Кәсіби мерекелердің шығу тарихы. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: Мамандықтар әлемі

Мектеп: ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С.

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кәсіби мерекелердің шығу тарихы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

4.1.6.1 зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстыру

 Сабақ мақсаттары

Мерекенің шығу тарихымен таныстыру;

кәсіби мерекелер туралы ақпаратты анықтап, оларды сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Дереккөздерді зерттеу негізінде мерекенің шығу тарихы туралы, олардың маңыздылығы туралы әңгімелейді,
  • кәсіби мерекелерді сипаттайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

кәсіби мерекелердің тарихын шығармашылық түрде таныстырады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

        • кәсіби мерекелер;
        • мәдениет, ғылым, білім, экономика жетістіктері;
        • ұлттық мереке (ұлт),
        • мемлекеттік мереке (мемлекет),
        • кәсіби мереке (кәсіп),
        • мамандық
        • әлемдік сахна.

Қалай (қалайша) екенін айта аласыңдар ма?

  • Қазіргі кезде қандай мамандықтар қажет?
  • Мамандықтардың пайда болуы тарихы қандай?
  • Қандай кәсіби мерекелерді білесің?
  • Неліктен кейбір мамандықтар қазір өте қажет?

Неліктен екенін айта аласың ба?

  • …бұл адамдардың есімдері тарихта қалды?

 Құндылықтарды дарыту

 

Қазақстандық патриотизм және жауапкершілік ақпарат көздерімен жұмыс жасау барысында жүзеге асады

 Пәнаралық байланыстар

Тарих пәнімен байланыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар тарихи тұлғалар мен олардың еңбектерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

1. Суретпен жұмыс. Мұғалім:

(Ж) Сурет бойынша сұрақтар құрастыру (әр жұп оқушылары стикерге сұрақтарын жазады).

Сабықтың тақырыбы мен бағалау критерийлерімен таныстыру

Презентация:

1 слайд- сурет;

2 слайд- сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері

Дидактиалық материал 1

Сабақ ортасы

3 мин

3 мин

4 мин

5 мин

5 мин

12 мин

2. Диалог арқылы оқыту. Сыни тұрғыдан дамуына арналған тапсырма.

«Мерекенің шығу тарихы туралы» мәтінімен таңысу /Оқушылар ақпаратпен танысады/

(Ж) Оқушылар «Күрделі және жеңіл сұрақтарды» дайындайды. Кезектесіп бір-біріне сұрақтарды қояды.

«Жеңіл сұрақтар» - бұл мәтін бойынша берілген нақты жауапты немесе «иә»/«жоқ» деген жауапты талап етеді, «күрделі сұрақтар» - оқушыларды ойлауға, саралауға, салыстыруға, бағалауға жетелейді.

Көмекші ретінде кесте беріледі:

«күрделі сұрақтар»

«жеңіл сұрақтар»

Түсіндіріңіз, неге ....?

Кім? Не?

.... неге олай ойлайсыздар?

Қашан?

Айырмашылығы неде?

... болғанына келісесіз бе?

... маңыздылығы қандай?

... дұрыс па?

Неліктен ..... ?

Қайда? Қандай?

 3. (Ұ) Барлық сыныпқа сұрақтар қою/жауап беру.

 Суретке қойған сұрақтарға жауабын айтып кету.

 4. Галерея ойыны. Қабырғада ілінген мереке атауларын үш топқа жіктеу: мемлекеттік, ұлттық, кәсіби мерекелерге.

Мұғалім: мерекелерді осындай топтарға жіктеуге болады. Ата Заңда мерекелер туралы айтылған (Ата Заңның мерекелерге қатысты баптармен таныстыру)

Бүгін сабақта толығырақ кәсіби мереке туралы әңгіме жұргіземіз.

 5. Топтарға бөлініп тапсырмаларды орындау (оқушыларды 4 топқа түсті стикер бойынша бөлу).

1топ: Ғылыми қызметкерлер күні – 12 сәуір,

(топта оқушылар тірек сөздер мен суреттер арқылы сипаттама жасайды)2топ: Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі (топқа суреттер беріледі)

3топ: Медициналық қызметкерлер күні - маусымның екінші күні.

Жоспар бойынша сипаттау:

  • Бұл мамандықтың кәсіби мерекесі ... тойланады.
  • Бұл кәсіби мереке ... құрметіне ұйымдастырылатын қуанышты күн.
  • Бұл мамандық біз үшін қажет, өйткені ... .

4 топ: Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі.

Сұрақтар мен суреттер бойынша сипаттау:

1) Бұл мерекені ежелгі мерекеге жатқызуға бола ма?

2)Қалай ойлайсыздар, бұл мамандықтың пайда болуы тарихы қандай?

Топтық жұмыстарының презентациясы.

Бағалау дескрипторлар бойынша:

1топ

2топ

3топ

4 топ

1 дескриптор

Тірек сөздер мен суреттер көмегімен ғылыми қызметкерлер күнің сипаттайды

2 дескриптор

Суреттер көмегімен спортшылар мерекесін сипаттайды

3 дескриптор

Жоспар бойынша медициналық қызметкерлер күнің сипаттайды

4 дескриптор

Сұрақтар көмегімен мәдениет және өнер қызметкерлер күнің сипаттайды.

Оқушылар бағалау критерийлері мен оқу мақсатына оралып, қорытынды жасайды.

Дидактикалық материал 2

Сөздік жұмыс:

3 слайд-

тасқа қашалып жазылған,

көшпелілер өмірінде,

табынушылыққа арналған

4 слайд - «күрделі» және «жеңіл» сұрақтар

Дидактиалық материал 3, 4, 5,6

 5 слайд-

Тірек-сөздер:

ұлттық мереке (ұлт),

мемлекеттік мереке (мемлекет), кәсіби мереке (кәсіп), мамандық

 Тірек сөздер:

 ғалым, Қ.Сатбаев, ғылыми жаңалықтар, технологиялық прогресс, жаңа технологиялар, ЭКСПО көрмесі

6 слайд – әр топтың дескрипторлары

 

 А-3 форматта топтық жұмыстарының бағалау кестесі, стикерлер

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 мин

Қорытынды:

  • «Сенде бр кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан» Абай ақынның сөздерін қалай түсінесіздер?
  • Қазіргі кезде қандай мамандықтар қажет? Неліктен?

7 слайд – Абайдың сөздері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация ресурстар (кесте, суреттер, тірек сөздер) көмегімен жүргізіледі.

Қабілетті оқушылар жетекші рольдер және проблемаларды шешу бойынша іс-әрекетке толығымен қатысу арқылы біршама күрделі тапсырмалар орындайды, сонымен қатар ресурстар көмегімен жүргізіледі.

Оқушылардың зерттеулерін, олардың жауаптарын тыңдау арқылы, сондай-ақ оқушылармен жұптық/топтық жұмыстар барысында бақылау және әрекеттестік арқылы, берілген дескрипторлар арқылы жүзеге асады.

Белсенді іс-әрекет түрлері.( «Галерея» ойыны)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу