ұсына аласыз. "Анықта" айдарындағы тапсырманы орындау кезінде қабілеті төмен оқушылар Венн диаграммасын пайдаланбастан бір кезеңге сипаттама мәтінін жаза алады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады.

«2 минуттық эссе»рефлексиясы оқушылардың сабақ бойынша білімдерін жинақтауға, сабақтың мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік береді. Сабақ талдау, синтез дағдыларын, аудитория алдында сөз сөйлеуді дамытады.

Сабақ тақырыбының меңгерілуін бағалау:

-Қазақ хандығы кезеңіндегі ең маңызды үш оқиғаны атаңдар.

-Тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстанның үш басты жетістігін атаңдар.

Топтық жұмыс кезінде, "Саммит" ойынын өткізу кезінде оқушылардың жүріп-тұруы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу