Кәсіби мерекелер. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-тарау Болашаққа саяхат | Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сынып: | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Кәсіби мерекелер | |||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады | |||||||
Сабақ мақсаттары | Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Мереке, мамандық, мемелкеттік мереке, кйсіби мереке, т.б. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; - құрмет; - ынтымақтастық; | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, математика, тарих | |||||||
АКТ | Оқушылар суреттер мен видеолар іздестіреді. | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Болашақтағы өз аймағымның экономикасы | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі. (Ұ) «Адасқан әріптер» ойыны Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбына болжам жасау.
Ә П К І С Е К Е Р Е М /Кәсіп, мереке/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Бағалау критерийлерін шығару. | Презентация | ||||||
Сабақ ортасы 30 минут
| (Ұ) «Ой шақыру» -Кәсіби мерекелер дегеніміз не? -Қандай кәсіби мерекелерді білесіңдер? -Кәсіби мерекелер қалай пайда болған? Оқушылардың пікірлері тақтадағы постерге жазылады. Қазақстандағы басқа да мерекелерді талқылайды. (Т) «Қосжазба күнделік» стратегиясы Ұлттық және кәсіби мерекелердің түсініктемесін жазады.
/Оқушылар өздері білетін мереке атаулары бойынша кесте толтырып, топта талқылайды/ (Ж) Зерттеу жұмысы Мақсаты: Зерттеу негізінде мерекелерді анықтау. Оқушыларға әр түрлі мамандықтардың суреттері беріледі. Суреттерді көріп, мамандықтарды және қызмет ететін адамдарды атап шығады. /Оқушылар сурет бойынша мамандықтарды зерттеп, өзара жұппен ақпарат алмасады. Жинақтаған ақпарат бойынша өзара бірін-бірі бағалайды/. (Ө, Ұ, МК) «Венн диаграммасы» Оқушыларға мәтін таратылып беріледі.
Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi. Ұлттық мерекелер —Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi. Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн. Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер. /Дескриптор арқылы өзара бағалау/ Дескриптор:
(Т) «Жарнама жасау» әдісі Кәсіби мереке туралы ресурс (мәтін) таратылады, мерекелер тізімі беріледі. Оқып, талдап, ішінен бір мерекеге жарнама жасау ұсынылады. Жарнамада шаралар түрі, тағамдар, музыка, киім үлгілері қамтылуы қажет. /Топтық жұмыс дескрипторлар негізінде, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы өзара бағаланады, кері байланыс жасалады/. (Ө) (Қ) «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына эссе Оқушылар барлық мамандықтар тізімін жасайды, бір мамандықты таңдап, қызметін сипаттайды. Болашақта еліміздің көркеюіне қандай үлес қосатынын жазады. Дескрипторлар:
/Оқушылар өзара эссені оқиды, дескрипторлар арқылы бағаланады, кері байланыс жасалады/. | Постер Кесте Суреттер Венн диаграммасы Қима қағаздар Жарнама қажетті заттар Қима қағаздар | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия -Не білдік? -Не үйрендік? -Не қызықты болды? Өзін - өзі бағалау «Блоб ағашы» | Блоб ағашы | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады. | Топтық жұмыста өз ойларымен бөлісуі, батырдың қаруларын білу және сипаттауға байланысты сөздерді білуі бағаланады.
| Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да бейнеролик 3 минутқа жоспарланды. Топпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?