Сиқырлы сызықтар. Дүниетану, 4 сынып, сабақ жоспары.
«Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар, 4 сынып
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім: «Қоршаған ортаны қорғау» Күні: Сынып: 4 | Мектеп Модератор: Сейтахметова Ж.М. Қатысқандар саны: Қатсыпағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Сиқырлы сызықтар | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.1.3 глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, экваторды көрсете білу | ||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар - «меридиан», «параллель», «жердің білігі» ұғымымен танысады; • экватор, меридиан, параллель, градус торын, полюстерді картадан және глобустан табуды үйренеді. | ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -глобуста пен картада параллель, меридиан, экваторды көрсетеді; - экваторда орналасқан мемлекеттерді табады; - глобус үлгісіне меридиан, параллель және экваторды белгілейді. | ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - "меридиан", "параллель", "жердің білігі" ұғымдарын түсіндіре алады. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Параллельдер меридианнан немен ерекшеленеді? - Картадағы ұзындығы бірдей сызықтар: параллельдер ме, әлде меридиандар ма? Неліктен? Жазуға арналған сұрақтар: - Жердің білігі дегеніміз не және неге олай аталады? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады. Адалдық –әділ баға беруге үйрену арқылы жүзеге асады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу өнері: сызбалар мен қағаз жаймалармен жұмыс. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың карталар және олардың шартты белгілері туралы, бір-біріне қатысты кеңістіктегі объектілердің орналасқан жері анықтау туралы білімдерін қамтиды. Глобус пен картаның ерекшеліктерін біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-6 7-8 |
-Магелланның саяхаты туралы бейнероликті көрсетіңіз. - Өткен сабақтың терминдерін пайдалана отырып, саяхат туралы айтып беріңдер. - Магелланның маршрутын мөлшермен карта бойынша көрсетіңдер. Оқушылар бейнероликті көреді. Магелланның саяхаты туралы қысқаша айтады: Солтүстік жартышар, Оңтүстік жартышар, экватор.
-«параллельдер», «меридиандар», «экватор»ұғымдарымен танысу. -глобус пен картадан параллельдерді, меридиандарды, белдеулерді, экваторды көрсете білу. | https://www.youtube.com/watch?v=bzs96VN84D0 2.10 сек дейін Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №2 Әдістемелік нұсқаулыққа Слайд №3 | |||
Сабақтың ортасы 9-13 14-18 19-22 23-27 28-33 34-38 |
-Өрмекші торы суретін қараңдар. - Осы сурет пен сабақ тақырыбы арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? - Карта мен глобуста осындай сызықтарды көрсете аласыңдар ма? -Олар нені білдіретінін болжай аласыңдар ма? - Оқулықтағы мәтінді оқыңдар. - Болжамдарың дұрыс па екен? Оқушылар сұрақтарға жауап береді, карта/глобуста сызықтардың мәні туралы болжам жасайды. Содан кейін сабақтың негізгі терминдеріне назар аудара отырып, оқулықтағы ақпаратты оқиды. Ұсынылған болжамдар мен оқулықтың ақпаратын талдай отырып, қорытынды жасайды.
-Оқулықтағы мәтінді тағы бір рет оқыңдар. - "Жердің білігі", "параллель", "меридиан"анықтамаларын тұжырымдаңдар. - Слайдпен өздеріңді тексеріңдер. - Дұрыс анықтамаларды дәптерге жазыңдар. Оқушылар белгіленген сөздерге назар аудара отырып, оқулықтың мәтінін оқиды. Жұптарда анықтамалардың тұжырымдарын талқылайды, өз идеяларын сыныпқа ұсынады, өзін слайдпен тексереді. Анықтамалардың соңғы нұсқасын дәптерлеріне жазады.
Оқушыларға нөлдік меридиан туралы айту керек. - Карточкаларды пайдаланаотырып, жұптарыңды табыңдар. - Глобус пен картада экватор, меридиан, градустық тордыкөрсетіңдер. - Қазақстан, Бразилия, АҚШ, Жаңа Зеландия қандай жартышарда орналасқан? Оқушылар терминді анықтау арқылы өз жұбын табады. Содан кейін бір-біріне берілген нысандарды глобус пен картада көрсетеді. Солтүстік немесе оңтүстік, шығыс немесе батыс елдері үшін жартышарларды анықтайды. Жұптармен өзара бағалау жүргізеді. Бағалау критерийлері: -глобуста пен картада параллель, меридиан, экваторды көрсетеді.
- Экваторда қандай мемлекеттер орналасқан? -Оларды тауып, елдің атауын жекестикерлерге жазып алыңдар. -Қанша ел атауларын жаздыңдар? -"Бота" айдарының ақпаратын оқып, өздеріңді тексеріңдер. Оқушылар экваторда орналасқан мемлекеттерді табады, олардың атауларын стикерде жазады. Тексеру үшін стикерді картаға жартышарға, тақтаға бекітеді. Бағалау критерийлері: -экваторда орналасқан мемлекеттерді табады; - глобус үлгісіне меридиан, параллель және экваторды белгілейді.
-Сағат белдеулерінің картасын қарастырыңдар. -Қазақстан қай сағаттық белдеуде екенін анықтаңдар. -Еліміздің аумағында қанша сағаттық белдіктер бар? - Глобус пен шамның көмегімен жердегі сағат белдеулерін ауыстырыңдар. Оқушылар оқулықпен, сағаттық белдеулер картасымен және глобуспен жұмыс істейді. Қойылған сұрақтарға жауап табады. Эксперимент барысында сағат белдеулерінің ауысуын көрнекі түрде көрсетеді. 8.Байқап көр(жеке) -Масштабтау арқылы глобус үлгісін жаса. - Нөлдік меридианды жасыл түспен, экваторды қызыл түспен белгіле. - Жартышарды жаз. Оқушылар глобус үлгісін жинайды. Алдымен түстермен меридиан мен экваторды белгілейді, жартышарды атап жазады, содан кейін қағаз жаймасын желімдейді. Дайын үлгілерді сыныпта орналастырады. Бағалау критерийлері: - глобус үлгісіне меридиан, параллель және экваторды белгілей алады. | Глобус, жартышардың физикалық картасы Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №4 Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №5 Глобус, жартышардың физикалық картасы Кілттік сөздер мен анықтамалары бар карточкалар (дидактикалық материалға қараңыз) Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №6-7 Әлемнің саяси картасы Топқа арналған стикерлер 14 данадан Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №8 Сағаттық белдеулер картасы Глобус, шам Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №9 Глобус жаймасы, қайшы, желім Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №10 | |||
Сабақтың аяғы 39-40 | «Бүлінген хат» (жеке) -Бос орындарға сөздерді қойып, мәтінді толықтыр: Экватор сызығы жерді ………..………….. бөледі. Экваторға қатарласа сызылған сызықтарды ………………… дейді. Бір полюстен екінші полюске қарай шартты түрде жүргізілген сызықтарды …………………. деп атайды. Бастапқы нөлдік …………………. Гринвич сызығы Лондон қаласының маңынан басталады. Бұл сызық жерді ……………… және …………. ………………. бөледі. Халықаралық келісім бойынша Гринвич сызығынан басталатын нөлдік сағаттық белдеу шығысқа қарай 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Оқушылар таратпа парақтарын таратылады, олар бос орындарды толтыру керек. | Таратпа парақтар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз (дидактикалық материалға қараңыз) Слайд №11 | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға шығармашылық сипаттағы тапсырма ұсынуға болады:ермексаздан және басқа да қолда бар материалдардан глобус моделін жасау. Қиялды дамытуға және проблемалық жағдайларды шешуге арналған шығармашылық сипаттағы тапсырма: "Егер Жер Күнді басқа жылдамдықпен айналатын болса, не болар еді? Сағат белдеулерінің саны қалай өзгерер еді?” | Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау әдістері қолданылады. "Бүлінген хат" стратегиясы сабақтың мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік береді. Сабақ глобуспен жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Оқушылардың дағдыларын сұрақтардың көмегімен бағалаңыз: - Меридиан мен параллель немен ерекшеленеді? - Экваторда қанша ел орналасқан? - Жерде қанша сағаттық белдіктер бар? | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысындақауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?