Қауіпсіз орта құрайық. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім: «Ғарышқа саяхат» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіз орта құрайық | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.4.3 түрлі дереккөздер негізінде жасанды ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау. 4.1.4.4 өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау. | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - жасанды ортадағы қауіптер тізімін құра алады; - жасанды ортадағы қауіпсіздік әрекеттерін анықтай алады; - ғарышпен байланысты қауіптер туралы айта алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Көптеген экологиялық апаттардың себебі не? Жазуға арналған сұрақтар: - Ғарыш жетістіктері адамзатты экологиялық апаттан қалай қорғай алады? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Экологиялық сана-сезімді дамыту | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақтілі: диалогтық сөйлеу дағдысын дамыту. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың жасанды ортада өз қауіпсіздігін жоспарлай білуін қамтиды. Экологиялық мәселелер жөнінде түсініктері бар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтажоспарланғаніс-әрекеттер | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-6 7-9 |
-Ғылым мен техниканың жедел дамуы, әлемдік көшбасшылық пен мемлекеттер арасындағы бәсекелестіктің күшеюі адамзат үшін қауіп төндіруі мүмкін бе? - Адамзаттың дамуына қарай адамдар өздерін қауіпсіз сезіне ала ма? "Бұрыштар" стратегиясын пайдалана отырып, оқушылар екі топқа бөлініп, өз болжамдарын қорғауға дәлелдер келтіреді.
| Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №2 Слайд Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №3 Слайд | |||
Сабақ ортасы 10-13 14-20 21-25 26-33 34-38 | 3.Ойлан(жұппен) - Оқулықтағы экология туралы пікірлерді оқыңдар. -Олардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Оқушылар жұптасып жұмыс істейді, пікірлерді талқылайды, өз идеяларын сыныпқа ұсынады. 4.Ботаның көмегі(фронтальды жұмыс) - Айдардағы ақпаратты оқыңдар. - "Экология"деген не? - Эколог деген кім? Оқушылар ақпаратпен танысады, "экология" терминін талдайды, эколог мамандығы туралы болжам айтады. 5. Жасанды ортадағы қауіптер (жұппен) - Жасанды ортадағы қауіптер тізімін жасаңдар. -Оларды 3 балдық шкала бойынша бағалаңдар, онда 3 балл-өте қауіпті, ал 1 балл-өте қауіпті емес. - Жасанды ортада қауіпсіз болу үшін не білу керек? - Оқулықтағы ақпаратты оқыңдар. - Жұмысты толықтырыңдар. - Өз жұмыстарыңды көрші жұппен алмастырыңдар. Бір-біріңнің жұмыстарыңды тексеріңдер. - "Экологиялық апат" анықтамасын тұжырымдап, дәптерге жазыңдар. Оқушылар жұппен жұмыс істейді, қауіптілікті талқылайды және тізім жасайды, қауіптілік деңгейін 3 балдық шкала бойынша бағалайды. Өздерін оқулықтың ақпараты бойынша тексереді. Слайд бойынша өзара тексеру, өздігінен тексеру жүргізеді. Бағалау критерийлері: - оқушылар жасанды ортадағы қауіптер тізімін құрастыра алды; - оқушылар жасанды ортадағы қауіпсіздік әрекеттерін анықтай алды. 6. Экологиялық апаттар (жеке) - Ірі экологиялық апаттар туралы оқулықтан танысыңдар. - Кестені толтырыңдар. -Бір-бірлеріңді тексеріңдер. Оқушылар өз бетінше жұмыс істейді, ақпаратты талдайды және кестені толтырады. Өзара тексеру жасалады. 7. Байқап көр (топпен) - Оқулық мәтінін оқыңдар. - Скафандр қандай функцияны орындайды? - Ғарышпен байланысты қауіптер туралы ақпаратты оқыңдар. - Оқулықтың сұрақтарын қолдана отырып, сыныпқа хабарлама дайындаңдар. Оқушыларәртүрлікөздерденалынғанақпараттыпайдаланаотырып, топтардажұмысістейді. Дайынхабарламасыныпқаберіледі. Топ жұмысын "Сандвич"әдісіменбағалайды. Бағалау критерийлері: -оқушылар ғарышпен байланысты қауіптер туралы айта алды. | Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №4 Слайд Карточкалар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №5 Слайд А4 Парағы (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз №6-7 Слайд Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №8 Слайд Таратпапарақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №9 Слайд | |||
Сабақтың соңы 39-40 | Рефлексия“Шығу рұқсатнамасы” - Экологиялық апат туралы ақпаратты оқыңдар. - Осы жағдайда зардап шегетін не екенін жазып, ортаға стикерді бекітіңдер. Оқушылар ақпаратты оқиды,басқалардың қайсысы көбірек зардап шегетінін анықтайды: су, жер, ауа және стикерді тиісті кестеге бекітеді. Кейбір оқушыларға қысқаша түсініктеме беруді ұсынуға болады. | Ақпараты бар стикерлер, орта атаулары бар кестелер Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) №10 Слайд | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға "экологиялық апаттар" тапсырмасын орындау кезінде оқушылардың жұмысын бағалауды ұсынуға болады. Қабілеті жоғары оқушыларға ғарыштың қауіптілігін зерттеу бойынша тапсырманы жеке орындауға кеңес беріңіз. | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Шығу рұқсаттамасы" стратегиясы әрбір оқушының сабақ жұмысының қорытындысын шығаруға, сабақта алған ақпаратты жүйелеуге мүмкіндік береді. Сабақ ақпаратты талдау, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бағалаңыз: - Ғарыштан адамға қандай қауіп төнуі мүмкін?
| Топтық жұмыс кезінде оқушылардың қозғалуы кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау, жазбаша тапсырмаларды орындау кезінде омыртқаны дұрыс ұстауды бақылау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?