Сиқырлы сызықтар. Дүниетану, 4 сынып, қосымша материал.


Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулықтар

  • "Қысқа да нұсқаМагелланның саяхаты туралы бейнероликті көруден сабақты бастаңыз. Бейнені көргеннен кейін оқушыларға Солтүстік жарты шар, Оңтүстік жарты шар, экватор терминдерін пайдалана отырып, саяхат туралы қысқаша айтып беруді ұсыныңыз. Және Магелланның экспедициясының бағытын карта бойынша көрсету керек. Тапсырма оқушыларды сабақ тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді және тақырып бойынша білімді жаңғыртады.
  • Сабақ мақсатын анықтау.Орындалған тапсырма негізінде оқушылар сабақ тақырыбын болжап, оның мақсаттарын тұжырымдайды.
  • Байланысын тап.Тапсырма талдау және синтездеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға өрмекші торы бейнесі ұсынылып, сабақ тақырыбымен байланысты табу тапсырмасы беріледі. Оқушылар глобус пен картада градустық тор өрмекші торына ұқсайтынын түсінуі керек. Содан кейін тақтаның жанында бірнеше оқушы карта мен глобуста градустық тор сызықтарына анықтама бермей көрсетуі тиіс. Оқушыларды осы сызықтарды көрсете алатынын түсіндіруді сұраңыз. Олардың жорамалдарын тыңдаңыз, содан кейін оларға оқулықтан ақпаратты оқып шығуды ұсыныңыз. Оқылғаннан кейін оқушылар олардың болжамдары дұрыс па, сызықтардың нені білдіреді деген қорытынды жасауы тиіс. Жұмыс фронтальды жүреді, оқушылардың кірісіп, талқылауына мән беріңіз. Жұмыс аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптарын комментариймен бағалаңыз: "Әсіресе маған ұнаған идея ...", "Өте ерекше болжам болған ...".
  • Терминдермен жұмыс.Сабақ терминдерімен жұмыс ақпаратпен жұмыс істей білуді дамытуға, айқын анықтамаларды қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар жұптасып (кабинетке отырғызу бойынша) оқулықтың мәтінін оқиды және "жердің білігі", "параллель", "меридиан"терминдеріне анықтама береді. Бірнеше жұптың анықтамалары тыңдалады, " жердің білігі" терминіне ерекше назар аударту керек, өйткені оның тұжырымдамасы оқушылардың бойында қиындық тудыруы мүмкін. Неғұрлым қабілетті оқушыларға қосымша әдебиеттерді немесе интернет ресурстарын (түсіндірме сөздіктер, анықтамалықтар) пайдалана отырып, осы анықтама жасауды ұсынуға болады. Оқушылар ұсынған анықтамаларды талқылау барысында ең дәл және дұрыс тұжырымдарды таңдау керек. Бұл тұжырымдамаларды оқушылар дәптерге жазады,өзін-өзі тексеруді слайд арқылы жүргізеді.
  • Глобус пен картаға зер сал. Келесі тапсырманы бастамас бұрын оқушыларға нөлдік меридиан туралы айту керек. Содан кейін оқушыларды алдыңғы тапсырмадан алған білімдерін пайдалана отырып, жұптарға бөлу керек. Оқушылардың бір бөлігі сабақ терминімен карточка алады, екінші бөлігі – осы термин анықтамасы бар карточкаларды алады. Оқушылар термин мен анықтаманы біріктіріп, осылайша өз жұптарын табады. Қабілеті жоғары оқушыларға терминмен карточканы ұсыныңыз, ал қабілеті төмен оқушыларға – анықтамамен карточканы беріңіз. Оқушылар глобус пен физикалық картаны қолдана отырып, бір-біріне меридиан, параллель, градустық торды тауып көрсетеді. Одан кейін Қазақстан, Бразилия, АҚШ, Жаңа Зеландия елдері табады және көрсетеді. Әрбір ел үшін жартышарды: Солтүстік немесе оңтүстік, батыс немесе Шығыс анықтайды. Өзара тексеру "параллельді көрсет", "қандай жартышарда Бразилия тұр" және т. б. тапсырма бойынша сұрақтар қоя отырып, көрші жұптарымен жүргізіледі.
  • Зертте.Тапсырма картамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар тапсырманы орындағанда әлемнің саяси картасын пайдаланады. Топта экваторда орналасқан елдер бар. Әрбір елдің атауын жеке стикерде жазады да жазылған елдердің санын санайды. Өзін-өзі тексеру үшін "Бота"айдарын оқиды. Содан кейін топтар кезек бойынша елдің атауы жазылған бір стикерден саяси картаға бекітеді, сол арқылы тапсырманың қорытындысын шығарып, оның орындалу дұрыстығын тексереді. Барлық 14 мемлекетті тауып, олардың картада орналасқан жерін дұрыс көрсеткен топ үздік деп танылады.
  • Анықта.Жұппен жұмыс істей отырып, оқушылар сағат белдеулерінің картасын зерделейді, олардың жалпы санын анықтайды, тәуліктермен салыстырады. Содан кейін Қазақстан сағаттық белдеулерінің картасында табады және оның қанша сағаттық белдеуі бар екенін есептейді. Оқушылар ғаламшар мен шамды немесе басқа да жарық көзін пайдалана отырып, Күн айналасындағы жердің айналуын, сағат белдеулерін және тәулік уақытын моделдейді. Тапсырма Жердің қозғалысы, күн мен түннің ауысуы туралы түсініктерді қалыптастырады.
  • Байқап көр.Оқушылар глобус пен картамен жұмыс істеу дағдысын дамыта отырып, өздері глобус моделін құру бойынша тапсырманы жеке орындайды. Оқушылардың көпшілігіне алдымен нөлдік меридианды жасыл түспен, экватор – қызыл етіп белгілеу, жартылай шарлар атауларын жазуды, содан кейін "Көркем еңбек"пәні бойынша сабақтарда алған дағдыларын пайдалана отырып, қағаз жаймаларын желімдеуді ұсынуға болады. Неғұрлым қабілетті оқушыларға ермексаздан глобус үлгісін жасауды және қажетті нысандарды түспен белгілеуді ұсынуға болады. Дайын модельдерді оқушылар сыныпта орналастырады, оларды кабинетте тақтаға ілуге болады. Оқушылар өз таңдауына түсініктеме бере отырып, ең ұнаған жұмысты таңдай алады. Осылайша жұмыстарды бағалау жүргізіледі.
  • «Бүлінген хат».Сабақтың қорытындысын шығарып, алған білімдерін бекіте отырып, оқушыларға саяхатшыдан ағып шыққан құмырадан табылған хатты қалпына келтіруді ұсыныңыз. Алдын-ала құмыраға хатты салып, оларды оқушылар арасында көңіл-күй туғыза отырып қағазды алуға болады. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, сабақ терминдерін бос орындарға қояды. Дайын жұмыстарды талдау оқушылардың сабақ мақсаттарына қол жеткізуін бағалауға көмектеседі.

Жауабы:

Бос орындарға сөздерді қойып, мәтінді толықтыр:

Экватор сызығы жерді жартышарларға бөледі. Экваторға қатарласа сызылған сызықтарды параллельдер дейді. Бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілген сызықтарды меридиан деп атайды. Бастапқы нөлдік меридиан Гринвич сызығы Лондон қаласының маңынан басталады. Бұл сызық жерді батыс және шығыс жартышарларға бөледі. Халықаралық келісім бойынша Гринвич сызығынан басталатын нөлдік сағаттық белдеу шығысқа қарай 24 сағаттық белдеуге бөлінген.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу