Кәсіби мерекелердің шығу тарихы. Дүниетану, 4 сынып, дидактикалық материал.


Мерекенің шығу тарихы туралы

Мерекенің шығу тарихы ғалымдарды әрқашан қызықтырады. Археологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар айтуынша: мереке - мәдениеттің ең көне формаларының бірі. Мерекелер - ел, дәуір, халық туралы ой-пікір қалыптастырады.

Көшпелілер өмірінде мерекелеу, тойлау туралы мәліметтерді тек археологиялық қазбалардан емес, сонымен бірге сақталып қалған тасқа қашалып жазылған көне дәуірден келген суреттерден де анықтауға болады. А.Ц. Медоевтың “Наскальные гравюры”, Р.Л. Садоковтың “Тысяча осколков золотого саза”, Т. Қоңыратпаевтардың “Көне мәдениет жазбалары” еңбектерінде келтірілген қазақ мәдениетінің қалыптасу мерекелеу, тойлау, халықтық рухани қажеттілігі болғандығы дәлелденеді.

Мереке ұғымы барлық халықтардың сөздік қорында бар. Латын тілінде – festa – табынушылыққа арналған ерекше күн, көпшілік ойын-сауығы, тіршілік қуаныштары. Көне еврей тілінде – хаг, хагаг – билеу. Орыс тілінде – жұмыс істемейтін, мерекелік уақыт.

“Игі істер атқару мақсатында көңіл көтеру дұрыс, себебі көңіл көтеру – демалыс, ал үнемі үздіксіз жұмыс атқаратын адамдарға демалыс өте қажет” - деп ертеде сақ саяхатшы Анахарсис айтқан екен. Мереке – бір адамның құрметіне немесе белгілі бір жағдайға байланысты ұйымдастырылатын қуанышты күн. Мейрамның басты қасиеті - адамдарды біріктіреді және мейрам болған күні адамдар өзін еркін сезініп, бойларындағы күш-қуаттары тасып, бір-біріне қуаныш сезімдерін білдіруге тырысады.

Мереке немесе мейрам кез келген мәдениеттің маңызды көрсеткіші, өйткені қазіргі кездегі ұлттық, мемлекеттік және кәсіби мерекелер қоғамның құндылықтар жүйесін біріктіреді. Қазақ мәдениетіндегі кез келген мейрам (мереке) өзінің ынтымақтастық міндетін атқарып келеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу